Өз басым діни апиыннан аулақ жүрсем де, бұл саладағы жағдайды қадағалап тұрмын. Өткен аптада, Шешенстанның астанасы Грозный қаласында қазіргі заманның талаптарына сай «Ахмат-Арена» стадионының салтанатты ашу рәсімі өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жұлдыздар арасында аргентиналық былғары доптың майталманы Диего Марадона да ғажайып кешке қатысқан. Оның құрметіне, шешендер билбордті орналастырды. Ағылшын тіліндегі жазу былай аударылады: «Марадона — миллиондардың пұты».
Исләм сияқты монотеистік дінге мынадай пұтқа табынушылардың ұраны қайшы келеді. Әсіресе, хас мұсылман болуға ұмтылатын Ичкерияның тұрғындары үшін бұндай сөздер өрескел көрінуге тиіс еді. Қандай шеберлі доп тебушісі болса да, Марадона құдайға құлшылық ететін қауымға әулие тұлға ретінде лайықты емес. Мен ешбір мифологиялық кейіпкерлерге сенбеймін, бірақ діндар ағайындарға табандылықтың қажеттілігін тағы да ескертемін. Апиын кәсіптің де сұрауы бар.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.