Донбасс шегінісі — Батыстың уақытша жеңілісі

Ресей мен Украина арасындағы соғыс әзірше шығыс агрессордың пайдасына шешілуде. Қара күшке жүгінген ресейлік жабайы саясаткерлер украин азаттық жауынгерлерінен басым түсті. Парақор еуропалық жетекшілердің қалтасын ұры «Газпром» корпорациясы қыруар қаржымен тығындады. Мұхиттың аржағындағы Америка украин үкіметіне жаңа әскери техниканы сатуыға асығар емес. Сондай қиын-қыстау жағдайда, президент Петро Порошенко өз отанына мүлдем тиімсіз бейбіт келісімге қол қоюға мәжбүр болды. Минскідегі келіссөздер барысында, «Боинг-777» ұшағын жойған орысшыл террористерді қолдаған ресейлік басшылар қазірше арам жеңісін тойлауда. Әлжуаз кәрі құрлық Киев үшін соғысудан аулақ жүргенін қалайды. Жойқын қару-жарақтың иесі, есепшіл АҚШ та осы әскери қақтығысқа араласуды пайдасыз деп санайды. Әрине, ғаламат соғыстан жасқанатын әл-ауқаты мықты мемлекеттерді жазғыруға қақымыз жоқ. Бірақ, соның өзінде бейбіт жолмен де озбыр Ресейді қысып ұстауға бек ықтимал.

Парижді басып алған Ресейдің реактивты артиллериясы.

Мысалы, украин кәсіпкері Игорь Коломойскийдің өте-мөте дәл сипаттамасы бойынша «шизофреник» Путин құтырғанын қоймаса, ресейлік қаржы мекемелерді «СВИФТ» халықаралық төлем жүйесінен аластатуға болады. 2018 жылы Ресейде өткізілуге жоспарланған футболдан әлем біріншілігін басқа елге көшіргені жөн. Мәселен, аяқдоп бойынша Голландия секілді азулы мемлекетте осы халықаралық доданың өткізілуі дұрыс деп есептеймін. Әйтеуір, агрессияшыл Ресейді бейбітшілікке еріксіз көндіруге тілектес әріптестердің қолынан келетін неше түрлі әдістер баршылық. Тек қана, Батыс тарапынан озбыр Кремльге қарсы күрес жүргізуге ниеттің жоқ екендігін сезілуде. Украинаның қасіретіне немқұрайлы көзқарасын білдірген Еуропа тықыр таянғанын сезбейді. Орысшыл террористтер басып алған Донбасстың бөлігі — болашақтағы Еуропаға қарсы диверсиялардың керемет негізі. Ресейдің ірі буржуазиясымен ауыз жаласқан еуропалық капиталисттері аңдаусызда арланның апанына түсуі әбден мүмкін. Бейқам АҚШ та жүгенсіз кеткен орыстардың салқын лебін сезбек.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
19 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.