Саудагердің қытымырлығы

“Скиф-Трейд” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иелік ететін SMALL дүкендерінің желісі – Алматы қаласының сауда саласы көшбасшыларының бірі. Осы табысты кәсіпорынның иесі – миллиардер Әнипа Әбішқызы Назарбаева. Қатардағы есепші болса да, әлемдегі ең бай әйелдердің санатына кірді Шамалғанның тумасы.  Баяғыдан бері, Қазақстандағы қаншама іскер әйелдер жігерлі түрде кәсіпкерлікпен шұғылданады! Сүйініш Байтасова сонау сексенінші жылдарда аты-шулы “Балалар әлемі” дүкенін басқарды. “Алматыкітаптың” иесі Элеонора Баталова да тепсе темір үзетін қыз-жігіт емей немене?! Соның өзінде, осындай пысық ханымдар сиқырлы Әнипаның тырнағына да татымайды. Табысқа жетелейтін жолдарға көз жүгіртейік.

small logo

2016 жылдың мамыр айының ортасы. Сағаттың тілі кешкі сағат онға тақады. Әуезов пен Шевченко көшелерінің қиылысында орналасқан SMALL дүкенінде аласа бойлы, денесі нәзік орыс келіншегі сауда жасады. Оның қараторы баласы Әмір шешесінен тәтті тағамды сатып алуының қыңқылдап сұрады. Қаржы-қаражаты шектелген әйел ақыр соңында арзандау кондитерлік бұйымды таңдап алды. Оған қоса, кешкі сағат сегізден кейін әлгі дүкендердің желісі аспаздық бөліміндегі бүткіл тауарларға отыз пайыздық жеңілдігін жариялады. Оның кассасында орыс келіншегі “Виза Электрон” қарапайым карточкасымен есептесті. Бірақ, дүкеннің жарнамасы өтірік боп шықты. Шын мәнінде, аталған жеңілдік тек қана нан бұйымдарын қамтиды.

Рас, алғашқы кезеңде бүкіл аспаздық бұйымдарға кешкілік жеңілдік берілген еді. Көптеген сатып алушылары бұндай тиімді жағдайға бейімделген көрінеді. Дегенмен, ірі алыпсатар Әнипаның жылпос нөкерлері жеңілдік туралы жарнаманы алып тастамай, осы науқанның шеңберін нан бұйымдарымен шектеді. “Теңге – тиыннан” демекші, шіріген байдың капиталы осындай ұнамсыз жолмен көбейтіледі. Әлеуметтік жағдайы төмендеу отбасының болмашы ақшасы да Назарбаеваның байлығына үлес қосуда.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
26 views

Leave a Reply