272 views

Оның таңдауы

Әлем тарихы бойынша, белгілі саясаткерлер мен сарбаздар өз өмірбаяны жайында жиі кітаптарын шығаруда. Мысалы, Аустрияның тумасы, Алманияның рейхсканцлері Адольф Гитлер “Менің күресім” туындысын жазды. Хазар көсемі Лев Троцкий “Менің өмірім” естеліктерін шығарды. 2011 жылы, қазақ тыңшысы Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаевтың “Менің таңдауым…” кітабы жарық көрді. Осы естеліктер мен мақалалардың жинағы көбінесе 2010 жылы шығарылған Қарлығаш Еженованың орыс тіліндегі “Выбор, который я сделал” туындысының аудармасы.

Кітап мұқабасындағы ҚР ҰҚК генерал-лейтенантының бейнесі де назар аударарлық дүние. Өйткені, Шабдарбаев жолдас таққан қол сағатының бағасы шамамен отыз-елу долларға тең қарапайымдылау жапониялық “Сеико” болып табылады. Әрине, Ысты руының ең бай өкілі соншама арзандау бұйымды тағып, өз кішіпейілдігін аңғартса керек.

“Менің таңдауым…”-ның басты кейіпкерінің бірі – генералдың шешесі Ажар Исмаилқызы (1918-2007) болып табылады. Әрине, балалық парызы ретінде Амангелді Смағұлұлы өз анасын көтермелеп дәріптегені – түсінікті жағдай. Алайда, шынтуайтқа келгенде, Ажар апамыз соншалықты дана кісі болған емес-ті. Мысалы, мемуарлардың 9 бетінде осы әйел қылмысқа белшесінен батқан саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевқа өз батасын бергені сипатталған: “Менің марқұм енем 96 жасқа келіп қайтыс болды, ол жай адам емес, өте қасиетті еді. Сізге тілейтінім: еліңіз аман, жұрт тыныш болсын, сол кісінің жасын берсін, бір Құдай жар болсын, сол жасқа шейін ел-жұртыңызбен бірге болыңыз! Сол жасқа дейін тақтан түспеңіз! Ал, менің Аманым Сізге – аманат”. Ал, 19 бетінде Ажар Исмаилқызының бел баласының табыстарына қуанбауы айқын көрсетілген: “Диплом алғанда, Қазақстанның чемпионы болғанда да сыр білдірмеді, жай әншейін қатардағы нәрседей қабылдады. Бар айтқаны: “Жарайсың, жақсы болған!” Іле айтқаны: “Бар енді, бақшада жұмыс бар”. Ана мінезі осындай болды”.

Осындай таяздық, ой-өрісінің кемтарлығы көптеген ұрғашыларға тән дүние. Мәселен, менің шешем, Толқынай Мақашева, сөз жүзінде жоғары білім дипломының иесі болса да, нағыз ғылыми еңбектің қадірін түсінбейтін пенде. Оның әпкесі, Үміттің де миы көбінесе кәкір-шүкір, ұсақ-түйек тұрмыстық жағдайларына ғана жетеді. Ал, генералдың өмірбаянына қайтадан оралсақ, оның әкесі Смағұл Шабдарбайұлы (1912-1954) жөніндегі бірсыпыра естеліктерін келтіргені орынды болар. Кітаптың 42 бетінде Сәбетбек Еркінбайұлының “Дәстүрлі ұрпақ жалғастығы” атты мақаласында былай делінген: “Ақсайдың суын бөгеп, “Абай”, “Райымбек”, “Прямой путь”, “Путь Ильича” атты колхоз, кеңшарлардың бес шаруашылығына электр жарығын әкелген Смағұл көкем”. Мезгілсіз дүние салған пысық әкесінің қасиеті Амангелдіге де дарыды. Қазіргі таңда, Шабдарбаевтардың әулеті Қазақстандағы әл-ауқаты мықты отбасылардың алдыңғы қатарында тұрғаны баршамызға аян нәрсе.

