Ұшақтың апаты халқымызды біріктірер ме?
Иә, жан түршіктіретін қайғылы оқиғадан соң саяси мен іскерлік қайшылықтарын біраз ұмытып, егемендігімізді одан әрі
бірлесіп нығайтуға тиіспіз. Себебі, Шымкент өңірінде қаза тапқан шекарашылар атамекенімізді қорғайтын алдыңғы шептегі сарбаздар болған еді. Ұлттық аза тұту жарияланғаны дұрыс шешім еді, бірақ
Қарағанды шахталарында мерт болған көптеген кеншілер, Қызылағаш аулында сел астында көзін жұмған ондаған диқандар немесе Жаңаөзенде полицай оғынан о дүниеге аттанған бір топ боздақтар үшін ұлттық аза
тұту неге жарияланбады? Әлде кәдімгі адамдарын қара сүйек санатына енгізіліп, қауіпсіздік комитет қызметкерлері ақ сүйек санала ма? Әрине, осындай …