Бұқпантай қаржыгер

      Еліміздің озбыр билігінің сенімді кассирлерінің бірі Андрей Иванович Коржов (1956-2015) болған еді. ҚР қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржованың күйеуі бұқара халқы үшін аса танымал емес. Тіпті, орасан зор ақпарат көзі Интернеттің өзінде оның фотолары болған жоқ. Әлгі қаржыгердің телефон әңгімесін жария еткен білімпаз Рахат Әлиевтің өзі А. Коржовтың бейнесін көрсете алмады. 2010 жылы, шошақай журналис Ғазиз Тоғызбаев ірі алыпсатар Владимир Нидың жерлеуінің кезінде талай байлар мен әкімдердің жүзін сүретке түсірді. Тыңшы Тоғызбаевтың фотокамерасынан ешкім жалтарып жүрмеді. Тек қана, осы мақаланың басты кейіпкері аталған фототілшіні көргенде, сырт айналды. Ықпалды «Форбс Қазақстан» журналының редакциясы да оның өліміне қатысты көңіл айтқанда осы кісінің фотосын тауып алмады. Қай себептен ол бой тасалап өмір сүрген?

Андрей Коржов түрік кәсіпкері Айтекин Гултекиннің артында тұр, 2008 жылы.
Андрей Коржов түрік кәсіпкері Айтекин Гултекиннің артында тұр, 2008 жылы.

      1993 жылы, «Тұран банкі»-нің жетекшісі Ораз Бейсенов пен оның орынбасары Андрей Коржовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қос қаржыгер пәлен келісім-шарт жасасуы үшін қомақты сыйлықты алды. Сол үшін, құқық қорғау орындарымыз О. Бейсенов пен А. Коржовты жауапкершілікке тартты. Бірақ, аталған банк жекеменшік қаржы ұйымы емес пе? Сондықтан, олардың сыйлығы мемлекеттік мекемелерде тыйым салынған парақорлық санатына жатпайды. Дегенмен, сол кездегі қатаңдау тергеушілер мен қазы-билер қазіргі жемқор қызметкерлерге тән саудагер әдеттерінен аулақ болды. Тәртіп сақшылары қос тұтқындарды құтқаруына ұмтылған олардың қалталы туыс-достарының жалбаруына құлақ аспады. Қайткен күнде де, қамауға алынған банкирлерді босатпау керек еді. Сол себептен, бұрынғы қисынсыздау айыбының орнына қуғыншылардың жаңа сылтауы қылтиып шықты. Айыпкерлер «жалған құжат жасауы (подлог)» үшін темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. Бірнеше жыл бойы қапаста отырған О. Бейсенов пен А. Коржов, өмірбаянының масқара кезеңдеріне қарамастан жауапты әрі табысты лауазымдарға тағайындалған. Әсіресе, Андрей Ивановичтің жұлдызы оңынан туды.

         Ол Қазақстан Республикасы президентінің Іс басқармасы бастығының орынбасары боп істеді. 1999-2005 жылдардың аралығында, «Қазақмыс» Акционерлік қоғамы директорлар Кеңесінің мүшесі болды. Табысты өмірінің соңғы кезеңінде, неше түрлі үкіметтік резиденцияларды басқаратын «Наурыз» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорының қызметін атқарды. Коржов мырзаны танитын қаржыгер әріптестері бұндай жағдайға таңдай қақты: «Мынау не? Түрмеде отырған кісіге аса маңызды лауазымдарды сеніп тапсыруға бола ма?!» Әрине, осындай аңғалдау сұрақтарға жырынды замандастарымыз мырс етпек. Кеңес Одағы тұсында, қылмыс үшін айыпталған Амалбек Тшанов озбыр Н. Назарбаевтың әмірімен Шымкент қаласының әкімі боп істеді, Жамбыл өңірінің де жетекшісі ретінде жалғанның қызығын көрді. Ресми түрде 40 жылға бас бостандығынан айырылған Рахат Әлиевтің ұлы, Нұрәлі, қашқын әкесі көзі тірісінде Астана қаласы әкімінің орынбасарлығына тағайындалған еді. «Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» дегендей, қазіргі каста қоғамымыздың бұндай ерсі қылықтары баршылық. Көне Римнің қанды балақ императоры Калигула сенат мүшесі ретінде өз жылқысын тағайындаса, жиырма бірінші ғасырдың Қазақстанының рушыл басшылары да оңып тұрған жоқ. Оның үстіне, Сарқан казактары Андрей мен Наталья Коржовтардың табиғатына біткен сараңдығы мен қаталдығы руханият, кеңшілдік сияқты адами қасиеттермен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бейнелеп айтқанда, шөлден өліп бара жатсаңыз да, Сарқан казактары сізге бір тамшы су бермейді. Міне, қарабайыр қазақтарды терідей илейтін дәл осындай обыр отбасы қанаушы билік табына ауадай қажет.

