жаңаөзен
жаңаөзен

Орынды қысым


Бергі уақытта, қазақ төлқұжаты бар кейбіреу
тәуелсізсымақ журналисттер үстінен қылмыстық істер қозғалған. Әрине, бұндай құғын-сүргіннің басты себебі – Жаңаөзендегі қанды оқиғаның салдары. Себебі, биліктің қаһарына ұшыраған жазғыштар қасіретті
қақтығыстар туралы ақпаратты кеңінен таратып жіберді. Алғашқыда, шетелге жалтақтап қарайтын әкімсымақтар мен олардың жандайшап арнайы қызметтер жазғыштарды жазалауға бата алмады. Бірақ, Қытай мен
Ресей, Европа мен Америка аталған қантөгісті елемеген соң, қазақи гиммлерлер мен пиночеттер журналисттерді айыптауға жігерленіп кірісті. Әлбетте, сөз бостандығына жасаланған шабуылы жақсылықтың
нышаны емес.

Шетел журналистері асығар емес


Жаңаөзендегі қақтығыстар жөнінде халықаралық БАҚ тиісті дәрежедегі мақалалар-репортаждарды шығармай жатыр. Тіпті, www.drudgereport.com  және
www.ap.com секілді әлем жұртшылығына танымал сайттар осы оқиғаларды тілге тиек етпейді. Шетел саясаткерлер де үнсіздікті танытуда. Болмашы лауазымдағы бірен-саран
қызметкерлер ғана өз пікірлеріңді ортаға салды. Жетекшілердің нақты ұстанымы әлі белгісіз. Менің ойымша, шетелдіктер үшін мынадай жаңалық тосын көрінеді. Сондықтан, олар әзірше түбегейлі тұжырымды
жасамады. 

www.kmg.kz

Қазақстанның билігі де қолынан келгенше ақпарат легінді тұмшалауға әрекеттенеді. Жаңаөзен …