3 views

Жымысқы қулықтардың дәлелі

Сыбайлас жемқорлық тәріздес күрделі қылмыстың әшекерелеуі  – қиынға соғатын нәрсе. Өйткені, көптеген жағдайларда пара беруші мен пара алушының ауызына құм құйылған. Оған қоса, осы қылмысты жасайтын адамдар әдетте тәжірибелі мамандар болып табылады. Сондықтан, олардың заңсыз әрекеттерін әшекерелеуі оңай дүние емес. Бірақ, “көкек өз атын өзі шақырады” демекші, кейбір жағдайларда қылмыскер өз жолсыздықтарын өзі еріксіз мойындайды.

Оңтүстік мафияның қолбасшысы, Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев (1949-2012), ресми түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Алайда, оның сыбайласы, тараздық кәсіпкер Сәуле Рысбаева 2013 жылы жарық көрген “Сұңқардың самғауы. Мемлекет қайраткері Сарыбай Қалмырзаев туралы естеліктер кітабы” жинағының 188 бетінде Сәкеңнің қазы-билерге жасалған ықпалы туралы былай баяндайды: “Сәл кідірістен соң Жамбыл облыстық сотының төрағасына телефон соқты. Жағдайды жан-жақты түсініп, біздің жұмысымызға зиян жасағалы жүргендер қаншама ірі болса да, аукционда заңды түрде алынғандықтан, әділ шешуді, өзінің бақылауында болатынын, Елбасының да білетінін тәптіштеді. Арғы жақтан да қанағаттанған дауыс сезіліп тұрды.

– Міне, Сәуле, бәрін естідің ғой. Енді мәселе оң шешілуі тиіс. Дұрыс болмай, әділеттілік бұрмаланып бара жатса, хабарлас. Жұмыстарыңа сәттілік тілеймін, – деп, орнынан тұрып шығарып салды. Сыртта, коридорда күтіп тұрған бірқатар кәсіпкер әйелдер менің шаруамның оңға басқанына өздерінің тірліктері біткендей қуанды.

Әрине, аталған мәселе орынды шешімін тапты. Он шақты кәсіпкер күні бүгінге дейін өз өндірістерін өрістете өркендетіп, сол ғимаратта жұмыс жүргізіп келеді”.

Осы оқиға Астанадағы 2000 жылы өткізілген кәсіпкерлердің республикалық форумында орын алған. Сол кездегі Қазақстан Республикасы президент Әкімшілігінің басшысы С.С. Қалмырзаев Н.Ә. Назарбаевтың ауызша нұсқауын атқарып, пысықай ұрғашы Сәуле Рысбаеваның сойылын соғып тараздық қазы-билерге қысым жасады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77 бабының 1 тармағына сәйкес, “Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады”. Алайда, іс жүзінде қазақ қазы-билері ең алдымен ҚР президенті Әкімшілігі іспеттес мекемелердің шашбауын көтеруде.

Шамамен, 2006-2007 жылы сол кездегі Алматы қаласының әкімі, Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовпен (1956- ), телефон әңгімесінің барысында ресейлік эстрадалық әнші Дима Маликов (1970- ) базынасын айтты. Игорь Крутой мен Денис Мацуев секілді келімсектермен достығына тастай берік Имекең мәскеулік Димекеңнің өтінішін екі етпей орындауға уәдесін берді. Ұзын сөздің қысқасы, қазақстандық құқық қорғау орындары танымал ресейліктің ырығына қарай әрекеттенуге мәжбүр болды. Алайда, “Құқық қорғау қызметі туралы”  заңы 14 бабының 4 тармағына сәйкес, “Қызметкерлер өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тек құқық қорғау органының басшысына, тікелей және уәкілетті басшыларына бағынады”.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email

Leave a Reply