Бөкең не дейді?

2021 жылдың 26 қазанында, еліміздің танымал бокс қайраткері Болат Тоқтарұлы Манкенов алпысқа толды. Қазақ спортының аңыз адамы Серік Керімбекұлы Қонақбаев пен жас кәсіпкер Икрам Исатайұлы Әбдікерімов секілді достарының арқасында Бөкең жігерлі әрі шабытты тіршілік етуде. Оның мерейтойына орай, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1983 жылғы бокстан КСРО жеке кубогінің иегері (ал, командалық есепте үшінші орынды қанағат тұтқан) және Қазақстан кәсіби бокс федерациясының Бас хатшысымен 2021 жылдың 23 қарашасында әңгімелестік.

Бейнесұхбатымыздың барысында екі сұрақтар қойылған. Ең алдымен, Бөкеңнен сұрағанымыз: неге күні бүгінгі дейін қазақтың аса ауыр салмақтағы былғары қолғап шеберлерінің арасында Теофило Стивенсон немесе Дэвид Туа секілді гүрзі жұдырықты боксшылар пайда болмады? Манкенов мырзаның пікірінше, алдағы уақытта қазекеңдердің қатарынан да жойқын соққыларының еңгезердей иелер шықпақшы. Демек, баяғы Әбдісалан Нұрмаханов, Александр Мирошниченко мен Мұхтархан Ділдәбековтың жетістіктерін одан әрі асқақтатып жіберетін батыр тұлғалы өскелең спортшыларымыздың болашағына сенім артады жұдырықтасудың ардагері. Содан кейін, Желтоқсан көтерілісінің 35-жылдығына орай бұл қайғылы оқиға туралы Болат Тоқтарұлының пікірін сұрадық. Оның айтуынша, 17 желтоқсан күні ол студенттер мен әскерилердің арасындағы қақтығыстар туралы білмесе де, Алматыға келген соң жергілікті қауымның қатыңқы қабағын байқағаннан кейін шерлі жағдай орын алғанын түсінді. Сайып келгенде, Бөкең де ұлтшыл пиғылдан аулақ жүрсе де, Қазақстанға келген бөтен жетекшіні жақтырмай, төл қазақстандық көсемнің билікке келуін қалады.

Боксшы Болат Манкеновтың қолтаңбасы.

Әрине, бейнесұхбаттымыздан да тыс әңгімеде Бөкең талай құнды ой-пікірлерін ортаға салды. Мысалы, оның ойынша көптеген қазақ кәсіби боксшылары осы спорттың қыр-сырын әлі толығымен игерген жоқ. Медициналық сақтандыру мәселелері, келісім-шарттардың сауатты рәсімдеуі, жекпе-жектердің тиісті дәрежедегі ұйымдастыру ерекшеліктері мен басқа сұрақтар бойынша біздің кәсіби боксшыларымыздың дайындығы күні бүгінгі дейін жеткіліксіз деңгейде қалып тұр. Тіпті, жұдырықтасудың қарапайым ережелерін оқи алмайды кейбір сауатсыздау спортшылар мен бапкерлер. Өз кезегінде, Бөкең спорт құрал-жабдықтарының саласында отандық өндірушілердің дамуына үлес қосуға тырысады. Мысалы, Қазақстан кәсіби бокс федерациясының жаттығу залы негізінен қазақстандық инвентарімен жабдықталған. Айтпақшы, Ресей отаршылдарына өзінше тойтарыс берді Бөкең және оның әріптестері. Биыл, әлгі федерацияның белгісі ауыстырылған. Енді, оның төбесінде еліміздің шекарасының мызғымас мәртебесін бекітілгендей Қазақстан жағрапиялық картасының нобайы суреттелген.

Өзге спорт түрлері жөнінде де қызық пікірлерін білдірді семейлік батыр Болат Тоқтарұлы. Оның пайымдауынша, азиялық елдерде аяқдоптың мүшкіл халі көбінесе ауызбірліктің жетіспеуіне байланысты. Демек, азиялық халықтардың командалық, бірлескен әрекеттерге икемділігі онша емес. Әркім өз қамын ойлануда. Сондықтан, ұйымдасқан футбол ойындарына азиаттардың қабілеті әлем шеңберінде байқалмайды.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
14 views

Leave a Reply