Тайыр Мансұров қолын шығарды.
Тайыр Мансұров қолын шығарды.

         Еліміздің жанашырларының шынайы егемендікке қарай ұмтылысына неше түрлі зиянкестер тұсау салуда. Мысалы, Коржовтардың досы әрі жерлесі башқұрт Тайыр Мансұров – жоғары дәрежедегі ресейлік жанкүйерлердің бірі. Ол мыс алпауыты Владимир Киммен құдалас. 1994-2002 жылдардың аралығында, Ресейдегі ҚР елшісі ретінде, ол республикамыздағы солтүстік көршіміздің мүдделерін қорғауына септігін тигізді. Мысалы, қазақтың ең сапалы бидайы Мәскеу азық-түлік нарығына арзан бағасымен сатылған. 2003-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан өңірінің әкімі болғанда, Т. Мансұров Петропавл қаласына Қызылжар деген тарихи атауын қайтармауы үшін бәрін салды. 2007-2014 жылдардың аралығында, Сарқан башқұрты Еуразия экономикалық қауымдастығының Бас хатшысы ретінде мемлекетіміздің дербестігін әлсіретуімен қарқынды түрде шұғылданды. Қазіргі таңда, ол оңай әрі табысты Еуразиялық экономикалық комиссиясының Энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа мүшесі лауазымын иемденді. Коржовтардың осындай башқұрт тілеулесі бар! Бірақ, тағы бір демеушісі олардың тақиясына тар келмес. Қырғыз халқының көрнекті саясаткері Нұртай Әбіқаев «маңқа қазақтар»-дің талайын жөнге келтірген. Ғалымжан Жақиянов пен Мұхтар Жәкішев тәріздес іскерлі қаракөздеріміз саясаткерлер ретінде келмеске кеткен жан иелері. Есесіне, шау тартқан қырғыз кейіпкері әлі күнге дейін тұғырынан тайған жоқ.

Нұртай Әбіқаевтің қырғыз туыстары.
Нұртай Әбіқаевтің қырғыз туыстары.

         Осыдан сегіз жыл бұрын, 2008 жылдың 15 қаңтарында, Мәскеудегі РФ президентінің жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресейлік академиясында А. Коржов экономика ғылымдары бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Оның тақырыбы: «ТМД кеңістігінің жағдайындағы Қазақстанның өнеркәсіп-инновациялық дамуының стратегиялық басымдылықтары». Әрине, бұндай қалталы үміткер үшін диссертациясының қорғауы сөз жүзіндегі формалдық жиын болып шықты. Әлбетте, осындай оқиға үшін Коржов мырзаның ең жақын адамдары жиналған. Олардың арасында сол кездегі Ресейдегі ҚР елшісі, экономика ғылымдарының докторы Н. Әбіқаев үміткердің ресми қарсыласы ретінде төбесін көрсетті. Бәрекелді! Қазақстан мен Ресей қатынастарындағы Қызылорда аймағына гептил шашылуы немесе Қостанай өңіріндегі Огнеупорный қыстағымыздың Ресейге соғыссыз берілуі сияқты өзекті мәселелерінің шешімін таппай, әңгүдік елші ішкен асын жерге қойып  түрмеде отырған «экономист» Коржовтың диссертация қорғауына асығып кетті. Жә, Мильтон Фридман немесе Түймебай Әшімбаев сынды көрнекті экономистерді естуім бар. Алайда, Коржов немесе Әбіқаев деген «экономистерді» танымаймын. Әрине, Андрей Иванович күшті қаржыгер, білікті бухгалтер болған еді. Бірақ, экономика деген күрделі ілімін толықтай меңгеруіне оның миы жетпеді. Дәлел ретінде, осы «диссертация»-дан келесі дәйексөзді келтіруге рұқсат етіңіз. Ірі капиталист елдердің пайдасы үшін жұмыс істейтін Әлем сауда ұйымын «доктор» Коржов былай мадақтап тұр: «Поэтому вступление Казахстана в ВТО и развитие регионального экономического сотрудничества является приоритетом, способным стимулировать конкуренцию на внутреннем рынке, обеспечить беспрепятственный доступ отечественных товаров и услуг на рынки других стран». Бұл не деген сауатсыздық? Шетел нарығы түгіл, жергілікті базарындағы отандық өндірушілердің Ресей, Қытай немесе Түркияның тауарларына төтеп бере алатыны түрі жоқ.

