Category Archives: саясат

Бесінші колонна дайын тұр



«Вечерний Алматы» газеті атымен қазақ мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы болса, затымен Ресейге адал қызмет ететін парақша. Сергей Магнитский ісін жөніндегі «Вечерка»-ның ұстанымы Кремльдің парақор көзқарасынан айнымайды.


Олар 2013 жылының 11 шілдесінде «Вердикт по «делу Магнитского-Браудера» атты ИТАР-ТАСС агенттігінің ақпаратын бастырып алды. ГУЛаг-тың ресейлік ізбасарлары изоляторға қамалған, Ресейдегі жемқорлықпен айқасқан батыл заңгер Магнитскийді құртты. Бірақ, «Вечерка» Кремльдің адвокатына айналып, марқұмға (!!!) қарсы процесінен мынадай байбаламын көшіріп алды: «Магнитский организовал уклонение от ...

Likes(0)Dislikes(0)
14 views

Қос Болат – Қазақстан үшін апат


Еліміздің экономикасын қанайтын келімсек шонжарлар арасында оқта-текте қандастарымыздың төбесі де көрініп тұр. Жергілікті буржуазия қатарында ең елеулі тұлғалардың бірі – Болат Назарбаев пен Болат Өтемұратов. Біреуі – мызғымас падишахтың сантехник інісі, екіншісі – шошқа шұжығын тураған гастрономның бұрынғы директоры. Олардың байлығына есеп-қисабы жоқ. Алайда, ішкі дүниесі баяғы тоғышар қалпында.


2009 жылдың жазда Алматыдағы 292-83-16 телефонына қоңырау шалдым. Естуімше, бұл Байтұрсынұлы көшесі, 104/А (Абай даңғылыдан сәл жоғары) үйінде жұмыс істейтін Назарбаев Болаттың тікелей ...

Likes(0)Dislikes(0)
38 views

Қырғыз-қазақ тіленшектері



2013 жылдың 19 наурызда АҚШ қорғаныс министрлігі Қазақстан ІІМ-ге бірнеше автокөліктерін сыйға тартты. Қазақстан әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Неге күні бүгінгі дейін бейшара сияқты осындай қайыр-садақаны қабылдаймыз?! Біз Тәжікстан немес Мозамбик сияқты кедей мемлекет емеспіз! Иә, Терещенко, Қажыгелдін тәріздес кейіпкерлердің премьер-министрліктің кезінде валюта тапшылығына орай шетелден келген қайырымдылық көмегін алуға мәжбүр едік. Бірақ, бүгінгі таңда біз әл-ауқатты елдердің қатарына кірдік. Сондықтан, шетелдік қайыр-садақаның қажеттілігі жоқ.


Қасымов! Американдық елшісінен сұрамадың ба: «Ваххабит емессіз бе?

Likes(0)Dislikes(0)
16 views

Солтүстік көршіміздің озбырлығы



Әрине, біздің ірі көршіміз, Ресей Федерациясымен, достас қарым-қатынастарымызды орнатуға тиіспіз. Бірақ, осы шетел мемлекетпен аса жақын ынтымақтастық та керек емес. Ең алдымен, Ресейде елімізге қарсы ұлтшыл үрдістер баршылық.


Солтүстік көршіміздің әскери, саяси мен мәдени мекемелер казачество сияқты шовинисттік қозғалысын ашық түрде қолдауда. Казачество – қазақ халқының ата жауы. Тарихшы Мұрат Әбдіров «История казачества Казахстана» кітабында мынадай тұжырымын шығарады: «Три задачи выполняло казачество в Казахстане. Первая – ...

