Дербес ақпарат саясатымыз қайда?


Баршамызға аян шындық: еліміздегі орыс тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдардың үлесі тым елеулі. Осы кемшілік жөнінде ойлы мақалалар мен терең сұхбаттар жасалған. Алайда, тіл мәселесіндегі орысшыл
мәңгүрттерді сынға жиі алсақ та, басқа олқылықтарымыз назардан тыс қалуда. Ресейдің мүдделеріне бейімделген ақпарат саясатты түзетудің керек екендігіне күмәнім жоқ. Мысалы, аты-шулы www.kavkazcenter.com сайтына ресейліктер шамасы келгенше тосқауыл қоюда. Әрине, Қапқаз содырлармен күресуі солтүстік көршіміздің басты мақсаттардың бірі.

openworld.blogspirit.com

Дегенмен, Қазақстандағы интернетті бақылайтын мекемелер ресейліктердей  …

Print Friendly, PDF & Email

Баршамызға аян шындық: еліміздегі орыс тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарының үлесі тым елеулі. Осы кемшілік жөніндегі ойлы мақалалар мен терең сұхбаттар жасалған. Алайда, тіл мәселесіндегі орысшыл мәңгүрттеді сынға жиі алсақ та, басқа олқылықтарымыз назардан тыс қалуда. Ресейдің мүдделеріне бейімделген ақпарат саясатын түзетудің керек екендігіне күмәнім жоқ. Мысалы, аты-шулы www.kavkazcenter.com сайтына ресейліктер шамасы келгенше тосқауыл қоюда. Әрине, Қапқаз содырларымен күресу — солтүстік көршіміздің басты мақсаттарының бірі.

Цензураның көрнекті белгісі.

Дегенмен, Қазақстандағы интернетті бақылайтын мекемелер ресейліктердей www.kavkazcenter.com сайтына мүмкіндігінше тосқауыл қоюда. Ресейдің ішкі мәселесі саналатын Қапқаздағы соғысқа біздердің қатысымыз жоқ. Сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің дені әлгі сайтка тыйым салмайды. Мәселен, Германия, Италия, Өзбекстан, Украина немесе Швейцарияда сіздер еркін түрде Қапқаз содырларының интернет басылымын оқи аласыздар. Егер ол бүкіл адамзатқа қарсы ақпараттық шайқас жүргізсе, оны көптеген елдер қуғын-сүргінге салар еді. Бірақ, әзірше тек қана Беларусь, Қазақстан мен Ресей секілді мемлекеттер сөз бостандығына осындай қиянат жасауда.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
6 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.