Баршаларыңызға мәлім, қазақ пен украин тілдері көптеген ортақ сөздерді пайдалануда. Мысалы, “домбыра” деген екі ішекті


Баршаларыңызға мәлім, қазақ пен украин тілдері көптеген ортақ сөздерді пайдалануда. Мысалы, “домбыра” деген екі ішекті
Орыс халқының демографиялық жағдайы Ресейдің жанашырларын көптен бері алаңдатуда. Жалпы алғанда, осы ұлыстың саны азайып
Қазақ филологы Лениншіл Рүстемовтің (1932-1993) ана тіліміздегі араб және парсы сөздерін зерттейтін кітабын осы
Атақты түркітанушы Ғұбайдолла Айдаровтың (1921-2001) «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» деген оқулығын тұңғыш рет интернетте
Ділмар, сөзуар дарын иелеріне халқымыз кенде емес. Олардың көбісі, жоғары білім алған кәсіби ақын-жазушылар екендігі баршамызға
Ағылшын, араб пен иврит тілдерін жетік меңгерген филолог әрі экономист Валерий Емельянов өзінің аты-шулы «Десионизация»
Ана тілімізге жасалынатын дискриминация Райымбек Баталов басқаратын фирмасының тарапынан тағы бір кемсіту әдісімен
Қазақ тіліне шетел тілдерін тікелей аударатын сөздіктер баяғыдан бері жарық көруде. Саясаткер Нұртас Оңдасынов араб пен
Бөтен мәдениетке қарай әсіре жалпақ шешейлігіміздің тағы бір көрінісі – тауарлар мен ұйым атауларының бөгде ықпалға ығып
2013 жылдың 29 қарашада саясаткер Н. Назарбаев «Болашақ» стипендиаттарымен кездесуін өткізді. Әдеттегідей, осындай кездесулер барысында кәнігі саясаткер неше түрлі пікірлерін ортаға салады. Бұл жолы да Шапыраштылардың көсемі бірнеше идеяларын паш етті. Олардың арасында тіл саясаты жөніндегі пікірлер елеулі орын алды. Миллиардер әрі президент тағы да қазақ қоғамы үшін ағылшын пен орыс тілдердің қажеттілігін сөз еткен. Бәлкім, оған жарнама үшін ағылшын пен орыс тілдерін даму қорлар ақшаны төлеуде. Алайда, осы мақаланың жазуына түрткі болған себебі басқа. Н. Назарбаев қате деректерін пайдаланды. Оның айтуынша, дүниежүзінде ...
Әлем тілдердің арасында аса әдемі, сөз қорының байлығымен көзге түсетін украин тілінің орны ерекше. Оның халық әндері, Тарас Шевченко мен Иван Франконың классикалық шығармалары өркениетті елдердің алтын қорына енген інжу-маржандар. Қазақ тілінің де қарқыны едәуір. Дастан-аңыздарымыз, Абай мен Мағжанның ғажайып өлеңдері де адамзаттың керемет жасампаздық үлгілердің қатарынан табылады. Алайда, солтүстік көршімізді билеп-төстеген надан ұлықтардың пайымдауынша, дипломатия істерін жүргізу үшін украин мен қазақ тілдері лайықты құралдар емес.
Шығыс көршіміздің сыртқы істер министрлігі елімізге қарай салқын қабағын танытуда. Таяуда, бірнеше мелекеттердің азаматтарына Қытайға қысқа мерзімге визасыз кіруге рұқсат берілген. Олардың ішінде, тұрмыс-тіршілігі онша емес Румыния мен Украина да орын тапқан. Бірақ, қолы ашық қазақ туристтер үшін мынадай жеңілдік жасалмаған. Экономикалық жағынан біздің саяхатшылар ҚХР-на тиімді болса да, саяси жағынан отандастарымыз қытайлықтар үшін сыйлы қонақтың санатына жатпайды. Айтпақшы, достас Әзірбайжан мен Түркияның азаматтары да әлгі тізімге ілінген жоқ. Демек, Қытай дипломаттары басқа түркі тілдес мемлекеттерімен де қырғи қабақ.
Егемен Қазақстанның жиырма жылдық мерейтойы өтсе де,
көптеген жағдайларда Кремльдің ықпалы бұрынғыдай жүргізіліп жатыр. Экономикалық пен әскери қоқаң-лоқысы былай тұрсын, мәдени саласындағы московиттерге тәуелді болуы қисынсыз боп көрінеді. Отаршыл
заманында тіршілік еткендей, тілмаштарымыз шетел туындыларды ең алдымен Ванька-Встаньканың аудармаларды пайдаланып, қазақ оқырман-көрермендерге жеткізуде.
Соңғы жиырма жыл барысында, жаңа атауларымыз пайда болды. Олардың көбісі парсы тілінен шықты. Мысалы, «мәжіліс», «қаһарман», «Астана» және тағы басқалар. Ол ол ма, жағымсыз естілетін «дәріхана», «мейрамхана» немесе «мәйітхана»-лар лег-легімен шұбатылып тұр. Ана тіліміздің қорындағы кірме сөздерді жоққа шығармаймыз. Бірақ, шет тілдерден алынған сөздердің саны шектен тыс шықпасын, олардың сапасы да төменгі дәрежеде болмасын.
Қазақ тіліңді білмейтін келімсектер былай тұрсын, біздің зиялы қауымның кейбіреу өкілдері ана тілімізге толық көшуге енжарлықты танытады. Бөтен ұлттың адамның көзінше орысша сайрағаны түгіл, тіпті қандастармен сөйлескенде солтүстік көршіміздің тілінде сырласатын қаракөздер жоқ емес.
Мәңгүрттерді тілге тиек етпеймін. Кәдімгі қазағуар кісілер туралы баян етіп тұрмын. Талаймен тікелей тілдестім. Мысалы, кәрістер үшін тиімді ересь жазатын Габдуллин Америкада бас сауғалап тіршілік етсе ...
Биыл тәуелсіздігімізге 20 жыл толса да, кіріптарлықтың талай нышандардан арылмай тұрмыз. Павлодар, Петропавловск пен Уйгур ауданға қазақи атауларды қоймай, жалтақтап қалдық. Солтүстік Қазақстандағы темір жолдың бір бөлігі әлі күнге дейін ресейліктердің қарамағында. Шаруашылық пен саяси бодандықпен қатар, рухани басыбайлылық та орын алуда. Мысалы, шетел тілдерден аударғанда, тікелей байланыстарды орнатпай көбінесе орыс тіліне жүгініп отырмыз. Тәржімелеу саламызда ұшқалақ түрік сериалдардан бастап, күрделі ғылыми ұғымдарға дейін баяғы Кремль ағайындарды еліктеудеміз.
Істемегені осы еді! Әлемдегі жетекші тілдердің қатарына әлі қосылмаған ана тілімізге қарсы аларман әкімсымақтар мен дүмше лингвисттер бәле бағып тұр. Соңғы жетпіс жыл ішінде, кириллицамен жазылған қазақ тіліндегі әдеби мен ғылыми қоры қалыптасқан. Халқымыздың басым көпшілігі осындай әліпбиге дағдыланған. Енді, бүйректен сирақ шығарып латиницаға көшсек, мыңдаған кітаптарды кириллицадан аударуға тура келеді. Оқушылардың шақадай басы шарадай болмақ. Ал, осындай өзгеріс «Атамұра»-ның қалтасын тығындайды, Құл-Мұхаммедтің сыбайластарды мәз етпек. «Мырқымбай» немесе «Myrqymbay» жазасың ба, бәрібір баяғы қалпында қаласың.