Әзіл-сықақ жағдайларына да кенде емес “Менің таңдауым…” деген жиынтығы. Тыңшының мектеп мұғалімі Нина Федоровна Родинко кітаптың 51 бетінде еске алады: “Мектепте Аман біркелкі оқыған жоқ, бағалары әртүрлі болды. Сүйікті пәні – денешынықтыру. Бұл сабақтан Сыздықов Жапар Сыздықұлы мен Есімов Нұрпапа Есімұлы берді”. Неткен сиқырлы аты-жөні – Есімов Нұрпапа Есімұлы))). Сірә, саясаткер Назарбаевтың немерелі інісі әрі Шабдарбаевтардың жан досы миллиардер Ахметжан Есімовке жол ашқандардың бірі әлгі Нұрпапа болған шығар. Орыс әдебиетінің тірі классигі Олжас Сүлейменов те осы кітаптың 56 бетіндегі “Біз – өз аналарымыздың ұлдарымыз” деген тарауында Лубянкадағы достарын тілге тиек етеді: “Солардың бірі – Ф.Д. Бобков 1986-1988 жылдар аралығында Идеологиялық басқарманың меңгерушісі болды, Комитет Төрағасының бірінші орынбасары болып жүргенде Димаш Ахметұлына және маған көмек көрсетіп, республиканың бұрынғы КГБ Төрағасы З. Камалитденовтың жалаларына тойтарыс берді”. Көрдіңіз бе, Алжастың соншама қулығы әлі күнге дейін өз уытын жоғалтпады: мені жауапкершілікке тартпасын деп Зақаш Камалиденовтың тегін бұрмалап, оның “жалаларын” жайында нақты деректерді келтірмеді. Демек, Зәкең Олжекеңнің талма жеріне дөп тиген болса керек. Айтпақшы, Олжекең мен Әбекең волейбол ойнау үшін анда-санда саясаткер Назарбаевтың тоқалы, Әсел (“Алексей”) Исабаеваның әкесі  Тілектес Исабайұлы Есболов басқаратын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің аумағында жиналады. Сайып келгенде, орыс ақыны мен қазақ тыңшысы денешынықтыру әрекеттерімен қатар озбыр әміршінің құдасымен де достық қатынастарын нығайтпақ. Айтпақшы, көптеген оққағарлар Александр Коржаков, Амангелді Шабдарбаев немесе Марат Адрышев секілді бұрынғы волейболшылар болып табылады. Неге? Өйткені, волейболшылар ірі, мықты денесімен қатар күшті жан-жақты көру қабілетімен (периферическое зрение) ерекшеленеді. Сондықтан, олар күзет ететін аумағын мейлінше кең мөлшерде бақылайды. Бұндай қызықты ақпаратпен мені Қазақстан мен Ресей волейболының ардагері Людмила Татур қамтамасыз етті.

Үлкен саясатқа да қатысы бар қызықты деректер келтірілген. Мысалы, кітаптың 67 бетінде генерал Димаш Ахметұлының комиссары (жеке оққағары) ретінде қызмет еткен кезін туралы журналис Қарлығаш Еженова былай деп баяндайды: “Бірде – Андроповтың кезінде М.С. Горбачев қоңырау шалды. Д.А. Қонаев жұмысбасты болғандықтан, Аман Смағұлұлы ол кісінің қайыра хабарласауын өтінген. Аз ғана уақыт өткен соң, әлгі қоңырау туралы мәлімдегенде, Қонаев әзілдеп айтты: “Келесі жолы қайтсең де мені тап, бұл – болашақ Бас хатшы”. Кадр мәселелерінде көрегендік танытқан Димекең мәскеулік басшылармен тіл табысқаны да керемет болды. Кітаптың 71 бетінде қазақ тыңшысы кеңес Қазақстан жетекшісінің кішіпейілдігін еске алады: “Тағы бір есте қалатын жағдай: Украинаның бірінші хатшысы Щербицкий ешқашан Тихоновтың орынбасарына бармайтын – бұған арланатын. Ал, мен мұны түсінбей, аң-таң болып, Димаш Ахметұлынан сұрадым: “Неге Сіз, Саяси бюро мүшесі, қарапайым нұсқаушыға өзіңіз барасыз? Щербицкий өзін-өзі сыйлап, тіпті Тихоновтың орынбасарына шейін төмендегісі келмейді”. Сонда Димаш Ахметұлы былай дегені жадымда: “Аманбай, барлық үлкен істер төменде шешіледі. Мен бұдан кішірейіп кетпеймін, есесіне Қазақстан ұшін қосымша жеңілдіктер мен қаржыландыруға қол жеткіземін…” Ол нұсқаушыға келіп, бәрін оған көрсетіп, түсіндіріп, барлық мәселелерді шешіп, ал сонан кейін, іс хаттамаға жеткенде, енді арқасын кеңге салып, Тихоновқа ресми түрде кіріп, бірге шай ішіп отырады. Ал, кейін бізде сарайлар мен мұражайлар, вокзалдар, пайда болып жататын”. Міне, татар саясаткерінің сабақтарын ұқыпты түрде оқыған жоңғар қайраткері Нұрсұлтан Назарбаев та мәскеуліктердің көңілін табуға әрқашан тырысуда. Мәселен, 2012 жылдың күзінде жоғары дәрежедегі ПТУ-шник ресейлік тележурналис Ирада Зейналованың алдында бәйек қағып, оның барлық сұрақтарына асқан ізеттілігімен жауабын қайтарды.

