“Балталыдан қалталы қауіпті”
“Балталыдан қалталы қауіпті”

“Балталыдан қалталы қауіпті”

Views: 4

1998 жылғы 10 маусымда, “Дат” газетінде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Сергей Терещенко мен оның Сергей Кулагин сияқты сыбайластарының қылмысын әшкерелейтін педагог Сейіткерім Қожаназарұлының “Балталыдан қалталы қауіпті” мақаласы жарық көрді.

1998 жылғы 10 маусымда, "Дат" газетінде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Сергей Терещенко мен оның Сергей Кулагин сияқты сыбайластарының қылмысын әшкерелейтін педагог Сейіткерім Қожаназарұлының "Балталыдан қалталы қауіпті" мақаласы жарық көрді.

Республикамыздың бұрынғы премьер-министрлерінің бірі Сергей Александрович Терещенкоға қатысты соңғы екі-үш жылда баспасөзде бірнеше аса маңызды деректер жарияланды. Оның барлығы дерлік, негізінен, ол Үкімет басқарып тұрған кезде есепсіз таратылған кредит жөнінде еді. Төмендегі үлкен әңгіменің алдында сол деректердің кейбірін қайта еске салу артық етпес.

С.А. Терещенкоға алғашқылардың бірі болып ГІарламентте Әкежан Қажыгелдин мынадай баға беріп еді: “Если вы намекаете на Сергея Александровича (бывший премьер Терещенко С.А.), которого я могу обвинить в одном — в полном непрофессионализме, то ничего он не украл, если бы он украл, он давно бы уехал“. (“Казахстанская правда”, 26.12. 1996г.).

Сергей Александровичтің іске қабілетсіздігін дөлелдеу үшін Әкежан Қажыгелдин бүкіл халық алдында тағы да: “Самый трудный для нас вопрос — это кредиты, полученные в 1992-1993 годах и в начале 1994 года“, — деген. Иә, дәл солай! Өндіріске, технологияға, жаңа техникаға жұмсалатын несие-миллиардтарды Сергейдің арқасында айлакерлер шетел көліктеріне, хан сарайындай коттедждерге, дүние мен дүкенге шашып жіберді. Терещенко Үкіметінің таратқан кредит иелерінің тізімі “Қарыз бен парыз” айдарымен жалпы жұртқа жария да болды (“Егемен Қазақстан“, 3.09. 1997ж., 5.09. 1997 ж.). Терещенко кезіндегі күйзелісті Әкежан Қажыгелдин “Егемен Қазақстанда” (13.08. 1997ж) айтқан мына деректен де айқын аңғаруға болады:
Егер 1993 жылы инфляция деңгейі 2 000 процент шамасында болса, ал 1996 жылы — бар болғаны 29 процент болды“.

Кейін Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ол кезеңге кінәлі адамды ашық атады да.
Терещенко басқарған Үкімет 1 АҚШ долларына 11 теңгемізді бағалап алып, іле-шала оны 24 теңгеге бір-ақ секірткені үлкен қателік болып шықты…” (“Егемен Қазақстан”, 18.11. 1997ж.). Бұны “қателік” дегеннен гөрі “қылмыс” деген орынды шығар.

Президенттен бұрын Мәжіліс депутаты Аблякимов Кемал:
И после этого г-н Терещенко пишет письмо в Парламент с юмором, а теперь его юмор государству обходится в 967 миллиона долларов” (“Казахстанская правда”, 26.12. 1996г.).

Сонда бұл қылмыс емей, немене?!

Көріп отырсыздар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап, Әкежан Қажыгелдин, депутат Кемал Аблякимов секілді зор тұлғалардың өзі ең беделді газеттерінде Сергей Терещенконың халыққа миллиард долларға жуық зиян шектіргенін өздері айтып отыр ғой! Ендеше бас прокурор, Ішкі істер министрі, Жоғарғы Сот оны қылмыскер ретінде неге жауапқа тартпайды? Бірақ таңқаларлығы сол — Сергей Терещенко премьерліктен түсірілді де қойды. Онымен далада да қалған жоқ, жедел түрде “Интеграция” қорын құра қойып, тағы бір май-шелпекке ие болды.

Сол қордың көмегімен “Интеграция — Целина” компаниясын ұйымдастырды (учредил). 1994 жылы оның басшылығына Сергей Витальевич Кулагинді сайлады. Ол — Терещенко премьер-министр болып тұрған кезде, вице-премьер қызметін атқарған. Қазір ауылшаруашылық министрі.

Бұдан соң 1995 жылдың басында халықаралық “Интеграция” қорының атымен Сергей Терещенко “Интеграция —Хлеб” деген акционерлік компанияны құрды. Бұрынғы қаржы министрі Бацула, нан өнімдері министрінің орынбасары Кинасов және басқа “дөкейлер” 500 мың теңге жарғылық қордың 350 мың теңгесін “Интеграция” төлесе, Кинасов — 40 мың теңге қалтасынан шығарды. Табыстың 70% Сергей Александровичтікі!

С.А. Терещенконың “қабілетсіздігімен” Кинасов екі аптада 3 рет несие алды. Бір ғана “Центрбанктен” (20.07. 1995 ж.) — 10,0 млн. теңге, одан бір ай өтпей жатып 35,875 мың теңге және “Интеграцияның” өзінен (15.07. 1995 ж.) — 29 900,0 мың теңге! Екі аптада 75 млн 775 мың теңге несие алу Кинасовқа ештеңе емес! Ал егер “Центрбанкке” көптің бірі болып мен барсам, 90 млн. теңгенің “залогын” әкел деп заң соғары хақ! Ал Сергей Терещенконың құрған “Интеграция — Хлебіне” “Центрбанк” 45 млн 875 мың теңгені 10 күн ішінде беріп отыр! 2 рет! Бүгінде “әттең кредит!” деп зар илеп отырған ауыл фермерлеріне 1 мың доллардан несие берсе, 75 мың фермер несиеге қарық болып қалар еді! 75 мың доллар! Олардың бірі, мен — 5 жыл болды “Агропромбанктен” несие ала алмай жүрмін. Ауыл күйзелмегенде қайтеді? “Интеграция — Хлеб” сияқты алпауыттар ауыл кәсібін сорып жатыр! Сергей Терещенко “Интеграция — Целина“, “Қызыл Орда — Интеграция” фирмаларын да құрып алған.