Likes(0)Dislikes(0)
23 views

Жабайы Есімов

Қазіргі Алматы ауылнайдың біршама жетістіктері де баршылық. Мысалы, қала бойынша кез келген кісі үшін ашық жүздеген тегін спорттық алаңдар салынған. Алайда, шопанның сұлтаны Есімовтың артық қылайын деп, тыртық қылған іс-әрекеттер басым. Әлгі Алматы метро бекеттердің біріне «Москва» деген бөтен атын қоюға жоспарланған. Әрине, осындай қадам біздің егемендігімізге өз кесірін тигізер. Ресейдің құрамасындағы Қазан метросындағы бекеттердің бірі – «Московская» деп аталатыны жұртшылығымыздың көпшілігі білмейтін шығар. Қазан мен Алматы метроларының тағы бір ортақ сипаты – дикторлар орысша сайрап тұр. Сонымен, татар ...

Likes(0)Dislikes(0)
16 views

Қытай дипломаттарының сыпайысыз қылықтары


Шығыс көршіміздің сыртқы істер министрлігі елімізге қарай салқын қабағын танытуда. Таяуда, бірнеше мелекеттердің азаматтарына Қытайға қысқа мерзімге визасыз кіруге рұқсат берілген. Олардың ішінде, тұрмыс-тіршілігі онша емес Румыния мен Украина да орын тапқан. Бірақ, қолы ашық қазақ туристтер үшін мынадай жеңілдік жасалмаған. Экономикалық жағынан біздің саяхатшылар ҚХР-на тиімді болса да, саяси жағынан отандастарымыз қытайлықтар үшін сыйлы қонақтың санатына жатпайды. Айтпақшы, достас Әзірбайжан мен Түркияның азаматтары да әлгі тізімге ілінген жоқ. Демек, Қытай дипломаттары басқа түркі тілдес мемлекеттерімен де қырғи қабақ.


...

Likes(0)Dislikes(0)
14 views

Алдамшы қадамдар


Мәңгүрт басшыларымыз егемендігімізді таптап, елімізді қайтадан Ресейдің құрамына енгізуге әлек. Әрине, халқымыздың басым көпшілігі мынадай отаршыл саясатына мүлдем қарсы. Сондықтан, былқ етпейтін билік екеш билік те қандастарымызды алдаусырату үшін көзбояушылық әрекеттеріне көшуде. Ғани Қасымов пен Талғат Мұсабаевтың патриоттық баяндамалар сөз жүзіндегі қадамдар. Ал, Назарбаевтың ресейшіл шешімдері іс жүзінде жүзеге асырылатын шаралар. Ресей және Беларусьпен ортақ парламентіне қарсы Ерлан Қариннің ұлтжанды демагогиясы біреулерді жалған үмітімен жұбатады-мыс. Бірақ, кеден мен еуразиялық одақтардың аясында жүйелі түрде қабылданатын стандарттар мен талаптар тәуелсіздігімізді бірте-бірте жоймақшы.

 

Likes(0)Dislikes(0)
7 views

Ұшақтың апаты халқымызды біріктірер ме?



Иә, жан түршіктіретін қайғылы оқиғадан соң саяси мен іскерлік қайшылықтарын біраз ұмытып, егемендігімізді одан әрі бірлесіп нығайтуға тиіспіз. Себебі, Шымкент өңірінде қаза тапқан шекарашылар атамекенімізді қорғайтын алдыңғы шептегі сарбаздар болған еді. Ұлттық аза тұту жарияланғаны дұрыс шешім еді, бірақ Қарағанды шахталарында мерт болған көптеген кеншілер, Қызылағаш аулында сел астында көзін жұмған ондаған диқандар немесе Жаңаөзенде полицай оғынан о дүниеге аттанған бір топ боздақтар үшін ұлттық аза тұту неге жарияланбады? Әлде кәдімгі адамдарын қара сүйек санатына енгізіліп, қауіпсіздік комитет қызметкерлері ақ сүйек санала ма? Әрине, осындай ...