Кітаптың құрастырушылары надан діни ұстанымдарды да насихаттайды. Мысалы, 78 бетінде мынадай қисынсыз тұжырым жасалған: “Алла тағаланың біз білмейтін құпия белгілері мол, сол таңбаларды тек жүрек оқи алмақ, себебі: ол ғарышпен байланысқан”. Осындай метафизикалық пікірлердің деректі әңгімеге қандай қатысы бар?! Бәлкім, ырымшыл генералдың өзі бұндай күмәнді ой-пікірлерді “Менің таңдауым…”-а қосқызған шығар. Мәселен, 85 бетінде Амангелді Смағұлұлы тоқсаныншы жылдардың басындағы мінген темір тұлпарлары туралы әңгіме айтылған: “Екі “Волганы” алма-кезек ауыстырып жүретін жігітке өздері-ақ назар аударған. Бұл машиналардың нөмірі ерекше болатын: 7777 және 6666″. Айтпақшы, нумерология іліміне сенетін адамдардың ойынша, Шайтан жасағының сапында 6 666 жын-перілер қызмет етуде. Олардың 6 легионі 666 роталар бар 66 когорталардан құрастырылған. Дегенмен, жолдас генералды қаралаудан аулақпын. Оның да ұлтжанды қасиеттері баршылық. Әлгі 85 бетінде Желтоқсан оқиғасы барысында ол қазақ жастарына көмектесу жолындағы өз әрекеттерін еске алуда: “1986 жылы Желтоқсан оқиғасы болып жатқан кезде келіншегіміз екеуіміз көшеде келе жатқанбыз, қарсы алдымыздан жігіттер жүгіріп шықты. Олар Республика алаңынан қашып келеді екен, онда сол сәтте жастарды қатты соққыға жыққан. Олар: “Жасасын қазақ!!!” – деп айқайлады. Мен де оларға: “Жасасын қазақ!” – деп жауап қаттым. Олар бір-бірлерін тоспай, не болып жатқанын айтуда. Жағдайды түсінген соң мен оларға сақ болу әрі не істеп, қалай жүру жөнінде ақыл бердім. Сөйтіп мен көбіне жәрдемдестім”.

Жастардың көтерілісінен кейін қазақтарға қарсы ұлтшыл пиғылдар Кеңес Одағы бойынша кең етек алды. Бұндай жағымсыз құбылыстың айғақтарының бірі – шамамен 1987 жылы орын алған якут құрылысшысы мен қазақ тыңшысының арасындағы қызу пікірталас. Кітаптың бас кейіпкері 86 бетінде былай деп баяндайды: “Ол мені сөзбен түйреуді жөн көрсе керек: “Сендер, қазақтар, ұлтшылсыңдар. Бірдеңе болса, бүлік шығарасыңдар. Ал, біз – біртұтас, ұйымдасқан халықпыз” – дейді. Сол кезде мен намысым келіп, қарсы сауал қойдым: “Міне, сен, өзіңнің ана тіліңді білмейсің, аты-жөнің орысша. Неге? Бірақ сені ешкім орыс деп қабылдамайды, солай ғой”. Демек, кейбір жағдайларда генерал мырза ел намысын да қорғап шықты. Қазақстанның бокстан еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, кезінде ауыр салмақтағы күшті боксшы болған Жұмабек Өмірзақов та Әбекеңнің оң қасиеттерін алға тартады: “Физкультура институтының студенті ретінде Аман байсалдылығымен көзге түсетін. Кейбір жастар уақытын көбінесе серуен-думанға жұмсаса, Аман салмақты мінез-қылығымен ерекшеленетін”.

Ауыл тәрбиесін алған генерал жолдас саяси күрестің ащы шындығын майдалап айтуға тырысады. Тарихшы Кәрішал Асан Ата оның 1997 жылы жарық көрген “Призрак независимости” кітабының 332 бетінде ағынан жарыла айтты: “… не опубликовано выступление бывшего члена политбюро Д. Кунаева на июньском (1987) пленуме ЦК КПСС, где он сорвал маски с Камалиденова и Назарбаева, сидевших на этом пленуме рядышком в седьмом ряду, как с главных организаторов карательных акций. Если бы факты, приведенные Кунаевым, не были бы истиной, то вряд ли Назарбаев (у которого наглости хоть отбавляй!) потерял дар речи, и его бы не увезли прямо с заседания пленума в Кремлевскую больницу”. Ал, “Менің таңдауым…”-ның 88 бетінде жоғарғы билікке таласқан Қонаев пен Назарбаевтың текетіресі туралы былай делінген: “… белгілі кикілжіңнен кейін Зухра Шәріпқызы қапаланды, Қонаев оған “Дәнеме етпейді, ол жай қызбалыққа салынды”, – деп басу айтып, ол туралы жаман сөз айтуына жол берген жоқ”. Көрдіңіз бе, бәсекеге түскен қос саясаткерлердің арпалысын Амангелді Смағұлұлы байқамағансып қалды.

Қазақ тыңшысының аға замандастары да құнды естеліктерімен бөліскен-ді. Мысалы, кітаптың 93 бетінде еңбек ардагері, Қазақ ССР Коммунистік партиясы Орталық комитеті бюросының мүшесі Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев КСРО көсемдерінің бірі, Никита Сергеевичті еске алады: “Хрущев Қазақстанға келген сапарында, оның ұланғайыр жерін поезбен көктей өткенде Д.А. Қонаевқа: “Осындай аз ғана халық қалайша мұншалық үлкен жерді алып алған?”, – дегені есімде”. Демек, осы жиынтықтың тарихи маңыздылығы да жоқ емес. Кітаптың негізгі кейіпкері жанжал жағдайларын жасыруға қанша ұмтылса да, “Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам” дегендей кейбір даулы оқиғалар жөнінде өз пікірін білдіруге мәжбүр болған еді. Мәселен, оның саясаткер Назарбаевпен жанжалдасуға итере жаздаған оқиға туралы кітаптың 131-133 беттерінде оқи аласыз: “Бірде – 2001 жылы, шетелге ресми сапар кезінде мен Нұрсұлтан Әбішұлына себебін түсіндірместен өз еркіммен ұшақты тоқтатып тұрдым. Бұл менің тарапымнан жасалған кешірілмес іс болатын, алайда оған шындықты – негізгі министрліктің бірінің жетекшісін шетелде қалдыра алмайтынымызды тағы айта алмадым. Екі оттың ортасы. Бұл әуе көлігін ұшырмай бақандай 40 минутқа бөгет тұрудың зілдей салмағы еңсені басты. Президент өзінің ашуланғанын жасыра алмай қалды. Ақыры біз аспанға көтерілгенде, ол мені шақырып алды да: “Жетер, сен жұмыстан боссың!” – деді.  Мен оған түсіндіргім келді, ол болса, сөзін қайталады: “Бітті, сен боссың!” Мен айттым: “Дәл солай! Мен жұмыстан боспын”. Сөйттім де, бұрылып кетіп қалдым”. Енді, жоғары лауазымымен іштей қоштасқан қазақ тыңшысы Алматы мен Астанадағы қызметтік бөлмелерінде жеке заттары мен құжаттарын сұрыптап алып кетуі мақсатында кірісті. “Сосын кабинетте отырғанда қалта телефоным шырылдады, ол кезде телефонның нөмірі көрінбейтін. Менің құлағыма таныс үн жұмсақ естілді. “Аман, қайдасың?” Мен: “Бәрі қалыпты”, – деп жауап бердім. “Не істеп жатырсың?”. “Жұмыстан босану жөнінде мәлімдеме жаздым, міне, құжаттарымды жинастырудамын”, – дедім. “Қандай мәлімдеме? Ертең ұшақ Алматыдан келеді, сен тағы бір күн демал, сосын ана ұшақпен кел, келген соң бірге ұшамыз. Мәлімдеме дегендерді ұмыт. Мен сенің кінәң жоқ екенін білемін”… Бұл сөздер құрысып отырған жаныма шипа болды, мен: “Жақсы!”, деп – жауап бердім. Келер күні біз қызмет бастығымен бірге Елбасын күтіп алдық. Мен оның машинасына жақындап келіп: “Ініңіздің еркелегенін көтергеніңізге рақмет!” – дедім, ол былай деді: “Кінә менде. Мен сенің айыбың жоқ екенін білдім. Сен дұрыс істедің, басқаша істеу мүмкін емес еді, енді бәрі оңдалады”. Айналадағылар сонда кінә кімнен, кім неге жазықты екенін түсінбеген. Ал, мен бұл адаммен жолымның әрқашан бір екені туралы тағы толғандым…”

