АЭС-тің де сұрауы бар
АЭС-тің де сұрауы бар

АЭС-тің де сұрауы бар

Views: 13

Жақында, елімізде атом электр станциясы салу жөніндегі референдум өтті. Әрине, оның нәтижелері күмәнді боп көрінеді. Мысалы, менің туыс-таныстарымның көбісі АЭС құрылысының бастамасын жақтырмайды. Бірақ, өз басым, атом қуат көзін ең тиімді әрі таза энергияның түрі деп санаймын.

Карикатура: карикатурный президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев стоит на стремянке и вешает на стену портрет президента России Владимира Путина, говоря: "Непобедимый"

Қазіргі таңда, Қазақстан үшін АЭС салу идеясы негізінен мынадай қауіп төндіреді. Электростанция құрылысының ықтимал мердігерлері – Қытай, Оңтүстік Корея немесе Ресей. Осы елдер дамыған мемлекеттердің қатарына жатпайды. Олардың тауар-қызметтерінің сапасы да онша емес. Оған қоса, Қытай, Оңтүстік Корея немесе Ресей АЭС салу байқауында жеңсе, міндетті түрде осы жобаның ең ақшалы, ыңғайлы жұмыс орындары кәріс, қытай немесе орыс азаматтарына беріледі, ал қазақтар көбінесе вахтер, сыпырушы сияқты төмен дәрежедегі жұмысты атқарады. Бұндай әділетсіздікке біздер талай рет куә болдық. Мәселен, «Байқоңыр» ғарыш айлағында бастық-инженер жұмыстарын әдетте Ресей өкілдері орындаса, өз кезегінде қазақтар негізінен қоқыс жинау секілді кір міндеттерді атқарады. Сондықтан, АЭС салу аса маңызды жобасын Жапония немесе Канада секілді дамыған әрі бейбіт елдерге тапсырғаны жөн. Жапондықтар немесе канадалықтар қазақтарға тәуір жалақыны төлеп, отандық атом кадрларын тәрбиелеуге де ат салысады.

Тағы да айта кетерлік жәйттер. Біріншіден, КСРО мен Ресейдің атом саласындағы көптеген ғылыми-техникалық әрекеттері адамзатқа қауіп төндіретін дүниелер: Семей атом сынақ алаңы, Чернобыль АЭС апаты, “Курск” атом сүңгуір қайығының апаты… Екіншіден, қазіргі таңда ресейшіл топтар атом терроризмімен шұғылданады. Мысалы, Украинадағы аса ірі Запорож АЭС-ын ресейшіл террористер басып алды. Әлбетте, ресейлік АЭС елімізде салынса, ол да Қазақстандағы Ресейдің кезекті әскери базасына айналмақшы. Демек, Путиннің туған күнінің қарсаңында өткізілген референдум ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, ресейлік ескірген технологияларды елімізге таратпақшы.

Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайды да есте сақтағанымыз жөн. Таулы Қарабақтағы соғыста орысшыл күштер ойсырата ұтылды. Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстарда Ресейдің одақтастары да ауыр ұтылысқа душар болуда. Украинадағы соғыста Ресейдің өзі Қара теңіздегі әскери флоты мен бомбалаушы авиациясының жүздеген ұшақтарынан айырылып, Курск аймағының елеулі бөлігін Украинаға беруге мәжбүр болды. Сайып келгенде, жалпы алғанда, Ресейдің болашағы баянсыз, көмескілеу боп көрінеді. Айтпақшы, сонау 2017 жылы, Шығыс Қазақстанның тумасы, орыс үкіметінің бұрынғы вице-премьері Михаил Полторанин маған берген сұхбатында ағынан жарылып, бүкпесіз айтты: «Үш жылдан кейін Ресей быт-шыт болып, ыдырап кетеді». Олай болса, Ресеймен неғұрлым тығыз байланысты сақтасақ, соғұрлым таяқ жемекпіз. Бүгінгі күннің өзінде, орыс экономикалық отары болған соң, Гугл қарталары мен «МакДональдс» тәріздес беделді халықаралық қызмет-тауарлардан айырылдық. Батыс пен Ресей арасындағы толыққанды соғыс басталса, біздер де «екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледі» демекші, қыруар шығынға батамыз. Сонымен қатар, елімізде орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Балқаштағы радиолокациялық станция мен жоспарланатын ресейдік АЭС (Кремльдегі ақ патшаға сыйлық!) сияқты Ресейдің әскери базалары НАТО соққыларына душар болмақ. Яғни, мыңдаған кінәсіз қазақтардың қаза табуы да әбден мүмкін!

Likes(0)Dislikes(0)
12 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply