Ақтөбедегі атыстың шынайы себебі

Бүгін, еліміздің батыс өңірінде тағы бір жан түршіктіретін оқиға орын алды. Ресми деректердің бойынша, Ақтөбедегі қару-жарақ дүкендеріне мен ҚР Ұлттық ұланының әскери бөлімшесіне белгісіз адамдар шабуыл жасады. “Паллада” дүкенінің сатушысы қаза тапты, бір адам жарақат алды. Әскери бөлімшесінің офицері мен жауынгері өлтірілген, тоғыз қызметкерлері жарақатталған.  Шабуыл жасағандардың арасында үш адам қаза тапты, біреуі тұтқындалған және біреуі жарақат алды. Бірнеше шабуылшылар қашып үлгерді.

akto 1

Қазақстандағы оппозиция мардымсыздау. Осындай батыл әрекеттер оның қолынан келмейді. Бұл қасіретті оқиға – Мәскеудің айтағындағы Астана-Сатананың кезекті провокациясы.  Елімізді Сирия мен Украинадай бөлшектеуі үшін қазақтарға қарсы мынадай террорлық актілер ауадай қажет. Тергеу басталмаса да, қанды балақ биліктің ресми өкілдері мифологиялық исламистерді айыптай бастады. Әрине, қауіпсіздік комитетінің аясында істейтін антитеррорлық орталығы алдын-ала өтіріктерін дайындады.

akto 2

“Екі нар сүйкенсе, арасында шыбын өледі” демекші, батыстағы бұқара халық биліктің провокациясынан зардап шегуде. Ұялы байланыс пен ғаламтор қызметінің сапасы күрт төмендеді. Себебі, қанаушы таптардың пайымдауынша Ақтөбенің қатардағы тұрғындары да сезікті адамдардың қатарына жатады. Сайып келгенде, биыл ақсап кеткен 21-ші мамырдың шерулері Қара Орданың зымиян жоспарына нұқсан келтірді: байсалды халқымыз биліктің арандатушы қимылдарына жол бермеді. Енді, Қытай мен Ресейдің алдында бәйек қағатын сатқын үкімет Қазақстандағы жағдайды одан әрі шиеленістіруі мақсатында басқа амалдарын іздестіруде.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
47 views

Leave a Reply