Әуелі, 2009 жылы жарық көрген халық қаһарманы Рахат Мұхтарұлы Әлиевтың “Крестный тесть” деректі кітабынан кейін генерал жолдас ұшақтағы дүдәмал хиқаяны өзінше паш етуге мәжбүр болды. Ал, еліміздің хас батыры Рахат Мұхтарұлы осы хиқаяны былай сипаттайды: “Можете не верить, но в службе охраны президента надолго запомнили случай, когда в присутствии нескольких десятков сотрудников охраны Шабдарбаев послал президента Республики Казахстан Назарбаева по одному хорошо известному в народе далекому адресу — на три буквы… Но, как выяснилось, с самолетом все было в порядке. Командир корабля не стал темнить и рассказал главному пассажиру, в чем причина задержки: экипаж получил команду не взлетать от начальника личной охраны президента. Оказывается, высокая делегация томилась в самолете в ожидании, когда на борт прибудет личный багаж генерала Шабдарбаева, который везли два его сотрудника на дипломатической машине. Дальнейшее нетрудно вообразить. Нурсултан Абишевич затребовал начальника своей охраны к себе и так на него орал, что было слышно в самых дальних закутках президентского самолета. В этот момент как раз привезли запоздавшие чемоданы Шабдарбаева, что, конечно, никак не улучшило его положения. Через открытую дверь президентской каюты пассажиры первого салона услышали президентский приказ: «Пиши рапорт!»… Шабдарбаев залег на дно. Две недели его было не слышно, не видно. К исходу второй недели отсутствия начальника своей личной охраны Назарбаев занервничал. Он велел любой ценой разыскать беглеца и велеть ему прибыть в Астану. Вскоре пораженные сотрудники личной охраны и люди из свиты увидели, что из загородней виллы «Кызыл Жар» президент приехал в свой дворец в центре Астаны, в сопровождении своего пропавшего было начальника личной охраны. Они молча вышли из машины и так же молча прошли по дорожке. Видимо, выяснение отношений было шумным еще внутри бронированного мерседеса, но его пришлось прекратить. В какой–то момент Назарбаев сказал: «Ладно, Аман, не обижайся …» Дальше случилось такое, при воспоминании о чем свидетели той сцены до сих пор покрываются холодным потом. Шабдарбаев то ли умело разыграл, то ли, в самом деле, впал в истерический припадок. Остолбеневшие охранники улышали, как он отреагировал на предложение не обижаться: «Да пошел ты на хуй, Нурсултан!»”.

Әрине, қазақ тыңшысы мен ер-азамат Әлиевтың арасындағы қызу қанды бәсекелестік Рекеңнің де куәлігіне біраз секемдене қарауға себепкер болмақ. Алайда, “Крестный тесть” кітабының жариялауынан бұрын маған осы хиқаяны президент күзетшілерінің бірі баяндады. Әлгі күзетші де Амангелді Смағұлұлының балағат сөздерін айтқанын келтіреді. Айтпақшы, осы жанжалға қатысты кітаптың 133 бетінде деректі құндылығы бар ақпарат келтірілген: “Дегенмен, содан бері де Шабдарбаев рапортын даяр ұстайды, жаман айтпай, жақсы жоқ. Тек мерзімін толтырмайды…” Енді, Қазақстандағы “құқық” қорғау орындарының ерсі әдеті жазбаша түрде әшкереленген: қылмыс жасаған немесе бастықтарына жақпаған қызметкерден құтылу үшін кез келген офицердің алдын-ала толтырылған, мерзімі жоқ рапортын дайын тұрғаны шындық екен. Демек, “құқық” қорғау орынының беделіне нұқсан келтіретін қызметкерді ресми түрде қызметтен босатылған адам ретінде әрқашан көрсетуге болады. Осындай мерзімі жоқ рапорттар арқылы да Украинаға шабуылдайтын орыс жауынгерлерін демалысқа шыққан әлде қызметтен босатылған адам ретінде көрсетеді ресми Мәскеу. Ал, “Менің таңдауым…”-ның 135 бетінде қазақстандық “құқық” қорғау орындарының жекеменшік, бұқара халқымызға қас табиғаты тайға таңба басқандай көрсетілген: “Шабдарбаев Мемлекеттік тергеу комитетінде екі жарым жыл демалыссыз қызмет атқарды және өзінің айтуы бойынша, сонда жүріп зор тәжірибе жинақтады. Бұл сөздің артында не тұрғанын болжап білуге болады, қазір Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік тергеу комитетінің арасында басталған бәсекелестік туралы ашық айтуға болады: ғимараттарға таласты, өкілеттік, машиналар… бөліске түсті. Бір сөзбен айтқанда, аяусыздыққа бекінген теке-тірес үш жылға дерлік созылды”. Әрине, бұндай кикілжіңнің артында саясаткер Назарбаевтың өз пайдасы үшін түрлі тұлғалар мен мекемелердің арасында жік салудың шеберлігі қылтиып тұр. Ал, шынтуайтқа келгенде, Амангелді Смағұлұлының да жалпыұлттық маңыздылығы бар әрекеттерін білмеймін. Алайда, оның Қорғас кеден бекеті мен Шымкент мұнай өңдеу өндірісінің шайқастарындағы “ерліктері” саңылауы бар адамдар үшін белгілі жәйт.