         Бұқпантай қаржыгер ғалым ретіндегі өз шикілігін іштей сезген шығар. Сондықтан, ол баса назарын алыпсатар келісімдеріне аударған. Доңыздай Коржов пен ит жегіш Нидың қазақ байлықтарын үлестіруі жөніндегі телефон әңгімесі ғалам тордың пайдаланушыларына таныс дүние. «Қазақмыс»-тың жетекшілерінің бірі Олег Новачук те Коржов мырзамен жиі ақылдасатын. Сондай айғақтарға қарағанда, озбыр Назарбаевтың қылмыс империясындағы Андрей Ивановичтің кеңесші ретіндегі мәртебесі де жоғары болған еді. Оның әйелі, Наталья Артемовна Коржова (Полийчук), 1996-1998 жылдардың аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ретінде қызмет етті. Н. Коржованың реформасының салдарынан қатардағы азаматтардың зейнет жасы ұлғайды, зейнетақылары кеміді. Есесіне, министр ханым өз зейнеткер шешесіне Мәскеудің керемет аудандардың бірінде әп-әйбат пәтерді сатып алды. Сондықтан, дәрігер Нина Полийчук қамқоршы қызының арқасында зейнетақы реформасының ызғарынан аман қалды. Сұмдық реформасының тағы бір авторы – ебрей банкирі Григорий Марченко. Ол Андрей мен Наталья Коржовтардың баласы Максимнің кіндік әкесі. Өз кезегінде, Н. Коржова Г. Марченконың баласы Ярославтың кіндік шешесі. Сайып келгенде, олардың жан-жақты қарым-қатынастары іскерлі әріптестігімен ғана шектелмейді. «Ағама жеңгем сай» демекші, 2009 жылдың девальвациясының әкесі Григорий Марченко Коржовтардың жылпос әулетінің лайықты досы.

         А. Коржовтың туған інісі Михаил де қаржы мәселелердің жілік майын шаққан қайраткер. Әлгі Миша атышулы «Алматыжер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директорының бірінші орынбасары боп істеді. Неткен дарынды кісі! Бәлкім, бұндай жауапты лауазымға орналасуы үшін ол геодезия, картография мен сәулет өнерінің игерген шығар? Кім білсін? Әйтеуір, 2007 жылдың қаңтар айында «Алматыжер» мен «Құрылыс» компаниясы азаматтық іс арқылы Алматы тұрғыны, мүгедек Андрей Крылов пен оның отбасын мәжбүрлеп көшіргісі келді. Айтпақшы, М. Коржов сот мәжілісінің жөніндегі хабарламаларын тіпті қабылдап алуынан бас тартты. Сараң коржовшылардың болмашы өтемақысына кім қанағат тұтпақ? Сондықтан, мүгедектің өзі наразылығын танытты. «Данышпан» М. Коржовтың келесі белесі – «Алматы жылу» холдингі бас директорының жылы орны. Мүмкін, жер мәселелерімен қатар Миша ағай энергетика сияқты күрделі ғылымды еркін меңгерген шығар? Кім білсін? Әйтеуір, жаңа лауазымында да Коржов мырзаның басы дау-дамайдан арылмады. 2012 жылдың 15 наурызында, «Время» газетінде журналис Геннадий Бендицкийдің «Кто нагрелся на мазуте» атты мақаласы жарық көрді. Оның мынадай дәйексөзі біраз жайдың бетін ашады:

«Но вот что особенно интересно: в обеих этих историях ­ и в прошлогодней с аховым строительством  ЦТРП, и в нынешней с мазутом ­ не иначе как по чистой случайности фигурирует один и тот же ключевой персонаж. Причем, как говорится, широко известный в узких кругах. Зовут его Михаил Иванович КОРЖОВ. В начале прошлого года, когда разгорелся скандал со строительством ЦТРП, он сначала был главным акиматовским инспектором по вопросам строительства ­ именно он на совещании “нагибал” строительные компании, чтобы те спонсировали этот проект. Потом он занимался вопросами развития энергетического комплекса южной столицы ­ именно в это время бюджетные средства и собранные в добровольно­принудительном порядке с предпринимателей деньги ухнули в офшоры. Теперь Михаил Иванович генеральный директор того самого госпредприятия “Холдинг “Алматы Жылу”, под носом у которого испарился резервный мазут на миллион с лишним долларов. Испарился как раз из резервуаров того самого недостроенного ЦТРП».

         Сөз жоқ, бұқпантай А. Коржов басқарған пысықай әулетімен қатар тағы бірнеше жасырын байлар көмескі істерін жүргізуде. Мысалы, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Сергей Терещенко «Трансаэро» ресейлік әуе компаниясы акцияларының 15 пайызына иелік еткен. Не үшін ресейліктер С. Терещенкоға акцияларының қомақты пакетін табыстады? Өйткені, тоқсаныншы жылдардың басында жылпос хохол «Трансаэро» үшін елімізде өте-мөте қолайлы жағдай жасады. Сондықтан, Қазақстан мен Ресей арасындағы тиімді әуе бағыттары негізінен «Трансаэро»-ның үлесіне тиді.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
73 views

Leave a Reply