Жалаң сөзді оппозиционердің шынайы келбеті
Жалаң сөзді оппозиционердің шынайы келбеті

Жалаң сөзді оппозиционердің шынайы келбеті

Views: 15

Рас па, өтірік пе? Білмеймін. Әйтеуір, шамамен екі жыл бұрын ересектерге арналған ғаламтор торабында қызықты бейнежазба жарияланған болатын. Онда, Мұхтар Әблязов деген қашқын қаржыгерімізден айнымайтын ер адам Людмила Козловская атты украиналық құқық қорғаушысына ұқсайтын ұрғашымен өбісіп, құшақтасады пәлен қонақ үйдің бөлмесінде. Кім білсін? Мүмкін, соншама құштарлы оңаша кездесу “Қазақфильм“-нің патшасы Ермек АМаншаевтың ғаламат режиссерлік құдіретіне негізделген қойылым шығар. Ал, жігерлі қаржыгер мен жалынды құқық қорғаушысы арасында іскерлік қатынастардан басқа ешқандай байланыс жоқ. Не де болса, алғашқы бейнежазбаның кейінгі көшірмесін көрермендердің назарына ұсынбақпын.

Бірақ, менің ойымша сатқын украиналық заңгер Елена Тищенкомен зинақорлығынан аузы күйген Мұхаң тағы да қиын жағдайға душар болды. Әблязов мырза туысқандарының айтуынша, екіжүзді Тищенко ханымның кесірінен қашқын қаржыгер француз абақтысының торына түскен болатын. Әйтеуір, Мұхаң өз заңгерімен ойнас қылғанынан бас бостандығынан айырылса, енді өз құқық қорғаушысымен зинақорлық жасағанынан оппозиционерсымақтың абыройы айрандай төгілді. Шешендік сөздің дара иесі, жетісулық Несібелі Мауқованың ащы сипаттамасы бойынша бұндай әлжуаздау еркектерді “шегірткенің айғыры” атауға тура келеді.

Алпауыт БТӘ банкін басқарғанда, іші тар қаржыгер тек қана өз дос-туысқандарын жарылқады. Қаржы-қаражатқа зәру қазақ аймақтарын менсінбей, миллиардтаған байлығымызды Вашингтонның нұсқауы бойынша Гүржістан мен Арменияға сыйлады пысықай қаржыгер. Қызылорда, Тараздың күйбең тіршілігін елемей, қазақ қан мен терімен өндірілген мол ақшаны Мәскеудің іскер орталығының көркейтуіне жұмсады жауыз банкир.

Ағама жеңгем сай” демекші, оның сыбайластары да оңып тұрған жоқ. Қарынбайдай сараң атом маманы Мұхтар Жәкішев нарық экономикасын ұран етіп, уран кеніштерімізді талан-таражға салған көрінеді. Ресейлік атом патшасы Сергей Кириенкодай, Жәкішев отбасы да сайентология шіркеуіне құлшылық етеді. Мұхаңдардың Гүржістан көкесі Михеил Саакашвили іші залым, сырты абыз бірдеме. Кокаин иіскейтін қапқаздық саясаткер көгілдір экран мен газет бетінде аңқылдаған демократ ретінде сипатталады. Алайда, шын мәнінде батоно Миша ханның өгей қызы Дариға Назарбаевадай тәкәппар, паң кейіпкер болып табылады. Сондықтан, сөзуар мен сыншыл Әблязов мырзаға үміт артуы әбестік екендігіне дау жоқ. Ол тіпті Назарбаев, Құлыбаевтарға алып қарағанда әлдеқайда төменгі сатында жайғасқан. Себебі, қазіргі жоңғар екеш жоңғар билігі де қашқын қаржыгермен салыстырғанда біршама тәуірлеу, анда-санда жомарттығын да көрсетеді. Ал, Мао Цзэдун немесе аятолла Хомейни секілді нағыз көсемдер Мұхаңдай зинақорлық жасамай, ең алдымен қоғамдық істермен шұғылданды.

Likes(0)Dislikes(0)
14 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply