Ауызына құм құйылған Ислам
Ауызына құм құйылған Ислам

Ауызына құм құйылған Ислам

Views: 20

Жаңа Қазақстан ерекшеліктерінің бірі — танымал спортшылар шектен тыс қолдауға иелік етуде. Сайланбаған губернаторлардың арасында да атлеттер байқалуда. Ұлттық компаниялар, банктердің тізгінін ұстайтын чемпиондар аз емес. Ақ түйенің қарны жарылғандай сый-сияпат, көлік, коттеджтердің легі боксшы-штангист, палуан-каратистердің үстіне жомарттылықпен төгілуде. Бұндай жүгенсіз кеткен тоңмойын пысықайлардың арасында еркін күрестің шебері Ислам Ильясович Байрамуковтың орны бөлек. Сөзуар қарашай балуаны спорт министріне де ақыл-кеңес берді, теледидар жүргізушісі ретінде де әрекет етуде, асыл тұқымды жылқы өсіруімен де шұғылданады осы кейіпкер. Тіпті, “Dura lex, sed lex” (“Заң қатал болса да, ол — заң“) латын нақыл сөзін ішінара келтіреді тоқаев-примаковтың ұлттық құрылтайның мүшелігіне кірген, қалалық депутаттыққа мінген қапқаздық спортшы.

Руслан мен Расул Байрамуковтардың туған күндері.

Алайда, ертегідегі кіршіксіз таза абыздай жұртшылықты тәртіпке шақыратын Ислам Байрамуков күдікті туыстарын сөз етпейді. Мысалы, 1969 жылғы  бірінші наурызда туған оның ағасы Руслан Ильясович Байрамуков кейбір ақпараттық көздерге сәйкес ұйымдасқан қылмыстың белсендісі болып табылады. 2002 жылы жарияланған “Организованная преступность Казахстана: кто есть кто” тізімінде Руслан Байрамуков атақты қарақшы Талғат Атабаев (1967-2005) басқарған “Атаба” қылмыстық тобының мүшесі ретінде келтірілген. Әрине, көгілдір экранда көп сөйлей беретін Ислам кезінде Байрамуковтарды жарылқаған еркін күрестің шебері Талғат Атабаевты да еске алмайды.

1984 жылғы 12 мамырда қазақстандық "Спорт" газеті жас балуан Талғат Ғалымжанұлы туралы "Алда -- Спартакиада" мақаласын шығарды.

1984 жылғы 12 мамырда қазақстандық “Спорт” газеті жас балуан Талғат Ғалымжанұлы туралы “Алда — Спартакиада” мақаласын шығарды. Такеңді танитын жетісулық тұрғындардың айтуынша, әлгі қарақшы спортшы ешкімнен тайсалмайтын. Жемқор мент болса да әлде чешен-үнгіш жендеті болса да, әлгі еркін күрестің шебері бұндай қарсыластарға тойтарыс берді. Ақыр соңында, кгб-фсб қазақстандық бөлімшесінің қызметкерлері батыр тұлғалы Атабаны өлтіріп тастады. Сөз жоқ, оның кінәсі шаш етектен болса да, Александр Клебанов немесе Михаил Ломтадзе сияқты одан да мейлінше зор қылмыскерлер тайраңдап жүр. Өйткені, қазақи Атабадай емес олар “израиль“, Ресей секілді  мықты елдердің ұйымдасқан қылмысының өкілдері.

Сонымен қатар, тележүргізуші Ислам Байрамуков еліміздегі Солтүстік Қапқаздың спорт гастарбайтерлерін қолынан келгенше қорғап тұр. Мәселен, қазақтардың арқасында байыған ноқай түйе балуаны Юсуп Батырмурзаев ірі додаларда оңбай ұтылып тұр. Алайда, оның қарашай жақтаушысы миллиондаған телекөрермендердің алдында икемсіз атлетті ақтап тұр: “Юсуптың жолы болмады, оның көңіл күйі ойдағыдай емес“. Қазақстанға тура осындай зиянды осетин аяқдоп бапкері Станислав Черчесов келтірді. Халықаралық ойындарда оңбай ұтылып жатса да, осы қапқаздық футболшы миллион доллардай жалақаны алып, ауылына қайтты.

Likes(0)Dislikes(0)
19 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.