Байланыс саласының кемшіліктері

Алматы қаласындағы Жамбыл мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Қазпошта»-ның байланыс бөлімшесі майда теңге орнына кейде керек емес газеттерді клиенттеріне береді. 2016 жылдың 31 мамырында, мен коммуналдық төлемдерді жасадым. Ал, қайтарылуға тиіс теңгелердің орнына байланыс бөлімшесінің Айнұр Жылқыбаева есімді кассирі маған бес күн бұрын, яғни 2016 жылдың 26 мамырында, шыққан газетті берді. Мысалы, менде ақша жетпесе, мен әлгі кассирге пәлен заттарымды берсем, ол одан бас тартады. Ал, неге маған олардың тарапынан ақша орнына керек емес заттар беріледі?! Бұндай әрекет, ірі компанияның өкілдігіне мүлдем жараспайды. Осылай кішігірім киоскерлер немесе ұсақ таксисттер ғана істейді. Айтпақшы, аталған байланыс бөлімшесінде маған талай рет майда ақшаның орнына керек емес газеттерді тықпалады. Сондықтан, мен олардың Астанадағы штаб-пәтеріне шағым жолдадым. Байланыс монополисті жауап ретінде жәй ғана кешірімді сұрады. Әрине, олар маған келтірілген материалдық шығынды өтеуге асықпас.

Бүгінгі заманның бетке ұстар технологиялары жылдам әрі сапалы байланыс қызметін қамтамасыз етуге тиіс еді. Алайда, жиырма бірінші ғасырдың қарқынды қозғалысы түгіл, «Қазпошта»-ның шабан жұмысы өткен ғасырдың баяу тіршілігінің артында қалды. 1912 жылы, атақты жазушы мен тарихшы Мариэтта Шагинян (1888 – 1982) ұлы композитор, дирижер мен пианист Сергей Рахманиновпен (1873 – 1943) хат алмасты. Керемет өнер қайраткерлерінің жазбаша достастығы Мәскеу мен Петербургтің арасында өтті. Бір қызығы, жылдам ұшақтары мен жүрдек автокөліктері жоқ Ресейдің патшалық поштасы осы данышпан тұлғалардың хаттарын бір күн ішінде жеткізетін. Экспресс жіберілімі емес, кәдімгі хат жеткізуі. Осы ғажайып жағдайлар туралы сіз Мариэтта Сергеевнаның «Человек и время» естеліктерінен толығырақ оқи аласыз. Сіз қазір Алматыдан Астанаға хатты жіберсеңіз, сіздің адресатыңыз оны мүмкін бес-алты күннен кейін ғана алады. Көрдіңіз бе, Қазақстан байланыс саласы қалай ақсап қалды! «Қазпошта»-ның қымбат тарифтері мен шабан қызметі еліміздің экономикасына да тұсау салуда. Мысалы, қытайлық байланыс кәсіпорындары шетелге жіберілетін қытай тауарларын үлкен жеңілдіктерімен немесе тіпті тегін жөнелтеді. Сараң қазақ байланысшылары осындай ұлтжандылыққа бармайды. Оған қоса, шетелден келетін бандерольдер Қазақстаннан сыртқа шығаратын жіберілімдерден әлдеқайда арзан.

Кеңес Одағының біртуар әзіл-сықақ әртісі Аркадий Райкин сарт құрылысшыларының енжарлығын мазақтап, өз миниатюрасында былай деді: «Анау жоқ, мынау жоқ… Не істейік? Шай ішейік». Байланыс саласында хат тасушы ретінде істеген адамның хабарлауынша, кейбір хаттар көптеген уақыт бойы бөлімшеде жатып, тиісті адресатқа жіберілмейді. Ел аман, жұрт тыныш. Темір жолы, әуе жолдары да өз қызметін орындауда. Бірақ, жалқау байланыс «жұмысшыларының» кесірінен хаттар мен бандерольдер асықпай жөнелтіледі.