Likes(0)Dislikes(0)
6 views

Қару-жарақ емес, жан алғыш кінәлі


Американдық Коннектикут штаттың Ньютаун қаласындағы орын алған сұмдық қантөгіс бүкіл әлемді дүр сілкіндірген. Бейкүнә балалар өмірлерін қиған жауыз жендеттің қылмысы адамгершілігіне мүлдем жат дүние. Алайда, Адам Ланца есуастың сұмырай қылығын сылтау етіп, қару-жарақ сауданы күрт шектету де дұрыс емес. Өйткені, кең көлемдегі қару-жарақтың айналымы қарапайым адамдарға қылмыс әлемінен сақтанудың кепілдердің бірі. Заңды түрде сатып алынған, құқық орындарда тіркелген тапанша-мылтықтар қарақшы мен ұрыларға қарсы құдіретті тосқауыл. Сондықтан, қайғылы оқиғаны сылтауратып, қатардағы азаматтардың өз-өзіңді қорғау мүмкіншіліктерін азайтуға болмайды.


 

Likes(0)Dislikes(0)
5 views

Ішкіштер ассамблеясындағы вакханалия



Саңылауы бар отансүйгіш азаматтар әрқашан Қазақстан халқының ассамблея жөнінде сыншыл көзқарасын танытуда. Осы орыс тілді ұйым мемлекеттік тіліміздің дамуына бөгет жасауда. Ұйғыр сепаратисттер секілді жік салушыларға қарсы үн қатпас. Әлгі ассамблея Маловодное, Шелек пен Маятастағы ұлтаралық қақтығыстарын алдын алу үшін қурай басын сындырмады. Сонымен қатар, қажеттілігі шамалы ұйым унитарлық Қазақстанның мәртебесіне қайшы келетін федеративтік құндылықтарды дәріптеуде. Демек, ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан бірыңғай қазақ халқының ұғымын орнына қырық құрақ іспеттес «қазақстан халқы» деген сорақы баламаны ұсынылуда. Әрине, жоғарыда келтірілген деректер баршаға мәлім. Бірақ, Қазақстан халқының ...

Likes(0)Dislikes(0)
11 views

Пётр Бірінші патшаның өсиетімен…


Қазақ қарулы күштер мен құқық қорғау орындарда қызмет ететін ер азаматтарға сақал қоюға тыйым салынған. Бірақ, қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде әскери адамдар мен милиционерлерге сақал қоюға болады. Мысалы, осы сілтемеден сақалды Иран жауынгерлерді көре аласыз:  izismile.com/2010/09/29/the_iranian_military_77_pics.html  Ал, мынау сілтемеде кейбіреу неміс жауынгерлер сақал қойды:  www.militaryphotos.net/forums/showthread.php?143692-PR-stunts-of-the-Bundeswehr-%28German-Army%29  Кейбіреу еркектерге сақал жарасады. Неге біз оларға жасанды шектеу қоямыз?! Әрине, әскери мен құқық қорғау орындарда қатаң тәртіпті орнатқаны дұрыс. Алайда, жауынгерлер мен милиционерлер роботтар емес қой. Олардың жеке талғамы мен ерекшеліктерді естен шығармау керек. ...

Likes(0)Dislikes(0)
9 views

Жетісудан Женеваға дейінгі қасқа жолы


Әлгі Қасым-Жомарт Тоқаев деген дипломат шетел мемлекеттермен байланыс орнатқанда тым сыпайы, аса шегіншек саясатты жүргізуде. Туған елінің мүдделерді қорғаудан гөрі бөтен елдердің сойылын соғуымен әуре болған космополит. Сондықтан, шетел саясаткерлер Тоқаевты аса бағалап, ерекше сый-құрмет көрсетуде. Мысалы, тоқсаныншы жылдардың орта тұсында алып Қытайдың жетекшісі Цзян Цзэминьнің өзі Қазақстанның сыртқы істер министрі Тоқаевты құшақ жая бірнеше рет қабылдады. Нәтижесінде, Атымтай Жомарттай қолы ашық Қасым-Жомарт қазақтың байырғы жерінің қомақты телімді қытайлықтарға сыйға тартуға ат салысты. Дегенмен, аты аңызға айналған Атымтай Жомарт жеке байлығының есебінен мәрттікті көрсете берді, ал ...

