Әлгі Дариға Назарбаева деген белгілі кейіпкер тәкаппарлау кісі екендігі жұртшылыққа мәлім дүние. Тіпті, әкім-министрлердің кейбіреулерін менсінбейді осы әйел. Жұмысшылардың отбасынан шықса да, жүріс-тұрысы патшайымға бергісіз. Оның балалары да кәдімгі қара домалақтар емес, ханзадалар! Әйтеуір, Қазақстанның шеңберінде Дариғаның жанұясы ешкімге дес бермес шығар. Соншалық паң болуы мақтанарлық нәрсе болар еді, егер әнші келіншек әркімге шекесінен қарар еді. Бірақ, бөтен жұрттың алдында Д. Назарбаеваның айла-құлықтары мүлдем басқаша. Еуразиялық медиа форумының шетелдік қонақтарының қалталарын қомақты қаржы-қаражатпен тығындады өнершіл бикеш. Онсыз да мәз-мәйрам қалпында өмір сүретін орыс тілді баспасөзін жан-тәнімен қолдады Сары Арқаның адасқан қызы.


АҚШ саясаткерлері арасындағы ең озбыр кейіпкерлерінің бірі марқұм Ричард Холбрук болған еді. Ирак пен Ауғанстандағы соғыс осы Холбруктардың бастамасы екендігі тайға таңба басқандай анық. Қаһарлы американдықтан жасқанып, Дариғамыз 2004 жылы Алматыдағы «Палладиум» клубында оның туған күнің құрметіне керемет ойын-сауық кешін ұйымдастырды. Қазіргі таңда, отаршыл кеден одағына қарсы саңылауы бар қазақтардың бәрі тойтарыс беруге әзір. Бірақ, орекеңдердің алдында бәйек қағатын қарындасымыз басқыншыларды қолпаштауда. Иә, Томирис ханшайым емессің, Әлия Молдағулова мен Мәншүк Мәметовадай батыр емессің. Бір ғана артықшылығың бар — паспорт бойынша миллиардер жетекшінің қызы екенсің. Тіпті, пединституттың түлегі, Игорь Крутой сазгерсымақтың жанкүйері Иманғали Тасмағамбетов та сенен едәуір жоғары сатыда жайғасқан.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.