Елу құлақты Сергей Маневичтың тағдыр соқпағы

2007 жылы, еліміздегі әскери төңкерістің сәтсіздікке ұшырағаны баршамызға мәлім. Жоғарғы биліктің тізгінін алуға ұмтылған топтың ең жойқын қару-жарағының бірі – телефон әңгімелері мен интернет байланысын қадағалайтын тыңшылық мүмкіншіліктері болған еді. Қазақстан жетекшілері мен ірі кәсіпкерлерінің телефон әңгімелері, электрондық хаттарын бақылау мақсатында жасырын әрекеттерді ұйымдастырған Жомарт Мәжренов, Серік Бүркітбаев, Серік Нұғманов, Владимир Богушевич және тағы басқа офицер-қызметкерлерге 2007-2008 жылдары тиісті жазалар кесілген. Бірақ, олардың тыңшы сыбайластарының бірі мен бірегейі жаппай қуғын-сүргіннен аман-сау құтылып, шетелге қашты.

Өскемен кәсіпкері Сергей Маневич.

1968 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген Сергей Георгиевич Маневич – Өскемен қаласының пысық тұрғындарының бірі болған еді. Нәтижесінде, шығыстағы қаламызды әбден игеріп, Алматы қаласының нарығына қарай бет алды. Көп ұзамай, оңтүстік астанамызда да Секең табысты жетістіктерге ие болды. Мысалы, 1976 жылдың 7 шілдесінде туған Марина Аркадьевна Клебанова тәріздес бай әулеттің өкіліне үйленді өскемендік жігіт. Сонымен, Алтайдан келген күшік күйеу жан-жақты іскерлік әрекеттерін қарқынды түрде өрбітіп жіберді. Мәселен, ол “Алмагүл” автосервис кешенін иеленді. Қоғамдық салада да ол алға қарай қадам басты. Сергей Маневич “Қазақстан Республикасы бойынша қапаста ғибадат ету” заңды тұлғалардың бірлестігі (Объединение юридических лиц “Ассоциация тюремного служения по Республике Казахстан”) атты христиан ұйымын басқарды. Осы мекеме 116 елдерде істейтін Prison Fellowship International дүниежүзілік ұйымының қазақстандық өкілеттілігі болып табылады.

Алайда, “қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің” демекші, өскемендік жігіттің шынайы құдіреті тыңшылық әрекеттерінің көмескі саласында орын алды. Әлгі автосервис кешенінің тасасында Маневич мырза мен оның сыбайластары кейбір Қазақстан жетекшілері және ірі кәсіпкерлердің телефон әңгімелерін тыңдады. Жазылған әңгімелер Рахат Әлиев, Александр Клебанов, Сергей Синицин және тағы кейбір кәсіпкерлер мен саясаткерлерге тапсырылған болатын. Сонымен, баптист сектасының көрнекті өкілі Сергей Маневич еліміздің шырқын бұзып, өз қылмыстық тобының қамын жеді. Оның жасырын құдіреті Қазақстанды қинаған өзге христиан террористі, католик сектасының біртуар өкілі Алексей Кекшаевтың құпиялы әрекеттерін елестетеді.

“Ағама жеңгем сай” демекші, өскемендік пысықайдың әріптестерінің арасында Лев Нахманович пен Зәуреш Тоқмолдаева секілді алаяқтар бар. Бұндай құнды досын сақтау үшін, әлгі Нахманович пен қашқын жандарал Әлнұр Мұсаев “ҚР ҰҚК қызметкерлері Сергей Маневичты тергеу изоляторында қинап, өлтіріп кетті” деп байбалам салды. Жылпос Мұсаев мырза бірнеше рет жалған ақпаратты таратқан болатын. Мысалы, биыл қашқын жандарал нашақор Айсұлтан Назарбаевтың өтірік ДНҚ талдауын жариялады. Рас, тергеу изоляторында кез келген тұтқынды құртып жіберуге болады. Алайда, сондай өлімді ешкім жасыра алмайды. Тек қана, пәлен тұтқынның қылмыстық ажалын табиғи себептермен түсіндірілгені болмаса, бұндай қазаны мүлдем бүркеп тастауы мүмкін емес.

Ең бастысы, 2016 жылы қылмыскер Маневичтың досы және әріптесі, бұрынғы хоккейшы Андрей Садоянның өзі маған айтты: “Сергей шетелге қашуға үлгерді”. Басында, мен ҚР ҰҚК агентінің сөзіне  нанбадым. Бірақ, жақында Клебанов отбасын жақсы танитын адам да маған мынадай ақпарат берген: “Маневич мырза Біріккен Араб Әмірліктерінде тығылып жатыр. Оның әйелі, Марина, қашқын күйеуіне анда-санда сапар шегеді. Әрине, қазіргі таңда бұрынғы уақытпен салыстырғанда Сергейдың маңыздылығы әлдеқайда азайған. Сондықтан, оның қыр-соңынан қалмайтын тергеушілер де жоқ”.  Дұрыс қой, бірақ менің мазамды басқа сұрақ алуда. Қашқын тыңшының туысқаны, дәрігер Александр Клебанов еліміздің телекоммуникация саласы алпауыттарының бірі. Қылмыскердің туысы, Израильдің азаматына аса маңызды өнеркәсібіміздің тапсырылғанының өзі ауыр қылмыс болып табылады. Байланыс саламыздағы ұзаққа созылған тоқырауы осындай келеңсіз жағдайлардың салдарынан да пайда болды.

Кезінде, “Тұран банкі” ісі бойынша сотталған ұры Андрей Коржов ҚР президенті іс басқармасы жетекшілерінің бірі болған еді. Қылмыскер Коржов еліміздің миллиардтаған долларларының жұмсалуын басқарды. Айтпақшы, ол шетелде қашқын ретінде жүргенде, Оңтүстік Африкандық Республикасында тығылатын. Енді, елу құлақты Сергей Маневич  Қазақстанға қайтадан оралса, оны аса маңызды лауазымға тағайындалуына таң қалмаңыздар.

Share Button
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
2 views

Leave a Reply