Likes(0)Dislikes(0)
33 views

“Мәз болады болысың, арқаға ұлық қаққанға”


Сөз жүзінде тәуелсіз ел болсақ та, іс жүзінде еркінсушіліктен аулақпыз. Биліктің тізгінін ұстаған миллионер-әкімдер баяғыдай шетел алпауыттар алдында бәйек қағуда. Байлығына есеп-қисабы жоқ Нұрсұлтан Назарбаев деген кейіпкер сонау қырық-елу жыл бұрын қалыптасқан жаман әдеттерден арылмай тұр. Ақсақал-партократ Батыстың жылтырауық атақтарды балаша көксеуде. Оның қазірігі асыл арманы – бейбітшілік жөніндегі шНобель сыйлықтың иегері атану. Әрине, физика мен химия сияқты ғылымдар жөнінде шНобель сыйлықтың беделі біршама тәуірлеу. Бірақ, әдебиет пен бейбітшілік сияқты гуманитарлақ салалар бойынша шНобель сыйлықтың беделі көптен бері күмән туғызуда. Өйткені, гуманитарлық сыйлықтардың иегерлері ерен еңбектен ...

Likes(0)Dislikes(0)
79 views

“Түзде мырзаң, үйде сырдаң”


Әлгі Дариға Назарбаева деген белгілі кейіпкері тәкаппарлау кісі екендігі жұртшылыққа мәлім дүние. Тіпті, әкім-министрлердің кейбіреулерін менсінбейді осы әйел. Жұмысшылардың отбасынан шықса да, жүріс-тұрысы патшайымға бергісіз. Оның балалары да кәдімгі қара домалақтар емес, ханзадалар! Әйтеуір, Қазақстанның шеңберінде Дариғаның жанұясы ешкімге дес бермес шығар. Соншалық паң болуы мақтанарлық нәрсе болар еді, егер әнші келіншек әркімге шекесінен қарар еді. Бірақ, бөтен жұрттың алдында Д. Назарбаеваның айла-құлықтары мүлдем басқаша. Еуразиялық медиа форумның шетелдік қонақтардың қалталарды қомақты қаржы-қаражатпен тығындады өнершіл бикеш. Онсыз да мәз-мәйрам қалпында өмір сүретін орыс тілді баспасөзді жан-тәнімен ...

Likes(0)Dislikes(0)
22 views

Кеден одағының қорғанысына дайын полицайлер



Ұлт мүдделерді саудаға салған сатқындардың асыл арманы – Кеден одағы – әр саяси құрылымдай сенімді қорғанысқа мұқтаж. Келешекте, диктаторлық режимдердің сорақы бірлестігіне наразы азаматтар Ресейдің озбыр саясатына қарсылық білдіру әбден ықтимал. Сондықтан, полицайлер сақадай сай болуыға тиіс. Әйтпесе, наразылықтың оқшауланған шерулер халықтың жаппай көтерілісіне ұласуы мүмкін. Жаңаөзендегі қарусыз мұнайшыларды атып тастауда ысылған жендеттер, Алматы қаласы мен Алматы аймағында өз тәжірибені одан әрі жетілдіруде. Ешбір қазы-бидің үкімсіз, ешбір прокурордың айыптаусыз және ешбір адвокаттың қорғаусыз мұздай қаруланған полицайлер белгісіз адамдарды қойша бауыздауда. Ең алдымен, Алматы ...