Интеграция — Хлеб” арқылы жасалған Терещенко мен Кинасовтың тағы бір тамашасы мынау: 1995 жылы тамыз-желтоқсанда “Интеграция — Хлеб” есеп шотына 5 млн 400 мың теңге және 1 млрд. Ресей рублі түскен. Сол ақшаға Кинасов не бидай бермеді, не ақшасын қайтармай отыр. “ААА и Г” фирмасының директорының шағымына орай қаржы министрлігінің қаржы-валюта комитеті (6.06. 1996 — 18.06. 1996ж.) ревизия жасады. Толық тексеріп, көп қылмыстың бетін ашты (24.07. 95ж.), 30 парақ материалды МТК-ның Экономикалық қылмыспен күресу басшысына тапсырды. Мемлекеттік тергеу комитеті 8/4-2-958 хатында (07.08. 96 жылы) “Интеграция — Хлеб” компаниясынан қаржы қайтарылуға тиіс деген. Терещенко С.А. “Қаржыңды сотпен ал!” деп біреудің ақшасын бермей, мысқылдап отыр. Басқаның 20 млн. теңгесін 2 жыл ұстау — бұл қай елде болмасын, қылмыс деп аталады. Мен өз басым өткен жылы 9-қазанда, биылғы 18-қаңтарда Қазақстан Президентіне телеграмма салдым.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына 3 рет, Алматы прокуроры Мерзадиновқа бір рет арыз жаздым. Осы Терещенко — Кинасов қылмысы туралы 1997 жылы 2 желтоқсаңда “Жас алаш” газетінде “Қор ма, құрдым ба?” деген мақалам жарияланды. 1998 жылы 12 қаңтарда кешкі 19-20 сағатта “Азаттық” радиостанциясы арқылы осы арызым эфирге шықты.

Бас прокурордан арызым Қалалық ІІБ тергеушісі — Ж. Арыстановқа тірелді. Ол Кинасовты 1997 жылдың желтоқсанынан бері “таба алмай” жүр, ал Сергей Терещенконы тергеу ойына да кірмейді. Есесіне ол менің балам Қожаназаров Хаджимұратты тергеп жүр. Президентке кеткен телеграммаларым нәтижесіз қалуда.

Менің осы арызымды “Дат” газеті толық жарияласа, Жоғарғы тәртіптік кеңесі біздің елдегі адам құқығын қорғайтын мекемелердің бастықтары — Бас прокурор, II министрі, Жоғарғы Сот — қылмыскерлерді қалай жазалайтынын осы мақалаға орай берген жауабынан қадағаласа деп өтінемін.

ААА и Г” фирмасының қаржысы қайтарылуы тездетілмесе, жас бизнесменнің (Х. Қожаназаров) 2 жыл 4 айда көрген құқайы, моральдық азабы, өміріне төнген қаупі өте ауыр.

Сейіткерім ҚОЖАНАЗАРҰЛЫ, “ААА и Г” фирмасының сенімді өкілі

РЕДАКЦИЯДАН: Автор бұл материалында айтылган өр сөзі мен алға тартқан дерек-дөйектеріне дәлел ретінде бізге 19 түрлі құжаттың көшірмесін қоса тапсырган. Олардың ішінде: “Фрунзе (қазіргі Медеу) аудандық халық сотына талап-арыз“, “КРII министрі Қ. Сүлейменовке және КР Бас прокуроры Ю. Хитринге жазган хат“, “Алматы қаласының прокуроры Мерзадиновке шағым-арыз“, бұл “талап-арыз“, “шағым-арыздарда” көрсетілген фактілер бойынша әр түрлі мекемелердің түсініктеме хаттары, қилы-қилы актілер, С.А. Терещенко және оның маңайындағы кейбір лауазымды адамдардың заңға сыймас бірқатар іс-қылықтары жөнінде жарияланған газет материалдары, т.б. бар. Бұлардың көбі жоғарыда біз жариялап отырған мақалада көрсетілген фактілерді растай түседі… Бірақ ең соңғы құжатқа келгенде, меселенің бәрі тұйыққа, су аяғы құрдымға тірелгенін көреміз. Ол құжат — мақаладағы басты кейіпкерлердің бірі болып отырған В.С. Меграбянның үстінен қозғалған қылмыстық істі доғару туралы қаулы. Бұл қаулы Алматы қалалық Ішкі істер басқарма-сының тергеушісі, аға лейтенант Ж.С. Арыстановтың төргеу қорытындысы бойынша шығарылған. Осымен іс біткен сияқты. Тергеу, тексеріс, іздестіру, сонда кімнің пайдасына шешіліп отыр? Күштілер тағы да күштілігін жасап кеткен жоқ па екен? Әлде “балталымен ойнасаң да, қалталымен ойнама” деген осы ма? Сұрақ көп. Жауабы жоқ. Ал арыз-шағым иесінің шақшадай басы шарадай болып, әрі материалдық, әрі моральдық зардап шегіп жүрген түрі мынау.

Likes(0)Dislikes(0)
2 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply