Ізеттілікпен өткен киногер
Ізеттілікпен өткен киногер

Ізеттілікпен өткен киногер

Views: 11

Кинематография қайраткерлері арасында көбінесе қандай кісілер танымал боп көрінеді? Көркем фильмнің әдеби негізін қалайтын сценарист белгілі. Кинотуындының қойылымын шығаратын режиссер де көпшіліктің құрметіне бөленеді. Оның музыкасын жазған сазгердің де орны бөлек. Фильм кейіпкерлерін сомдайтын актерлер тіпті көрермендердің ерекше ықыласына ие болуда. Алайда, мәдениетіміздің күрделі саласы болған соң, киноиндустрия ұйымдастырушыларының маңыздылығы орасан зор. Голливудтың атақты продюсерлері жеке капиталдың қомақты қаржы-қаражатын жұмсап, қымбат әрі кең көлемді көркем фильмдердің түсіруге жол ашады. “Желмен әкетілген” киноэпопеясын түсіруге продюсер Дэвид Селзниктің қосқан үлесі өте маңызды. “Конан-варвар” ғажайып ертегісін шығаруға продюсер Дино де Лаурентистің сіңген еңбегі орасан зор. Қазақ кинематографиясының да керемет ұйымдастырушысын сөз етуге тура келеді.

Қазақ киногері Ізет Бошаев.

1924 жылғы 13 маусымда Жамбыл қаласында туған Ізет Бошаев, 2012 жылғы 29 қаңтарда Ресейде өмірден озды. Оның ата-бабасы Бошай би Әулиеата ауданында би болып, 1916 жылғы көтеріліске қатысқан. Ізекеңнің өзі ерлік танытып, Екінші әлем соғысына қатысты. Екінші дәрежедегі “Ұлы отан соғысы” ордені, үшінші дәрежедегі “Даңқ” ордені мен “Ерлік үшін” медалімен марапатталды. Ол 1942-1954 жылдардың аралығында КСРО қарулы күштерінде қызмет етті, 1954-1960 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекетттік педагогикалық институтында оқыды. Келешектегі киногер “Дорводстрой” трестінде қадрлар бөлімінің аға инспекторы боп жұмыс істеді. 1959 жылдан бастап зейнеткерлікке дейін ол “Қазақфильм” киностудиясының алдыңғы қатардағы ұйымдастырушы қызметкерлері ретінде көзге түсті. 1971 жылы, Ізекең КСРО Кинематографистер одағының мүшесі атанды, ал 2000 жылы Ресейге көшіп кетті.

"Транссібір экспресі" көркем фильмінің көрінісі.

Ізет Бошаев кейде фильм директоры ғана емес, кішігірім рольдерді де сомдады. Мысалы, оның дәлелі: “Транссібір экспресі” шытырман оқиғалы көркем фильмінің көрінісі. Дегенмен, осы кісінің ең басты жетістігі: дарынды ұйымдастырушы ретінде қазақ киноиндустриясын дамытуға қосқан үлесі. “За нами Москва“, “Атаманның ақыры“, “Қыз Жібек“, “Қан мен тер“, “Транссібір экспресі” мен “Год дракона” сияқты кең көлемді, күрделі көркем фильмдерінің қаржы, технологиялық пен өндіріс жұмысын Ізекең басқарды. Демек, оның адал әрі жігерлі ұйымдастыру шеберлігінің арқасында да еліміздің кинематографиясының табысты өнімдері дүниеге келді. Аты аңызға айналған фильм директоры қаталдау, жинақы кісі ретінде Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин мен Сұлтан Қожықов іспетті үлкен режиссерлердің үзеңгілес әріптесі болды. Актер Георгий Вицин мен композитор Александр Зацепиндей ол да темекі тартпайтын, арақ ішпейтін. Ылғи қара чемоданды тасып жүреді, өйткені осы дорбада фильм шығаруға бөлінген ақша мен құжаттар сақталған. Сайып келгенде, Ізекеңді социалистік кезеңнің майталман әрі сенімді продюсері деуге болады.

Ізекең басқарған “Гауһартас“, 1975, көркем фильмінде дәрігердің кішігірім рөлін өзі сомдаса, осы рөльдің дубляжін актер әрі театр режиссеры Нұрқанат Жақыпбаев жасады. Бірақ, фильм директоры Ізет Бошаевтың ізгі әрі шабытты еңбегі тиісті дәрежеде бағаланбады. Саясатқа жақындығы бар шығармашылық кейіпкерлеріндей Ізекең сыйлық, атақтарды алған жоқ. Сондықтан, ол Асанәлі Әшімов пен Ермек Серкебаев тәріздес пысық әртістерге қарай: “Хайуан!” деп қалжыңдаса кекететін. “Қазақфильм” киностудиясына біте қайнасқан Ізекең тіпті зейнеткерлікке шықса да, сүйікті кино ордасының кіре-берісінде вахтер ретінде жұмыс істеді.  Көзі тірісінде лайықты құрметке бөленбеген Ізекең қайтыс болған кейін де ұмытылған. Елімізде оның жарқын бейнесіне арналған бірде-бір көше, алаң да жоқ. Оның атындағы жас кинематографистерге арналған стипендия, сыйлық та берілмейді. Ізекеңнің жұбайы Лия Евгеньевна, оның орыс боп кеткен туған баласы Темір мен немересі журналист Юлия да оның жарқын бейнесін насихаттауға ешқандай әрекет жасамады. Бұл мәңгүрттенген жұртшылығымыздың тағы бір шерлі көрінісі емей немене?! Ізет Бошаев ұйымдастырған фильмдерде негізінен батыр, ару мен данышпан секілді ақсүйек кейіпкерлер көрсетілген, еліміздің сұлу жер-суы мен көне тарихы сипатталған. Ал, 1990-шы жылдардан бастап отандық киногерлер көбінесе елімізді даттайтын, кемсітетін өнімді білек сыбанып шығаруға кірісті. Олар негізінен рэкетир, жезөкше, нашақор мен алаяқтарды жырлайды.

Осы мақаламды дайындауға қазақ киносының ардагерлері: режиссер Сатыбалды Текеев, фотограф Рафат Бегишев пен продюсер Олжабай Мұсабеков қолғабыс берді.

Likes(0)Dislikes(0)
3 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply