Бибауырмал Бигелді

Естеріңіздерде болса, 2004 жылы белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин «Central Asia Monitor» деген апталық газетінің негізін қалады. Ең алдымен, Бәкең плагиат жасады. 1992-2002 жылдардың аралағында, диссидент Валерий Чалидзе «Central Asia Monitor» атты ғылыми журналын шығарды. Оның бас редакторы Давид Налле болған еді. Неміс түркітанушысы Десмонд Дуркин-Майстерэрнсттің (Desmond Durkin-Meisterernst) арқасында, аталған журнал мұқабасының фотосуретін ортаға саламын. Әйтпесе, бүкіл ғаламторды аралап өтсеңіздер, оның мұқабасын тауып алмайсыздар. Сонымен қатар, осындай ағылшын атауы біздердің күрделі геосаяси жағдайымызды теріс сипаттайды. Кеңес Одағының ғалымдары Кіндік Азия аймағын дәлме-дәл «Казахстан и Средняя Азия» деп атады. Өйткені, Қазақстан мен Орта Азия республикалары мәдени, экономикалық тұрғыдан алып қарағанда — бөлек елдер. Біздерде өзбектер мен тәжіктерге тән діни фанатизм жоқ. Еліміздің ауыл шаруашылығы негізінен дән егу мен мал бағумен шұғылданса, оңтүстік көршілеріміз көбінесе жеміс-жидекті өсіреді. Сондықтан, осындай ірі әрі күрделі аумақты «Central Asia» деген бірлескен ұғыммен суреттеуі — қателік санатына жататын дүние.

"Central Asia Monitor" журналының мұқабасы, 1992 жылы.

2004 жылдың желтоқсан айында, генерал-гебист Владимир Божко өзінің іні әріптесі деп есептелетін Б. Ғабдуллинге батасын берді. Жырынды тыңшы плагиат атымен жаңадан шыға бастаған апталық газетін жарнамалады: «Central Asia Monitor» газетін оқыңыздар, оған жазылыңыздар!» Себебі, мейірімді дәрігер Рахат Мұхтарұлы Әлиевтің «Крестный тесть» кітабында жылпос журналист былай сипатталған: «Бигельды Габдуллин, главный редактор частной газеты «Централ Азия монитор», тайный агент-информатор КГБ-КНБ». Әрине, пысықай жазғыш газетімен ғана шектелмейді. ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында және «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясының қолдауымен, Қазақ ПЕН-клубының президенті Б. Ғабдуллин төл әдебиетіміздің інжу-маржандарын шетел тілдеріне аударма жұмысын басқарады. Бәкең білімді қаламгер болса да, дәл осы тапсырманы орындағанда шалағайлық танытты.

Мысалы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» эпопеясы ағылшын мен неміс тілдеріне орысша аудармасының негізінде қотарылған. Әрине, бұндай шалағай тәржімелердің деңгейі бірден көзге ұрып тұрады. Әу бастан, шығарманың орыс тіліндегі аудармасын пайдаланған американдық тілмаш Кэтрин Фитцпатрик қазақ түпнұсқасын көп бұрмалапты. Қараңыздар: «— Бетім-ай! Масқара-ай!» Тырыли арық Қарақатын жерқазбаға танаурап сөйлей кірді. Құшағындағы отынды аласа қазандықтың жанына аудара тастады» деген кіріспесін аудармашы былай аударыпты: «Panting, lean and excited, Karakatyn ran into the zemlyanka. Trowing down a handful of crooked branches by the little stove…» Елімізді танымайтын шетелдік ханым «жерқазба» зат есімін «zemlyanka» орыс ұғымы арқылы жеткізеді. «Құшақ» өлшемін «a handful» («бір уыс») деп аударған. «Аласа қазандық» зат есімін «the little stove» («кіші пеш») деп бере салған. Кітапты бастырған Нью-Йорктегі ұсақтау «Liberty Publishing House» баспасы тіпті ағылшын етістігін қателесіп шығарды: «throwing» («лақтыру») сөзін, жаңылысып «trowing» деп келтіреді.

Осындай өкінішті қателіктерді болдырмау үшін қазақ тілін игерген шетелдіктер мен шетел тілдерін игерген қазақ мамандарын аударма өнеріне тарту керек. Мысалы, Гамбург қаласының тумасы, неміс шығыстанушысы Ута Шиллинг ханымның қазақшасы тәп-тәуір. Белгілі филологымыз Көбей Хұсайынов ағылшынша сайрап тұр. Міне, осындай адамдарды қатарымыздарға тарта отырып, қазақ әдебиетінің жауһарларын дүниеге танытуымыз керек. Құпиялы агент Б. Ғабдуллинге қайтадан оралсақ, оның Әкежан Қажыгелдиннің командасында белсенді рөлін атап өткеніміз жөн. «Ағама жеңгем сай» демекші, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі және КГБ қызметкері Ә. Қажыгелдин өзіне лайықты нөкерлерін таңдап алды. Мәселен, оның оққағары Сәтжан Ыбыраев не деген жылмақай адам! 2013 жылдың күзінде, С. Ыбыраевпен кездескен болатынмын. Ол маған бірнеше керек емес сұрақтарды қойды. Марқұм ақсақал Мұхит Ахметовті өз туысқаны ретінде мойындамады. Осындай бибауырмал (космополит), баяны жоқ кісілерді мемлекет құрылысы сияқты маңызды салаға жолатпау керек.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
33 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.