Байланыс саласындағы саяси қателік


Тәуелсіздігімізге 19 жыл толса да, халықаралық телефон кодымыз әлі де ресейлік +7. Тіпті солтүстік көршімізбен одақтас
мемлекетті құрған Беларусь
+375 жеке кодына ие. Ресейдің әскери серіктесі Армения да +374 жеке кодына ие. АҚШ-тың құрамында
саналатын Пуэрто-Рико да +1787 жеке коды пайдалануда. Израильдің құрамында Палестина автономиясы да +970 жеке кодты иемденуде. Орысшыл бастықсымақтарымыз Ресейдің халықаралық телефон кодты қимай
тұр.


Views: 0

Тәуелсіздігімізге 19 жыл толса да, халықаралық телефон кодымыз әлі де ресейлік +7. Тіпті, солтүстік көршімізбен одақтас мемлекетті құрған Беларусь +375 жеке кодына ие. Ресейдің әскери серіктесі Армения да +374 жеке кодына ие. АҚШ-тың құрамында саналатын Пуэрто-Рико да +1787 жеке кодын пайдалануда. Израильдің құрамында Палестина автономиясы да +970 жеке кодын иемденуде. Орысшыл бастықсымақтарымыз Ресейдің халықаралық телефон кодын қимай тұр.

 


Қызыл дискті телефон.

Бәлкім, шектен тыс ырымшылдыққа берілген әкімсымақтар +7 халықаралық телефон кодын пір тұтады. Шіркін, әдемі цифра Қазақстан байланыс саласындағы қымбат бағаларды азайтса, төмендеу сапаны арттырса! Ең бастысы, біздер Ресейдің губерниясы емеспіз, дербес кодты орнатуға міндеттіміз. Сонымен қатар, отандық компаниялардың үлесі өсуге тиіс. Түркия, Швеция, Ресей мен тағы басқа елдердің фирмалары Қазақстан телекоммуникацияларына зор ықпал етуде. Ұлттық қауіпсіздікке қатысы бар бұл салада шетелдіктерді тізгіндеу қажет.

Likes(0)Dislikes(0)
11 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply