Әлем тілдердің арасында аса әдемі, сөз қорының байлығымен көзге түсетін украин тілінің орны ерекше. Оның халық әндері, Тарас Шевченко мен Иван Франконың классикалық шығармалары өркениетті елдердің алтын қорына енген інжу-маржандар. Қазақ тілінің де қарқыны едәуір. Дастан-аңыздарымыз, Абай мен Мағжанның ғажайып өлеңдері де адамзаттың керемет жасампаздық үлгілердің қатарынан табылады. Алайда, солтүстік көршімізді билеп-төстеген надан ұлықтардың пайымдауынша, дипломатия істерін жүргізу үшін украин мен қазақ тілдері лайықты құралдар емес.
www.europarl.europa.eu

