Жоңғар билігінің кезекті қойылымы

ҚР ІІМ ресми мәліметтеріне сәйкес, Алматыдағы бүгінгі атыстан үш полицайлер қаза тапты.  Күдікті ретінде ұсталған Қызылорданың жиырма жеті жасар тумасына бірден өткен аптада өлтірілген әйелдің айыбы тағылған. Сонымен, көзімізді ашып-жұмғанша биліктің кезекті “жетістігіне” куә болдық. Қазақстандық полицайлерді өлтірген қанды балақ киргиз-кайсак қолға түсті. Жоңгар билігінің КТК тәріздес үгіт-насихат құралдары “кемеңгер” көсемнің жаңа жеңісі туралы  миллиондаған көрермендерді бірден хабардар етті.

Жарақат алған Алматы қаласының тәртіп сақшылары.

“Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам” демекші, Астана жетекшілерінің қара ниеті көзге ұрып тұр. Біріншіден, Қазақстандағы қарусыз оппозиция бұндай батыл әрекеттерді орындай алмайды. Полицайды атып ұстауы түгіл, қазіргі биліктің қарсыластары кәдімгі митингті тиісті деңгейде өткізе алмайды. Екіншіден, қаза тапқан “тәртіп” сақшылары төменгі дәрежедегі қан сорғыштар. Ал, нағыз террористтер көбінесе атағы жоғары бастықтарды нысанаға алмақ. Мысалы, Қазан революциясының алдында орыс лаңкестері көптеген ресейлік жандаралдар мен әкімдердің өмірін қиды.

Сайып келгенде, оңтүстік астанамыздағы қасіретті оқиға – үлкен геосаяси ойынның бөлігі болып табылады. АҚШ, Қытай мен Ресей деген достас мемлекеттер Қазақстан сияқты бай территориясын талан-таражға салуға белсене кірісуде. Олардың атынан елімізді басқаратын жоңғар қонтайшылары жәй ғана Вашингтон, Мәскеу пен Пекин әмірінің орындаушылары. Бірақ, алдын-ала тәртіпсіздікті орнатпасаңыз, бұндай ірі өңірді бөлшекте алмайсыз. Сондықтан, Ақтөбе мен Алматының атыстары қазақ жерінде сириялық немесе украиналық сценарийдің ұйымдастыруына кіріспе сөзі ретінде пайымдауға болады.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
12 views

Leave a Reply