Әуе жіберілімдері де бір-екі күн ішінде емес, апталап созылады. Ал, Кеңес Одағының талаптарына сай әуе жіберілімдері тез жөнелтетін. 1986 жылы жарық көрген Светлана Попованың «Аэрофлот от А до Я» анықтама кітабындағы «Почта» мақаласы әуе поштасының алдында қойылған қатаң талаптар жайында толығырақ баян етеді. Ал, қазіргі таңда Қазақстанның ішінде де «әуе» поштасымен жіберілген хаттар мен бандерольдер ұзақ жүреді. Сонда, не? Ұшқыштар әр ауыл мен қыстаққа қонып, үзіліс жасай ма?

knb 1

Байланыс саласындағы қауіпсіздік деңгейі де көңілдегідей емес. Тарифтері жоғары болса да, хаттар мен бандерольдердің құпиялылығы төменгі дәрежеде қалып тұр. Погон киген көрінген «қызметкерлер» кез келген адамның жіберілімдерін ақтара алады. Осындай зымиян әрекеттерге заңды рұқсат та қажет емес. Мысалы, 2005 жылдың тамыз айында қауіпсіздік комитетінің арнайы ақпараттық қызметі Ақмола аймағы бейбіт тұрғындарының хаттарын оқыды. Тараздағы наркобарон немесе Лубянкадағы терроршыл көсемнің хаттары емес. Жәй әншейін, қатардағы адамдардың күнделікті тіршілігінің жөніндегі жазбаша әңгімелері. Мысалы, Көкшетау қаласының тұрғыны, украин әйелі Ефименко белоруссиялық туысқанымен сырласады: «Пәтерлеріміз өте қымбат, бағалары күрт өсті. Бірақ, кредиттерді алуға болады және кредит арқылы автокөліктер, жиһаз бен пәтерлерді алуға болады». Сонда, не? Осындай жеке әңгімелерді оқып, гебисттер кімнің қауіпсіздігін нығайтпақ?! Ақмолалықтардың өміріне бас сұққан тыңшылар баяғыдан бері ауыстырылған. Алайда, бұқара халықты тәулік бойы бақылайтын қылмыстық жүйе өзгермеді. Әлгі тыңшылар тек қана атқарушы билігінің нұсқауларын орындауда. Бұл салада ешбір қоғамдық, парламенттік бақылау жүргізілмейді.

Көлік пен коммуникацияларымыздың басқа бөліктерінің де қауіпсіздігі көңілдегідей емес. Алматы халықаралық әуежайында таныс кеденші-майыр қызмет етті. Сол кісі айтушы еді: «Егер маған қауіпсіздік комитетінің офицері айтса: «Пәлен жүкті тексеріссіз өткіз», мен оның нұсқауын бұлжытпай орындауға тиіспін». Әрине, әлгі кеденші-майыр заң бойынша жазбаша бұйрықты талап етсе, келесі аттестациядан сүрініп, орнынан айырылар еді. Байланыс саласындағы пәлен компания перлюстрация (бөтен адамдардың хатын оқуы) үшін тиянақты түрде жазбаша бұйрықты талап етсе, ақыр соңында лицензиясынан айырылады.  Мәселен, 2014 жылдың 27 наурызында жарық көрген «Большой брат слушает тебя. Как это делается в Казахстане. VII» мақаласында былай делінген: «…часто информационные задания формируются просто по устному указанию руководства КНБ, без всяких  нормативные правовые акты по информационной работе и текущем информировании государственных органов. Позвонил, например, Жумаканов в СИС, приказал: «Послушайте там Телибекова!». И все – Мурат Айтжанович под контролем. Посмотрят в базах номера всех телефонов его и его окружения и поставят на контроль. Приказы командования надо выполнять срочно. Какие тут правовые акты? Это потом, если надо будет реализовать данные прослушки, напишут разные бумаги или, когда будут отчеты составлять».

Біз – байланыс компанияларының негізгі тапсырыс берушілері. Біздің салығымыздың арқасында ҚР үкіметі «Қазпошта» секілді монополистерге қаржылай көмек көрсетеді. Дегенмен, іс жүзінде байланыс саласы қоғамдық, парламенттік бақылаудан тыс қалуда. Оның сапасыз қызметіне, жеке басының құпиялылығын сақтамайтын тасымалдауына тойтарыс беретін уақыт келді.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
8 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.