Мінезі қызбалау генерал жолдас кейде шектен тыс ысырапшылдықты да көрсетеді. Смағұлдың болмашы мирасы емес, талай мемлекеттік қаржыны далаға шашты қазақ тыңшысы! Кітаптың 141-143 беттерін үңіліп оқып шығайық: “Спорт деген – генерал Шабдарбаев үшін кармалық мәні бар киелі құбылыс. Ол өзі Пекиндегі Олимпиадалық ойындарда он бес шекарашының даярлығын бақылады. Оларды шығарып салып тұрып уәдесін берді: “Егер алтын әкелсеңдер, сендерге мемлекет 250 000 доллар береді, ал мен осы қаржыны миллионға жеткіземін”. Бұл байсалды ынталандыру болды. Спортшылар аянып қалмайтын, бәрін бұзып-жарып өтетінін айтты. Ильин жеңді. Генерал сөзінде тұрды. Олимпиада чемпионы пәтер, машина, мемлекеттен ақша алды және дереу (бұл тіптен заңды емес болатын) бұған шейін үш жыл қызмет атқаруы керек екеніне қарамастан, аға лейтенант атағын алды. Міне, генералдың спортқа және уәдесіне көзқарасы. Оның ережесі мынадай: бірдеңені жасау керек болса, оны жұрттың бәрінен асырып істеу. Тіпті осы үшін сәл тентектік жасаса да, болады”. Шынында, тентектіктің көкесін жасады ғой Әбекең. Әу баста, спорт деген ырду-дырду, жеңілтек кәсібіне соншама қаражаттың жұмсалуы күмәнді боп көрінеді. Қалтаң қалыңдау болса, неге ғалымдар мен жазушыларды қолдамайсың?! Алаяқ допингер ретінде әшкерелеген зілтемірші Илья Ильинның заңсыз жаттығу әдістерін қазақ тыңшысы алдын-ала білсе де, талай мемлекеттік қаржыны босқа жұмсады әлгі пысықай спортшылардың игілігіне. Оған қоса, Ильин спортшы ресейлік зілтемірші Светлана Подобедоваға қазақстандық азаматтықты алдыруы үшін әлгі бикешпен жалған некесін қиды. Міне, тұрмыстық жағдайда да Ильин өзінің таза еместігін көрсетті.

Қазіргі заманның адамындай емес, бейне-бір феодалдық дәуірдің самурайындай Амангелді Смағұлұлы өз бастығына толығымен мойынсұнды. Кітаптың 144 бетінде оның бас кейіпкері ағынан жарылады: “Сенсеңіз, бұл жауапкершілік сынап бағанасы сияқты миға қысым жасайды, тәулігіне 24 сағат бойы осылай өмір сүруге кез келген адам шыдас бермейді, – деп мойындады генерал. – Осыны біліп, Президент маған бірде былай дегені бар: “Сен ойнама! Сен ешқашан саясатқа килікпе!”. Сондықтан мен ешқашан саясатқа қызыққан емеспін және өзімді саясаткер санаған да емеспін”. Әлде, оқырман қауымға арналған осы сөздер ақиқатты бүркеуге көздейтін әккі гебисттің айла-тәсілі ме? 2009 жылдың соңында, жоғары дәрежедегі кісілермен достығы бар татар-қазақ әншісі Равиль Гизатулин генерал жолдастың тұғырынан тайып құлағанын жайында маған былай деді: “Ол президент орнына таласты. Сондықтан, Шабдарбаев комитет төрағасының лауазымымен қош айтысты”. Өнер адамының сөзінде жаны бар. Өйткені, даурықпа саясаткерлер Ғалымжан Жақиянов немесе Әкежан Қажыгелдіндей у-шу шығармай, қазақ тыңшысы бұқпантайлап жетістікке жетуін аңсады. Оған қоса, дипломат Рахат Әлиевтың “Крестный тесть” кітабында Амангелді Шабдарбаевтың комитеттің төрағасы ретінде ғаламат билігі туралы да айтылған: “Теперь Шабдарбаев охраняет как президента (он оста­вил за собой полный контроль над его службой безопас­ности), так и всех граждан страны. Причем охранник из него все больше получается тюремный. Любой, кому приходилось ходить с телохранителем, знает, что в итоге твои же защитники становятся твоими начальни­ками и начинают ограничивать твою же свободу. Они начинают решать, что можно делать, а что нельзя, куда можно идти, а куда нельзя. А уж тем более зависим от них президент, который боится всего – людей, еды, информации. Все его блюда тестирует „грибной человек”, от народа он защищен форпостом дворцом „Ак-Орда”, единственный источник информации – девятичасовые новости телеканала „Хабар”, и плюс к ним сводки КНБ. Что в эти сводки попа­дет, тщательно отбирается специально натренированной командой. В них не должно быть ничего, что может рас­строить Крестного Тестя, кроме информации, компроме­тирующей врагов Шабдарбаева. Ключ от этой золотой клетки, в которую добровольно заключил себя прези­дент, находится в надежных руках личного охранника генерала Шабдарбаева.”. Әйтеуір, оның иен байлығының сенімді түрде сақталуы үшін жаңа саяси деңгейге шыққаны жөн болар еді. Жоңғар Назарбаевпен салыстырғанда қазақи жігіт Шабдарбаев – тәуірлеу президент болар еді. 2014 жылдың көктемінде, Алматы қаласының тұрғыны әрі украин кәсіпкері Денис Стадничук маған айтты: “Шабдарбаев дөрекі физкультурник болса да, әйтеуір өз елін сатпайды”. Өкініштісі сол, 2009 жылы еліміздегі билік тізгінін өз қолына алуға тамаша мүмкіндікті Әбекең мүлт жіберді. Бәлкім, өмір бойы Қонаев пен Назарбаев тәріздес партократтарына қызмет етуге дағдыланған генерал жолдас жеме-жемге келгенде жоғары билікті иемденуге жарамсыз боп шықты. Өз кезегінде, 2001 жылы зиялы қауымның өкілі генерал Рахат Әлиев адамгершілігін танытып диктаторды құлата алмады. 2010 жылы, Шымкент-Тараздың әміршісі Сарыбай Қалмырзаевтың “оңтүстік тобы” да ит жегіш Владимир Васильевич Ниды уландырып құртса, қарт кәріс алпауытының жоңғар иесін залалсыздандыра алмады.

