Колбиннің бейтаныстау суреті

Партия және мемлекеттік қайраткері Геннадий Колбин (1927-1998) аса іскерлі, кішіпейіл адам болған еді. Ульяновск аймағын басқарғанда, осы өңірде кең етек алған алкоголизммен күресті, жоғары технология кәсіпорындарын ашуына септігін тигізді. Кеңес Одағы бойынша маңызды лауазымдардың иесі болса да, парақорлықтың індетіне шалдыққан емес. Туған қызына мұра ретінде Мәскеудегі қос пәтерлерін ғана қалдырды. Одан басқа байлығы болған жоқ.

guryev2

Солдан оңға қарай: Қабдрахман Наурызбаев, А. Құлыбаев пен Г. Колбин. Гурьев қаласы, 1987

Чуваш халқының біртуар перзенті, Геннадий Васильевич КСРО жетекшілерінің арасында ұлт мәселесінің ең үлкен мамандардың бірі болған еді. Гүржістан мен Қазақстан сияқты ұлт құрамасы күрделі республикаларға сауатты басшылық етті. Елімізді басқарған тұсында, Колбин жолдас көптеген қазақтар үшін жаңа тұрғын үйлердің салуын қамтамасыз етті. Түркітілдес халқының өкілі ретінде, Геннадий Васильевич кейбір баяндамаларын қазақша айтатын. Кәрішал Асанов тәріздес сыншыл адамдарды қуғын-сүргінге салған жоқ.

Алматыдағы 1986 жылдың желтоқсан айында орын алған қақтығыстарда мейрімді Колбиннің кінәсі жоқ. Дінмұхамед Қонаевтың айтуынша, желтоқсан оқиғасының кесірі Назарбаев сияқты мансапқорлар әрекетінің нәтижесі. Оған қоса, Михаил Горбачевтің асығыс-үсігіс кадрлық шешімдері қасіретті оқиғаның тағы бір себебі болып табылады. Ең алдымен, Колбин секілді аса білгір жетекшіні Қонаевтың бірінші орынбасары ретінде тағайындаса, құда да тыныш, құдағи да тыныш болар еді. Ал, біраздан соң Геннадий Васильевичті қазақ коммунистері бастығының лауазымына ұсынуы орынды болар еді.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
16 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.