Қазіргі уақытта өтіп жататын футболдан Еуропа біріншілігі экономикалық жағдайлардың алалауымен ерекшеленеді. Ірі мемлекеттердің командаларын төрешілер өз қанатының астына алуда. Мысалы, украиналық ойыншы Марко Девичтің Англияның қақпасына соғылған добы есептелмеді. Әрине, Украинаға қарағанда Англияның геосаяси мен экономикалық күш-құдіреті әлдеқайда артық. Ал, Ресей мен Грекияның ойында гректердің жетекші футболшысы Карагунис себепсіз сары қағаз алып, Германиямен келесі ойынға қатыса алмады. Әлбетте, тәжірибелі ойыншының жоқтығы Эллада командасының қауқарын бәсеңдетіп, жеңіліске соқтырды.
Сөз жоқ, алпауыт ел болған соң талай артықшыларға қол жеткізуге болады. Жоғарыда көрсетілген даулы кезеңдерде, төрешілердің бүйрегі әл-ауқатты мығым мемелекеттерге бұрады. Әрине, бүкіл жағдайларда қалталы командаларға жең ұшын беруге болмас. Бірақ, соның өзінде неше түрлі сыбайлас әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін. Оның үстіне, бұл оқиғалар Грекия мен Украина сияқты Еуропадағы мешеу елдерге жақсы сабақ болар. Енді байғұс эллиндер мен хохолдар кәрі құрлықтағы өзінің нақты орын қандай екенін анық түсінер. Сонымен қатар, дәл сондай әділсіз шешімдер еуропалық ынтымақтастыққа сөзсіз нұқсан келтіруде.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.