Даңғаза саясаткерлердің тобыры

Жақында құрылған Еуразия экономикалық одағының ұйымдастырушылары оның ішкі жалпы өнімі көлемінің мақтаныш тұтады. Олардың айтуынша, осы одақтың ІЖӨ мөлшері 2.7 триллион долларға жуық. Әрине, әлем статистикасынан хабарсыз тыңдармандар үшін еуразиялық атқамінерлердің көпірме әңгімелері әсер ететіні сөзсіз. Бірақ, дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберінде аталған ұйымның экономикалық көрсеткіштерінің көңілдегідей еместігі көзге ұрынып тұр. Мысалы, Әлем банк деректері бойынша, 2011 жылы Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің номиналдық ІЖӨ 2.1 триллион долларға жуық болған еді. Дәл сол жылы, жалғыз ғана Калифорния штатының номиналдық ІЖӨ 2.2 триллион долларға жуық болған еді. Көрдіңіздер ме? Шикізат өнімдері, қару-жарақ шығаруына сүйеніп отырған еуразиялық тобыр озық мемлекеттерден қаншама дәрежесінде артта қалғаны тайға таңба басқандай анық.

Лукашенко мен Назарбаевтың артында тұрған орыс аюы.

Халық шаруашылық пен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік жағынан ақсап қалса да, еуразиялық тобыр жекелеген адамдардың байлығы тұрғысынан әлемдегі алдыңғы қатардағы ұры-қарылардың қасында табылуда. Іскерлерге арналған «Форбс» журналының пайымдауынша, 2014 жылы Калифорния штатында 111 миллиардер күн көруде. Дәл сол журналының пікірінше, миллиардерлері жоқ Беларусь есепке алынбаса да, Қазақстан мен Ресейде биыл 116 миллиардер тіршілік етуде. Демек, жергілікті жетекшілері жалпыхалықтық жағдайдан гөрі жеке басының қамын жеуде. Коммунист жүйесінің ыдырағанынан 23 жыл өтсе де, әлі күнге дейін тоймай жатыр балаққа шыққан биттер.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
15 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.