Қазақ тыңшысының комитетті басқарған кезеңі туралы дәлелі жоқ сөздер де келтірілген осы кітаптың 147 бетінде: “Төрт жыл ішінде барлығы 20 шетелдік барлаушы залалсыздандырылып, ұсталғанының өзі не тұрады!? Комитеттің қызметкерлері сол уақытқа дейін осыншалықты мерзімде бір ғана адамды құрықтаған екен. Ал, Шабдарбаевтың қарсыластарына қолайсыз айғақ, уәж болатын”.  Жә, кесірлі барлаушылар ұсталған делік))) Бірақ, олардың аты-жөні, азаматтығы көрсетілген жоқ. Сондықтан, құрықталған барлаушылардың қатарына кез келген адамды кіргізуге болады. Мысалы, генерал жолдас комитетті басқарған тұсында жапон компанияларымен тығыз байланысын орнатқан физик Мұхтар Жәкішев ұсталған. Енді, оны жапон барлаушысы ретінде сипаттауға болмақ. Сталиндік құғын-сүргінді елестететін тағы бір мысал “Менің таңдауым…”-ның 151 бетінде ортаға салынған: “Діни экстремизммен жүйелі күрес басталды. Әрбір өңірдегі әрбір мешіт есепке алынды”. Ең алдымен, діни экстремизм деген ұғымы заңға жатпайтын дүние. Дініне, ұлтына қарамай ұрлайтын, өлтіретін қылмыскерлермен күрескені жөн. Ал, кез келген діни ұйымға экстремизм желеуімен қысым жасалғаның өзі – адам құқықтарына қарсы қылмыс. Бірақ, әлгі экстремизммен арпалысу жолында қорқақ гебисттер қазақ жерін ластаған синагога немесе шіркеуді есепке алуға асықпас. Айтпақшы, терроризм сылтауымен талай қазақтарды қаматқызған Ресейдің Свердловск аймағының тумасы Владимир Жұмақановтың да естеліктері кітаптың 159-160 беттерінде келтірілген. Оның да орынды себебі баршылық. Себебі, білім деңгейі онша емес Амангелді Смағұлұлы комитет төрағасы ретінде саясаткер Назарбаевқа оңаша жағдайда есеп бергенде жиі әлгі Володяны ертіп тұратын: ресейлік “абыз” қазақи физкультурникке баяндаманы ойдағыдай жасауға көмектесетін.

