Бәсе, олардың сиқы мынау…

Қазақ журналистерінің арасында Украина астанасы Киев қаласын мекен ететін Айдос пен Наталья Садықовтардың орны өзгеше. Олардың “Бәсе” ғаламтор арнасы саяси тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралдарымыздың көшбасшыларының бірі де бірегейі. Көбінесе, ұлтжанды бостандыққа шақыратын, биліктегі жемқорларды әшкерелейтін бұл арна еліміздегі саяси жағдайға оң әсерін тигізуде. Алайда, оның күмәнді астары да баршылық.

2017 жылдың күзінде, Украинаның бас қаласында орын алған мынадай әңгімені құлағым шалды. Осы елдің саяси баспанасын сұраған алаяқ Жанар Ахметованың ісі бойынша әлгі Айдос Садықов былай деді: “Ол қайдағы Әблязовтың серіктесі?! Жанар сөзінің бұрыстығын мен айқын дәлелдедім“. Әлгі Ахметова ханым қашқын қаржыгер Әблязовтың серіктесі ретінде өзінді көрсетуге талпынды. Өз кезегінде, Мұхаңның байырғы серіктесі Айдос жырынды Жанардың Әблязовқа қарай талпынысына қызғанып, әлгі қатынды қашқын қаржыгердің қасына жолатпауға тырысты. Бір қызығы, Садықовтар әр бейнежазбасының түсініктемесінде жазады: “Әблязовтың бізге ешбір қатысы жоқ“. Қайткен күнде де, қомақты қаржысыз бұндай ғаламтор арнасын жүргізу мүмкін емес.

1986 жылдың 27 желтоқсанында "Вечерняя Алма-Ата" газетінде  желтоқсаншыларға қарсы жарияланған "Нам горько" мақаласы.

Қазақ билігінің кейбір бөлігі әлгі “Бәсе“-нің жанкүйері болып табылады. Былтыр, Киевте президент телерадиокешені жетекшісі Ерлан Бекқожинмен әңгімелесуге сәті түсті. “Ереке, Ереке” деп, қазақи сөйлесуге ұмтылдым. Алайда, Ерекең еуразиялық тілде жауап қатты. Әңгіменің барысында Бекқожин жолдас менен сұрамай ма: “Бәсе-мен байланысыңыз жоқ па?” Демек, еуразияшыл Ерекең екеш Ерекең де Садықовтардың ұстанымына өзінше сүйсінеді. Айтпақшы, оның әкесі, ақын Қалижан Бекқожин 1986 жылдың 27 желтоқсанында “Вечерняя Алма-Ата” газетінде  желтоқсаншыларға қарсы жарияланған “Нам горько” мақаласына қол қойды. Сайып келгенде, қазақтарға қарсы опасыздық Бекқожиндердің кәсібіне айналған дүние.

Жалпы алғанда, Айдос бауырымыз қызғаншақтау екендігі жасырын емес. 2017 жылдың желтоқсанында, украин демократиясын өзімше қолдап, Верховная Рада түбіндегі Майданға қатыстым. Кіндік Азия мен Қазақстанның жалғыз өкілі болдым осы тобында. Көп ұзамай, Майданға Адекеңнің өзі келді. Бірақ, аталған қозғалыстың қолдауының орнына ол мені шегіншектеу сарынында үгіттеді: “Майданның сыртына шықпа, әйтпесе депортацияланасың“. Қайдағы депортацияны тілге тиек етесің, Айдеке? Жер аудару түгіл, бостандыққа жетелейтін жолында менің украин полицейлерімен төбелескені де бар. Садықов жолдастың осындай жүріс-тұрысы жайында тәжірибелі украин офицері Валерий Василюк маған былай деді: “Ол қызғанып тұр. Украинадағы сенің журналис пен зерттеуші әрекеттерін көре алмайды“.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
17 views

Leave a Reply