Дұрыс бағыттағы қорғаныс
Былтыр әскери саласындағы бірнеше маңызды оқиғалар орын алды. Мысалы, Дағыстаннан келген браконьерлердің бірі
шекарашыларымыздың оғынан қаза тапқан. Отардағы керемет әскери шеруі өтті. Бірақ, неше түрлі жетістіктерімен қатар елеулі олқылықтар да баршылық. Мысалы, Отардағы шеруі Қырғызстан және Өзбекстанмен
шекаралас аймағында өтті. Бұл мемлекеттердің тарапынан бізге айтарлықтай қауіп төнген жоқ. Әдеттегідей, осындай шаралардың басты мақсаты – қауіпті көршілерге күш көрсету болып табылады. Қазақстанның
төңірегіндегі ең қауіпті мемлекеттер – Қытай мен Ресей. Бірақ, қорқақ билік РФ пен ҚХР шекараларының маңайында әскери жаттығулар өткізбейді.