Аузы қисық болса да…

Қазақстандық шіріген байлар өте-мөте қымбат мүлігімен шектелмей, еліміздің ұстазы мәртебесін иемденуге тырысуда. “Балақтағы бит басқа өрмеледі” дегендей, жылпос алыпсатарлар қарабайыр киргиз-кайсактардың арасында өз үгіт-насихатын жүргізуде. 2011 жылы, “Астана” телеарнасының эфирінде атқамінер Тимур Құлыбаев мотоциклист Дима Петрухинді әлем деңгейдегі керемет қайраткер, ұлы саяхатшы ретінде дәріптеді.

Бәрекелді! Біз былай деп ойладық: Христофор Колумб немесе Шоқан Уәлиханов ұлы саяхатшылардың санатына жатады. Ағартушы Құлыбаев мырза ғаламат “жаңалықты” ашқан екен))) Кәсіпкер Абай Сәрсекеев те ағасының қарқынынан қалысар емес. 2016 жылы, “Новое поколение” апталығына берген сұхбатында Абай Қоғабайұлы былай деді: “Мен әрқашан айтудамын: бізде үш әлем сауда-саттық белгілері баршылық — Назарбаев, Батырхан Шүкенов пен Головкин. Біз, қазақтар, бақыттымыз. Өйткені, біздің сауда-саттық белгілер — өте тамаша“.

Әрине, аталған кейіпкерлер де оңай шағылатын жаңғақтар емес. Қалмақ саясаткері Назарбаев — әлемдегі ең бай адамдардың қатарында орын тепті. Нашадан кеткен эстрадалық әнші Шүкеновтің де дарындығын жоққа шығаруға болмас. Миы шайқалған орыс-кәріс боксшысы Гена Головкин де керемет спортшылардың бірі. Бірақ, олар белгілі кейіпкерлер болса да, халқымыздың бетке ұстар өкілдері болуға лайықты емес. Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, суретші Қанапия Телжанов, сазгер Ахмет Жұбанов… Міне, еліміздің ығайлары мен сығайлары осындай! Оларды қанша дәріптесек те, артық болмас.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
27 views

Leave a Reply