Likes(0)Dislikes(0)
9 views

Челахарда


1987 жылдың 24 ақпанда әлімжеттікке душар болған Қызыл әскердің қатардағы жауынгер Артурас Сакалаускас сегіз сарбаздарды атып тастады. Иә, жәбір көрген литвалық жигіттің қанды іс-әрекеті бүкіл ҚСРО-ның қоғамыны дүр сілкіндергендей болды. Алайда, «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қасіретті оқиға әлімжеттік санатына жатпайды. Ең алдымен, әлімжеттік деген құбылыс ел шетіндегі қызмет ететін сарбаздарға жат дүние. Олар құрылыс батальон немесе ішкі әскер сияқты мардымсыздау бөлімшелердей уақытты зая өткізбейді, нағыз азаматтық борыш атқаруда! Екіншіден, аузынан уызы кеппеген он тоғыз жасар Владислав Челах он ...

Likes(0)Dislikes(0)
20 views

Сергей Сейдуманов, Афанасий Есімов…


«Ақ патша жасай гөр!» Осындай ұранмен жамылған жергілікті әкімсымақтар бөгде елдің жетекшілер алдында жағымпазданумен әлек. Әлгі Алматының әкімшілігінің өкілі Сергей Сейдуманов орыс аюдың құшағына сағынып, әсем қаламыздың атыңды Алма-Ата қисынсыз атауға орысшалауды көксейді. Зиялы қауымымыз қынжылса да, әйтеуір қара Сергей скинхед-тақырбастарды разы қылуда. Бәлкім, Қазақстанға келесі рет баса-көктеп келгенде главпоп Кирилл қара Сергейді де медалькамен марапаттайды. Өте-мөте мәдениетті Сергей мен оның бастығы Афанасий Есімовтің главпоптың сый-сыяпатына бөленген Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен сенат төрағасы Қайрат Мәмиден қай ...

Likes(0)Dislikes(0)
36 views

Сезікті апаттар


Михаил Горбачев ұйымдастырған қайта құру барысында талай құпиялы оқиғалар орын алды. Олардың арасында күмәнді апаттарды тілге тиек ету керек. Жергілікті сатқындар қиянат келтірді ме, әлде шетелдік диверсанттар арнайы операцияларды өткізді ме? Әйтеуір, түрлі сала мен аймақтарда бүкіл ҚСРО-ны дүр сілкіндірген қайғылы оқиғалар сексенінші жылдардың соңында жиілеп бастады. Алып мемлекетті қиратуға жол ашқан тәртіпсіздіктер...


...

Likes(0)Dislikes(0)
8 views

Құбылғыш қазы-билер


Жырақта жан саулаған Мұхтар Әблязов пен Рахат Әлиев бірнеше жылдар бойы еуропалық әділет жүйесінді паналап жүрді. Оларға қарсы іс жүргізілсе де, қазақ жоқшылардың талаптары қанағаттандырылмады. Батыс елдерге сондай ауқатты қонақтарды күту тиімді боп көрінді. Соңғы айларда жағдайы сәл өзгерген. Лондон мен Вена Астанаға құлақ асып, әлгі босқындарды қысымға ала бастады. Әрине, жырынды шетелдіктер біздің тергеушілердің ізденістерді толығымен мақұлдамады. Соның өзінде де, Әблязов Францияға қашуға мәжбүрленген, Әлиев Мальтада тығылып тұр.

 

Likes(0)Dislikes(0)
8 views

Өзге елдерге тиімді одақ


Қазақ халқының ешбір рұқсатсыз құрылған кеден одағы ең алдымен Ресейге тиімді. Өйткені, сапасы көңілдегідей емес ресейлік тауарлар Беларусь мен Қазақстанның нарығында тұрақты үлесіне ие болады. Сонымен қатар, бірлескен шешімдерді қабылдау кезде Ресейдің жалғыз дауысы белорус пен қазақ қос дауыстардан басым шығады. Қазақстанға қарағанда, Беларусьтің да жағдайы тәуірлеу. Себебі, осы мемлекет біздің шикізат пен ауылшаруашылық өнімдерге зәру емес, керегіңді негізінен Ресейден алады. Бірақ, Қазақстан белорус жиһаз, тракторлар мен сүт өнімдерді кең көлемде сатып алуда, Минскіге пайда келтіріп. Сайып ...

Likes(0)Dislikes(0)
11 views