Ескерткіштің де сұрауы бар

Қазақстанға ешбір қатысы жоқ француз генералы Шарль де Голльге Астана-Сатанада ескерткіш қойылады. Аты аңызға айналған палуан Қажымұқан немесе жерімізді сақтап қалған саясаткер Жұмабек Тәшеневке бас қаламызда салтанатты мүсіндерді тұрғызуға қолымыз тимей жатыр. Есесіне, Алматы қыстағында Қазақстанға ешбір қатысы жоқ үнді диуанасы Махатма Гандиге баяғыдан бері сымбатты ескерткіш қойылған. Халықаралық қатынастарды нығайту үшін осындай монументтер де керек шығар, бірақ ең алдымен төл тұлғаларымызды дәріптегені жөн. Өзге шаңырақтың астында қойдан жуас қонақтар біздердің мемлекетке келгенде әлдеқандай мырзасымақтарға айналатыны жасырын емес.

Жюль Верн жазған "Михаил Строгов" романының мұқабасы.

Әлгі француз тақырыбын қайтадан қарастырсақ, еліміздің төріндегі ескерткішке лайықты тұлғалардың бірі — атақты жазушы Жюль Верн. Біріншіден, оның «Михаил Строгов» романында қазақ кейіпкерлері де келтірілген. Екіншіден, қаламы мұқалмайтын француз кемеңгерінің капитан Немо тәріздес ғажайып қаһармандары қаншама қазақ балаларына шабыт бергенін айтсаңшы! Біздердің ономастика саясатысына да тектік жетіспейді. Қазақстанға ешбір қатысы жоқ оғаш қаламгер Гоголь-Моголь немесе біздерге мүлдем жат сотқар мінезді Лермонтовтың есімдері Алматы қыстағының қақ ортасында орналасқан көше мен театрға берілген. Ал, елімізге жиі келетін, қазақ өнерпаздарына көмек көрсететін ұлы жазушы Михаил Шолоховтың есімі Алматы қыстағының шетіндегі кішігірім көшеге ғана берілген.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
12 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.