Ауылдың көңіл аударарлық хикаясы

Деректі фильмдердің режиссеры Болатхан Нүсімбековты баяғыдан бері танып тұрмын. Бөкеңнің “Қазақфильм” студиясындағы Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов пен Мәжит Беғалин сынды өнер жұлдыздарымыз туралы түсірілген қолтаңбасы өзгеше сан-алуан документалдық кинотуындыларын тамашаладым. Енді, еліміздің кинематографы мен классикалық музыкасы тарихының жілік майын шаққан тәжірибелі режиссер бұл жолы қазақ ауылының мүшкіл халінің тағы бір жоқшысына айналды.  Соңғы кездесуіміздің сыры да өзгеше. Шығыс Қазақстан аймағының жалпы жағдайына арналған таяуда өткізілген журналис зерттеулерім киногер Болатханның шығармашылық ізденістерімен үндестік тапты.

Шығыс Қазақстандағы Марқакөл елді мекені.

Менің Өскемен қаласына арналған “По обе стороны Ульбинского моста” мақаламды оқып шыққан соң, сұңғыла режиссер өз пікірін білдірді: “Сезімтал екенсің. Өскеменде із-түзсіз жоғалған адамдардың мәселесін қозғағаның дұрыс, бауырым! Расында, қай себептен қарт Алтайдың киелі топырағында хабар-ошарсыз жоғалған пенделердің саны өсті?” Өз кезегінде, киногер жасампаздық жоспарларының біразын ортаға салды: “Мен де Шығыс Қазақстанның мән-жайына жетуі мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының (ГЦНПК) арқасында “Ауылдың көңіл аударарлық хикаясы” — “Аул стратегического значения” атты жаңа деректі фильмін түсірудемін. Әлгі фильмнің тапсырыс берушісі — Қазақстан Республикасының Мәдениет пен спорт министрлігі”. Жылы шырайлы Бөкең құр сөзімен шектелмей, жаңа фильміне қатысы бар фото және бейне материалдарын көрсетті. Төл ауылымыздың ауыр жағдайы отансүйгіш режиссердің жанына батады. Мыңдаған елді мекендеріміздің арасында Болатхан Нүсімбеков Марқакөлдің жағалауында орналасқан қарабайыр ауылды сұрыптады.

Жанар-жағар май тапшылығының белгісі.

Шекаралас Күршім ауданында орын тепкен ауылдың халі мүшкіл. Табиғи байлықтар, жұмақтай ауа-райы мен еңбекқор жұртымен ерекшеленетін ауыл тозығы жеткен жолдар, жанар-жағар майдың тапшылығы мен сапасы нашар байланысқа душар болуда. Сайып келгенде, республикамыздың қолдауына зәру стратегиялық маңыздылығы бар ауыл жетімсіреп қалды. Франция, Италия тәріздес дамыған елдерді аралаған, оның спорт пен өнер жұлдыздарымен сырласқан Бөкең Атамекеніміздің осы жұпыны түкпірін еске алып, ауыр күрсінеді.  “Нанасың ба, мен үшін қораш көрінетін ауылдың күйбең тіршілігі қайдағы Париждің жалт-жұлт еткен мерекелі кештерінен ыстық! Сондықтан, Шығыс Қазақстанды мекен еткен қандастарымның өзекті мәселелері мені де толғандырып, жегідей жейді”.

Режиссер Болатхан Нүсімбеков.

Алайда, “үмітсіз шайтан” демекші, жастайынан мұңаймайтын жігерлі режиссер Болатхан Нүсімбеков өмірден торықпай, “Ауылдың көңіл аударарлық хикаясы” деректі фильмі арқылы еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Себебі, осындай да ащы шындыққа толы өнер туындылары болашақ Қазақстанның гүлденуін қамтамасыз етпекші.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
24 views

Leave a Reply