Кеңес Одағы үшін адал қызмет еткен КСРО КГБ-ның генерал-майоры Зақаш Камалиденұлы Камалиденовтың (1936-2017) соңғы сұхбатын жариялаймын. 2016 жылдың күзінде, Алматы қаласында орын алған әңгімеміздің стенограммасын оқыңыздар, оның аудиожазбасын тыңдаңыздар.Бүгінгі жағдайды естідің бе?
Бүгінгі өзгеріс үкіметте?
Ну, комитет…
А, иә, иә. Естідім.
Масимов… Он же работу КНБ не знает.
А, иә, иә. Түсінікті. Кешіріңіз, сіздің керемет ұлыңыз болды ғой – Артур. Оған, не? Оның дұшпандары қастандық жасады ма? Неге солай ертерек кетті?
Ол, енді… Менің балам туралы жағдай солай, әлі ашылған жоқ. Ашылған жоқ. Ол – загадка. Крупный дипломат. Шетелде, Марсельде. Сондықтан, болашақтан күтемін.
Өйткені, ол Ресейдің үлкен өкілі болды. Солай емес пе? Францияда…
Қалай?
Ресейдің үлкен дипломаты болды Францияда. Ол өте үлкен жұмыс қой.
Иә, вот, Марсельде консул болды ғой Ресейдің.
Иә, иә. Соны айтып тұрмын.
Вот, сондықтан ол мәселе әлі ашылған жоқ.
Иә, өкінішті. Сондай жап-жас жігіт болды.
Иә, сондай, это өте қиын жағдай. Өсіп келе жатқан жігіт, талантливый. В общем, преградили.
Сіз өзіңіз татар емессіз бе?
Мен бе?
Иә.
Нарынқұм деген естідіңіз бе?
Аһа.
Нарынқұмда Исатай мен Махамбеттің елін естідіңіз бе?
Аһа, иә, иә.
Сол Нарынқұмда Исатай мен Махамбеттің ұрпағымын.
А, иә. Кешіріңіз, әйтпесе кейбір адамдар айтады: “Зәке – ол татардың баласы, өйткені оның фамилиясы ұқсайды татар фамилиясына”.
Ол, енді, анау арыз жазған адамдар болды ғой. Бұл Камалиденов неге сондай тез өседі?
А, иә, иә.
Вот, ЦК-ның секретарына дейін зырлап өсті. Оның себебі: “Қонаевтың әйелімен Камалиденовтың әйелі туыс екен”, – деп.
А, иә, иә.
Оның барлығы қате, дұрыс емес. Менің әйелім – қарапайым адам. Иә, қарапайым адам, Қызылордадан. Ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан, мен таза қазақпын, ешқандай қоспа жоқ.
Мүмкін, олар қызғаншақтар, осылай шығара береді.
Мектепті мен Гурьевте (қазіргі Атырау), Гурьевте Жамбыл мектебін бітірдім. Қазақ мектебін алтын медальмен бітіріп. Сосын Мәскеуге мұнай институтына түсіп, соны бітіріп Қаратонда, Күлсарыда, Тереңөзекте мұнайда жасадым. Сосын комсомолға шақырып, өзін қарсы алған менің ұстазым – Нұртас Оңдасынов.
Иә, иә. Өте үлкен кісі болды.
Вот, сол кітапта бар (Зақаш Камалиденовтың естеліктері “Өмір жолдары”, 2010 – Д. Н.) “Оңдасыновтың мектебі” деген. Сондықтан, жаңадағы Әнестен (баспагер Ғарифолла Әнес – Д. Н.) аларсыз.
Зәке, анау, мен неге осындай әңгімені қозғадым? Мысалы, білесіз ғой Нұрлан Нығматуллин деген, қазіргі үлкен саясаткер бар Нұрлан Нығматуллин.
Иә.
Ол туралы да айтады: ол татардың баласы, Қарағандының татары. Сол ғой, кейде осындай әңгімелер шыға береді.
Енді, ол қазір газеттердің жазуы дұрыс болса, сол Нығматуллин, мынау, әлгі Матаевқа қарсы “жұмыс жасады” депті ғой.
Иә, иә.
Мынау масқара ғой, енді!
Иә, Матаев – ол өте жақсы журналис қой.
Енді, атақты, бұл жер-жүзі айқайлап отыр. Алты жылға отырғызып, баласын – бес жылға. Не деген масқара?!
Енді, оның мүлігін тартып алу үшін шығар. Кім біледі?
А?
Оның фирмасын ұрлау үшін, тартып алу үшін. Сол.
Енді, Нығматуллин егер солай жасаған болса, ол ұят нәрсе.
Иә.

