Ақпараттық технологиялардың ордасы

Еліміздің “Ақпараттық технологиялардың Қазақстандық Ассоциациясын” радиоинженер мен қаржыгер Нұрлан Құрманғалиұлы Исин басқаруда. Бұл кісі қазақ “электрондық үкіметі” және қаржы жүйесінің ақпараттандыру шараларына өз үлесін қосты. Орысша оқытылған маман болса да, Нұреке ана тіліміздің дамуына барша назар аударады. Мысалы, осы қауымдастықтың www.itk.kz ресми сайты әдемі түрде қазақшаланған. Білікті сарапшы ретінде Исин мырзаны әңгімеге тарттық.

isin

Нұрекеңнің пікірінше, қазақ электрондық пошта қызметінің жетіспеушілігі біздің өркендеуімізге нұқсан келтіруде. Отандастарымыз көбінесе шетелдік электрондық мекенжайларын пайдалануда. Мемлекет тарапынан, “электрондық үкімет” бағдарламасының аясында төл поштамыздың қалыптастыруына ден қойылады. Алайда, жалпыұлттық поштамызды құру үшін жеке компаниялардың инвестициялары мен мамандары ауадай қажет. Айтпақшы, оның айтуынша, қазақ антивирусының дамытуымен де ешкім әзірше шұғылданбады. Осы жағдай да, кемшілік емей немене?

Жарайды, электрондық хаттармен алмасуы мен антивирус қорғанысы көбінесе қатардағы тұтынушылардың санатына жататын дүниелер. Ал, Қазақстанда аса өнімді есептеу машиналарының (суперкомпьютер) хал-жағдайы қандай? Исин мырзаның хабарлауынша, елімізде дамыған мемлекеттердей тәріздес керемет суперкомпьютерлер жоқ. Соның өзінде, біздің орташа деңгейдегі бірнеше суперкомпьютерлер толығымен пайдаланбайды. Өйткені, біздің ғылым саласы онша дамыған жоқ, сондықтан ғалымдарымыздың тарапынан аса өнімді есептеулерге сұранысы айтарлықтай емес. Әрине, суперкомпьютерлердің деңгейі жоғары болса, бұл елдің бәсекелестігі  көрсеткіштерінің бірі.

Ақпараттық технологиялардың тағы бір маңызды мәселесі – жасанды парасат (artificial intelligence). Кеңес Одағының марксист-ленинист ойшыларының пайымдауынша, есептеу машиналары ешқашан адам ойлау қабілетіне жете алмайды. Себебі, компьютерлер қоғамның мүшелері емес, ал парасат иелерінің бәрі дерлік тек қана қоғамның шеңберінде қалыптасады. Нұрекеңнің пікірінше, машиналар да уақыт өткен сайын адам ойлау қабілетіне жете алмақ. Өйткені, тірі жандар да есейген соң ғана өз парасатын жетілдіреді. Сонымен қатар, адамдардың парасат деңгейі де біркелкі емес. Демек, Исин мырзаның пайымдауынша, есептеу машиналарының ойлау қабілетінің болашағы бар.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
7 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.