Димаш ака

Байқап қарасам, қазақ қаламгерлердің дені Динмухамед Кунаевті қолпаштаудан жалықпайды. Әрине, бұл тарихи
кейіпкердің біраз жетістіктер де жоқ емес. Алайда, оның басты кемшіліктер жиі аталмайды. Осы олқылықтың орнын толтыру ниетпен, біршама ой-пікірлерімді талқыға салуға жөн санадым.

Ұйғыр мектепте тәлім алған Димаш ака, XIX ғасырдың соңында Шыңжаңнан
Жетісуге қашқан ұйғыр босқындар ұрпақтарына мүмкіндігінше қолайлы жағдайды жасады. Мысалы, 1981 жылы «Год дракона» көркем киносы «Қазақфильм»-де түсірілген. Бұл киноның басты тақырыбы –

Print Friendly, PDF & Email

Байқап қарасам, қазақ қаламгерлерінің дені Динмухамед Кунаевті қолпаштаудан жалықпайды. Әрине, бұл тарихи кейіпкердің біраз жетістіктері де жоқ емес. Алайда, оның басты кемшіліктері жиі аталмайды. Осы олқылықтың орнын толтыру ниетпен, біршама ой-пікірлерімді талқыға салуға жөн санадым.

Ұйғыр мектебінде тәлім алған Димаш ака, XIX ғасырдың соңында Шыңжаңнан Жетісуге қашқан ұйғыр босқындарының ұрпақтарына мүмкіндігінше қолайлы жағдайды жасады. Мысалы, 1981 жылы «Год дракона» көркем киносы «Қазақфильм»-де түсірілген. Бұл киноның басты тақырыбы — XIX ғасырдың орта тұсында орын алған қытайлықтарға қарсы ұйғыр көтерілісі. Бәрекелді! Ақтабан шұбырынды сияқты тарихи оқиғаларымыз туралы көркем фильмін түсіруге Димаш ака қамқоршылық жасамады. Бірақ, Шыңжаң экстремистерін дәріптейтін киношығарманы өндіруге мейлінше ат салысты.

Қара бастың қамын жеген Кунаев, ең алдымен өзіне және туыс-сыбайластарына атақтарды алуға машақаттанды. Үш мәрте Социалисттік еңбегінің ері! Қап, ұлы диқан Нұрмолда Алдабергеновке үшінші жұлдыз бұйырмады. Димаш аканың інісі — металлургсымақ Аскар Кунаев — көрнекті геолог Қаныш Сәтбаев секілді КСРО-ның Ғылым академиясының академігі дәрежесіне жетті. Аһ, керемет биолог Мұрат Айтқожинге осындай құрмет көрсетілмеді. 1978 жылы Димаш аканың жездесі –- партия қайраткері Айтжан Туркебаевтың есімі Алматының көшесіне берілген. Неге атақты ағартушымыз Ыбырай Алтынсаринге дәл мынадай ізет көрсетілмеді?!

Партократ Брежневтың айнымас досы Кунаев, қазекеңдерден гөрі Владимиров, Гребенюк пен Ни сияқтылармен сырласты. Сібірден қаңғып келген ішкіш қазақ зиялы адамынан басым түскен дәурен өтті осылай! Ахмедыч орысша сайрайтын, қазақша мүдіріп қалатын Олжас Сулейменов пен Ануар Алимжановтарды жан-тәнімен жақтады. Ал, Димаш аканың Қазақстанды басқарған кезіңде татарлардың ерекше мәртебесін тілге тиек еткенің өзі артық.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
28 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.