Сыншыл көзқараспен қатар Әбекеңнің мақтанарлық қасиеттерін ұмытпағанымыз да қажет. Кітаптың 167 бетінде ҚР ҰҚК генерал-майоры Тұрсын Айжолов Шабдарбаевтың өз қызметкерлеріне қарай қамқорлығын еске алады: “Үйінде озған түзде озады. Үш жарым жылда 1 500 пәтер салғызып, үлкен үйді қол астындағылардың игілігіне беруі – соның бұлтартпас айғағы”. Расында, атақты сәулетшіміз Қалдыбай Монтахаевтың (1950-2009) жоспары бойынша салынған Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас ғимараты әлемнің ең озық барлау ұйымдарының штаб-пәтерлерінен кем түспейді. Генерал жолдастың көптеген мақалалары мен сұхбаттарынан арасынан іріктелген үлгілер келтірілген. “Менің таңдауым…”-ның 183 бетінде “Казахстанская правда” газетінде 2007 жылдың 28 қыркүйегінде жарық көрген “Ғарыштық антитеррор” сұхбатын оқи аласыз. Біраз үзіндісін тілге тиек етейік: “Кеше Байқоңырда “Байқоңыр-Антитеррор-2007″ атты біріккен жедел командалық-штабтық оқу жаттығулары өтті. Осынау кең көлемдегі оқу жаттығу шарасының бірінші кезеңінде оқу бойынша диверсиялық-ланкестік топтарды анықтауда жедел-іздестіру шараларын өткізу мен ұйымдастырудың тәжірибелік мәселелері іріктелді. Лаңкестер рөлін Беларусь КГБ қызметкерлері, Қазақстан ҰҚК және Ресей Федерациясының ФҚК (ФСБ) ойнады”. Бұндағы алаңдататын жағдай: туыстас орыс пен белорус арнайы қызметтері қазақ ғарыш айлағын басып алғаны және біздің арнайы қызметіміз біріккен славян шабуылының алдында өз жерінде азшылық ретінде қалып қалғаны. Сонымен қатар, осы оқу жаттығудың тақырыбы да әбден қисынсыз боп көрінеді. Капитализмнің алапатына тап болған қазақтар қолына қару алса, Мақсат Қариев пен Руслан Күлекеев секілді гебист пен менттерге қарсы шабуылдар. Ескі-құсқы ғарыш айлағын қайтеді “құқық” қорғау орындарының террорына душар болған бұқара халық?!

Мақаламның соңында, осы кітаптың аудармашысы жөнінде бір ауыз сөз айтқым келеді. Негізінен, Алуа Таңжарықованың тәржімесі жаман емес. Алайда, оның еңбегінің бірсыпыра шикілеу жерлерінің айтпауымызға да болмас. Атап айтқанда, бөтен нақыл сөздерін аудармашы-ханым кейде сөзбе-сөз тәржімелеп, олардың қазақ баламаларын таппады. Мысалы, “Менің таңдауым…”-ның 202 бетінде белгілі француз нақыл сөзінің (Si jeunesse savait, si vieillesse pouvait) орыс аудармасын: “Если бы молодость знала, если бы старость могла”, – ол былай аударды: “Жастық білсе ғой, кәріліктің қолынан келсе ғой”, – дейді халық”. Әрине, бұндай нақышталған мақал-мәтелдің дәлме-дәл келетін қазақ әдебиетінен алынған баламаны табуы қиынға соғады. Бірақ, соның өзінде сөзбе-сөз аудармасын мүмкіндігінше пайдаланбағаны жөн. Мысалы, кәрі адамдардың даналығын былай сипаттауға болады: “Кәрі білгенді пері білмейді”. Ал, қарттың жігерсіздігін келесі мәтел арқылы жеткізуге болады: “Дәме бар да, дәрмен жоқ”. Есесіне, жаңа тұрмыс өкілдерінің қайратты болмысын мынадай сөйлемше бейнелеп сипаттайды: “Жастық — жалын, кәрілік — күл”. Сонымен, көркемділік құндылығы бар аударма түпнұсқаны сөзбе-сөз тәржімелемей, керісінше оны өзінше өңдеп, жаңғыртпақшы. Кейде, аударма өлшем жағынан өз түпнұсқасына пара-пар келеді, ал кейбір жағдайларда одан асып түседі.

Алуа бикештің маған тағы ұнамаған жері, оның мақтаншақтығы. Филология ғылымдарының докторы атағын себепсіз иемденіп көрінеді. Айналайын! Аударма ісінің құдайы, “Французша-орысша фразеологиялық сөздік” пен “Итальянша-орысша фразеологиялық сөздік”-тердің негізгі құрастырушысы және редакторы Яков Иосифович Рецкердің (1897-1984) өзі жасы 56-ға келгенде ғана қарапайым филология ғылымдарының кандидаты атанды. Хазар ғалымының шәкірттері арасында генсек Михаил Горбачевтың жеке аудармашысы Павел Палажченко да бар. Сондықтан, Таңжарықова жолдас жәй студент, әрі кетсе аспирант атанса – құба-құп болар еді. Ұлық болсаң, кішік бол!

Share
Likes(1)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email

Leave a Reply