Мырзағали Айтжанов: “Мықты боксшыларымыз бар”

2018 жылдың 16 сәуірінен бастап, Украинаның бұрынғы астанасы Харьков қаласында бокстан Қазақстан, Өзбекстан және Украинаның ұлттық құрама командаларының бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтті. Осы шараның тұжырымы 26-28 сәуірде орын алған жолдастық кездесу барысында жасалған. Жоғарыда көрсетілген командалармен бірге, Түрікменістанның жетекші боксшылары да былғары қолғаптарын түйістірді. Біздің шеберлеріміздің бас бапкері Мырзағали Айтжанов аталған жиын мен кездесу жөніндегі өз ой-пікірлерін паш етті. Оның сұхбатының аудиожазбасы мен стенограмасын төменде келтірілген.

Мәке, енді осындай, Украина сияқты, күшті бокс командасымен жолдастық кездесулерден қандай пайдасы бар сіздің дайындалу процесіне? 

Бірінші кезекте, біз, енді, бұл жерге біріккен оқу-жаттығу жиынға келдік қой. Сол себептен, біріккен оқу-жаттығу жиыны… Мынау Украина құрамасы және Өзбекстан құрамасы біріккен оқу-жаттығу жиын өткіздік. Былай айтқанда, тек қана ол Украинаға да емес, Өзбекстанға да, бізге де пайдасы бар. Неге десек, осындай мықты деген үш команданың біріккен жаттығулары өз пайдасын береді деген ойдамыз. Ал, енді мынау жолдастық, жолдастық кездесулер… Олар да жақсы өтіп жатыр. Былай айтқанда, жігіттер шеберліктерін шындайды практика ретінде. Сол себептен, мықты боксшылармен бокстасып, кем-кетігімізді көреміз.

Айтыңыз.

Айтып қойдым ғой.

Енді, осы Қазақстанның қатарында өнер көрсеткен былғары қолғап шеберлерінің арасында қандай жігіттер осы кездесу барысында сізге әсіресе ұнады, олардың деңгейі өсті? Қандай атап өтесіз?

Ұнады. Ұнады болғанда, әрине, мықты боксшыларымыз бар. Олардың әрқайсымыз бөле-жара айтпаймыз. Неге десек, барлығы жақсы деңгейде бокстасты. Қарсыластарына, әрине, байланысты. Мысалы, Василий Левитті айтатын болсақ, ол да осы жарысқа жақсылап дайындалып, қарсыластарын, жайша айтқанда, жақсы ұтып жатыр. Ал, енді Қамшыбек Қоңқабаевты айтатын болсақ, ол да осы жерде жақсы жағынан көрінді. Қарсыластары да оңай емес. Ал, енді Қайрат Ералиевті алатын болсақ, Қайрат Ералиевті бүкіл осы жердегі журналисі бар, украиндардың мамандары бар… Барлығы қол тұрып, қол шапалақтап. Былай айтқанда, Америкадан қатысуға Боб Арумдар, сондай промоутерлер, жаңағы, «ұсыныс жасаған жоқ па?» деп жатыр. Неге десек, боксына өте риза боп жатыр: көрсеткен шеберлігіне, техникасына. Сол сияқты, Асланбек Шымбергенов, Абылайхан Жүсіпов… Барлығы жақсы өнер көрсетіп отыр және жас боксшылар – Бек Нұрмағанбет, Айболды Дәуренұлы, тағы да мына Ержан Жомарт сияқты, Қалжанов, Ибрагимов. Қайсыны алсақ та, барлығы жақсы өнер көрсетті.

Осыдан жиырма жыл бұрын, біздің құрама командамыз анау кубалықтармен кездесіп, әжептеуір өз деңгейін өсірді. Қазіргі таңда, осындай кубалықтар сияқты бокстың шеберлерімен тағы да кездесуге қажеттілік бар ма осындай жолдастық кездесулерге?

Әрине, бар. Біз тек қана осы екі жыл ғана кубалықтармен кездеспедік. Ал, былайша, Куба елімен біз, мынау, Лондонның олимпиадасының алдында кездескенбіз. Лондоннан кейінгі уақыттарда да кездескенбіз: біріккен оқу-жаттығу жиындары және осы Қазақстанда болып жатқан президент Кубогына біз оларды шақырып, әр уақытта бірге, жаңағы, жаттығып жүрміз. Бірге жолдастық кездесулер өткіземіз. Сол себептен, олармен қарым-қатынас әлі үзілген жоқ.

Сондықтан, енді, Риодағы олимпиададан кейін көптеген тәжірибелі шеберлер сіздің командаңыздан кетті: кейбіреулер кәсіби бокска ауысты, кейбіреулер зейнеткерлікке шықты. Солардың орнын басатын жігіттер дайын ба? Әйтпесе, әлі олар шикілеу?

Енді, соған біз дайындалу үшін жұмыс істеп жатырмыз, бапкерлер алқасы. Бірақ, әрине, оған да кішкене уақыт керек. Бірақ, биылдың өзінде сол кеткен жігіттердің орнын басатын жігіттер көрініп уже көрініп қалды. Олар Бек Нұрмағанбет сияқты, мынау Бекзат Нұрдәулетов сияқты… Басқа да салмақ, қай салмақта алсақ, барлық салмақта қазір мықты боксшылар бар, жас.

Жарайды.                


Осы жолдастық кездесудің тұрпайы жағдайларын да атап айтуға тиіспіз. Кекілді ағайындардың төрешілігі көбінесе әділсіз болды. Мысалы, олардың үмітті үкілеген өкілі Евгений Барабанов біздің Абылайхан Жүсіповке қарсы басымен бірнеше рет қауіпті қозғалысын жасады. Шаршы алаңдағы төреші рингтің иесіне ешбір ескерту жасамады. Әлгі Ебекең қазақтың Әбекеңнен таяқ жесе де, жекпе-жектің жеңімпазы боп атанды.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
10 views

Leave a Reply