«Описание киргиз-казачьих,или киргиз-кайсацких,орд и степей»

Атақты орыс тарихшысы Алексей Лёвшин (1798-1879) қазақ халқының Геродоты ретінде саналады. Алексей Ираклиевичтің осы кітабы біздердің тарихқа арналған тұңғыш ірі зерттеу болып табылады. 1996 жылы, Алматыдағы «Санат» баспасы әлгі туындыны қайтадан шығарды. Интернетте осы басылымның цифрлық көшірмесі жарияланған. Бірақ, оның кең көлемдегі жағрапиялық картасының цифрлық нұсқасы күні бүгінгі дейін жарық көрмеді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Қазақстанның ежелгі даласын сипаттайтын қартаны сканерден өткізіп, оқырман қауымының назарына ұсынамын.

Алексей Лёвшиннің "Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей" кітабындағы жағрапиялық карта.

 

Осы жағрапиялық картаның менің қолыма түскенінің тарихы да қызық. Тоқсаныншы жылдардың соңында — екі мыңыншы жылдардың басында, мен Алматыдағы кітап дүкендерінің ең белсенді сатып алушыларының бірі болған едім. Лёвшиннің ғаламат еңбегін Абай даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында орналасқан «Алматыкітап» сауда кәсіпорынынан сатып алдым. Бірақ, сол күні кітаптың ішінде әлгі карта салынған жоқ еді. Енді, бірнеше күннен кейін бұл дүкенге тағы да келдім. Оның сатушысы мені танып, осы картаны маған табыстады. Неткен керемет оқиға!

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
141 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

One thought on “«Описание киргиз-казачьих,или киргиз-кайсацких,орд и степей»”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.