Танымал жазушы мен аудармашы Герольд Бельгердің «Земные избранники (Гёте. Абай)», 1995, жинағы — біздердің әдебиеттану саласына қосылған елеулі үлес болып табылады. Гер-ағаның кітабын осы сілтемеден жүктеп аласыз.
Қаламгер еңбегімен қатар, саяси әрекеттерімен де көзге түсті Герольд Карлович. Мысалы, Ата заңымыз — Конституциямызда ең алдымен «көне қазақ жері» деген ұғым енгізілуге жоспарлаған еді. Бірақ, неміс бауырымыз заң шығарушыларына ескерту жасады: «Кез келген аймақты көне жер деп сипаттауға болады. Сондықтан, байырғы қазақ жері айтуымыз керек». Абырой болғанда, Алмания ұлының көреген сөздері Конституциямыздың кіріспесіне қосылған.
2004 жылдың көктемінде, өз басым Гер-ағамен кездестім. Боксшы Ермахан Ыбырайымов пен әнші Бибигүл Төлегеновамен бірге үлкен кісі мені қолдайтын үндеуге қол қойды. Әрине, осындай атақты адамдардың сенімінен шығу үшін бәрін салдым. Әйтеуір, ұйғыр сепаратистері, кәріс алыпсатарлары мен орыс басқыншыларына қарсы бағытталған ұлтжанды мақалаларым елімізді бір дүр сілкіндірді. Ендігі кезек, рухани іс-әрекеттерімнен практикалық күреске көшуі.
Әрине, жазушының баршаға мәлім жетістіктерімен қатар әттеген-ай жағдайлар да жоқ емес-ті. Мысалы, Бельгер мырзамыз ана тілімізді латиницаға өтуін насихаттады. Мүмкін, латын әліпбиін машақатына жан-тәнімен беріліп, пенде ретінде біраз қаржы табысын көздеді. Шүкіршілік, ана тіліміз бен төл мәдениетіміздің тамырына балта шабатын латын графикасы енді көптеген жылдар бойы біздерді дамытқан кириллицаға қауіп төндірмейді.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.