Жамбыл Жабаев. “Нарком Ежов” және “Ежов жолдас пен жолығыс”
Атақты ақынымыздың сталиндік халық комиссары (нарком) Ежов туралы дастанының орыс аудармасы ғаламторда жарық көрсе, осы туындының қазақ түпнұсқасы әлі күнге …
Атақты ақынымыздың сталиндік халық комиссары (нарком) Ежов туралы дастанының орыс аудармасы ғаламторда жарық көрсе, осы туындының қазақ түпнұсқасы әлі күнге …
1984-1989 жылдардың аралығында жарық көрген екі томдық сөздіктің электрондық көшірмесін тұңғыш рет ғаламторда жариялап отырмын. Бұл еңбекті келесі сілтемелерден тегін …
Орыс халқының демографиялық жағдайы Ресейдің жанашырларын көптен бері алаңдатуда. Жалпы алғанда, осы ұлыстың саны азайып барады. Сондықтан, олар ескі әдеті …
Егемен Қазақстанның жиырма жылдық мерейтойы өтсе де,
көптеген жағдайларда Кремльдің ықпалы бұрынғыдай жүргізіліп жатыр. Экономикалық пен әскери қоқаң-лоқысы былай тұрсын, мәдени саласындағы московиттерге тәуелді болуы қисынсыз боп көрінеді. Отаршыл
заманында тіршілік еткендей, тілмаштарымыз шетел туындыларды ең алдымен Ванька-Встаньканың аудармаларды пайдаланып, қазақ оқырман-көрермендерге жеткізуде.

Соңғы жиырма жыл барысында, жаңа атауларымыз пайда
болды. Олардың көбісі парсы тілінен шықты. Мысалы, «мәжіліс», «қаһарман», «Астана» және тағы басқалар. Ол ол ма, жағымсыз естілетін «дәріхана», «мейрамхана» немесе «мәйітхана»-лар лег-легімен
шұбатылып тұр. Ана тіліміздің қорындағы кірме сөздерді жоққа шығармаймыз. Бірақ, шет тілдерден алынған сөздердің саны шектен тыс шықпасын, олардың сапасы да төменгі дәрежеде
болмасын.

Биыл тәуелсіздігімізге 20 жыл толса да, кіріптарлықтың талай нышандардан арылмай тұрмыз. Павлодар, Петропавловск
пен Уйгур ауданға қазақи атауларды қоймай, жалтақтап қалдық. Солтүстік Қазақстандағы темір жолдың бір бөлігі әлі күнге дейін ресейліктердің қарамағында. Шаруашылық пен саяси
бодандықпен қатар, рухани басыбайлылық та орын алуда. Мысалы, шетел тілдерден аударғанда, тікелей байланыстарды орнатпай көбінесе орыс тіліне жүгініп отырмыз. Тәржімелеу саламызда ұшқалақ түрік
сериалдардан бастап, күрделі ғылыми ұғымдарға дейін баяғы Кремль ағайындарды еліктеудеміз.
Істемегені осы еді! Әлемдегі жетекші тілдердің қатарына әлі қосылмаған ана тілімізге қарсы аларман әкімсымақтар мен
дүмше лингвисттер бәле бағып тұр. Соңғы жетпіс жыл ішінде, кириллицамен жазылған қазақ тіліндегі әдеби мен ғылыми қоры қалыптасқан. Халқымыздың басым көпшілігі осындай әліпбиге дағдыланған. Енді,
бүйректен сирақ шығарып латиницаға көшсек, мыңдаған кітаптарды кириллицадан аударуға тура келеді. Оқушылардың шақадай басы шарадай болмақ. Ал, осындай өзгеріс «Атамұра»-ның қалтасын тығындайды,
Құл-Мұхаммедтің сыбайластарды мәз етпек. «Мырқымбай» немесе «Myrqymbay» жазасың ба, бәрібір баяғы қалпында қаласың.