Шығыс көршіміздің сыртқы істер министрлігі елімізге қарай салқын қабағын танытуда. Таяуда, бірнеше мелекеттердің азаматтарына Қытайға қысқа мерзімге визасыз кіруге рұқсат берілген. Олардың ішінде, тұрмыс-тіршілігі онша емес Румыния мен Украина да орын тапқан. Бірақ, қолы ашық қазақ туристтер үшін мынадай жеңілдік жасалмаған. Экономикалық жағынан біздің саяхатшылар ҚХР-на тиімді болса да, саяси жағынан отандастарымыз қытайлықтар үшін сыйлы қонақтың санатына жатпайды. Айтпақшы, достас Әзірбайжан мен Түркияның азаматтары да әлгі тізімге ілінген жоқ. Демек, Қытай дипломаттары басқа түркі тілдес мемлекеттерімен де қырғи қабақ.

