Мамай мен дау-дамай

Бүгін, Алматы қаласының Медеу аудандық 2-тезі (соты) даушыл журналис Жанболат Мамайдың бас бостандығын шартты түрде үш жылға шектеді. Аңқаулау жандар үшін бүгінгі үкімнен кейін әлгі жазғыш шын мәніндегі саясаткер ретінде көрінуі мүмкін. Алайда, саяси-экономикалық дағдарысқа белшесінен батқан қазақ қоғамын алдау үшін Қара Орда жасанды оппозиционерлерді ойлап табуда. Баяғыдан бері, ұлы қазақ саясаткері, Рахат Мұхтарұлы Әлиев, осындай өтірік “күрескерлер” жайында бізді талай рет ескертті.  Көзіміздің алдында лек-легімен өтіп жатқан Серікжан Мәмбетәлин, Мұхтар Тайжан, Жанболат Мамай тәріздес Астананың өтірік қарсыластары халқымызды нағыз саяси күрестен адастырады.

Биліктің тізгінін ұстаған еліккіш қазекеңдер Мәскеудің көптеген саяси әдістерін пір тұтады. Ресейдегі жемқорлықпен “арпалысатын” ең белгілі тұлға – Алексей Навальный – сөз жүзінде Кремльдің қарсыласы ретінде әрекет етеді. Бірақ, жеме-жемге келгенде жас Ельциннен айнымайтын Алексей Анатольевич мафиялық Отбасының кезекті қуыршағы. Қырым аннекциясы, Донбас пен Сирия соғыстарына сағағынан  ілінген Ресейдің қазіргі көсемдері халықаралық трибуналдың қаһарына душар болса, Навальный немесе Ксения Собчак секілді “либерал періштелері” Кремль билігінің сенімді ізбасарлары ретінде мафиялық Отбасыны құтқармақ болмақшы. Астана мен Мәскеуді басып алған сұңғыла алыпсатарлар болашақтың неше түрлі варианттарын пайымдауда.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
18 views

Leave a Reply