2020 жылдың 22 шілдесінде, жұдырықтасу ардагеріміз Жандос Көкімовпен әңгімелесуге сәті түсті. Төменірек, осы сұхбаттың бейнежазбасы мен стенограммасы келтірілген.
Айтыңыз.
Енді, нокаутер. Менің салмағымда… Мен, енді, солақаймын ғой. Мен – левша. Мен, жаңағы, іштен печеньнен ұратын боксер болған ғой. Все знали, что мен, жаңағы, барлығы білетін ғой боксерлар. Бәрі білетін, что мен іштен ұрам, солақаймын. Бәрібір, бірақ соған тигізіп қоятынмын. Сондықтан, “левша” деген, “солақай” деген – это уже полпобеды. “Победаның елу проценті уже” деген сөз. Левшалары, өйткені, жақсы ұрады. Сондай болған. Сонда, менде бір кличка болды – “Печенник” дейді. По печени сажал.
А, сосын, Жаке, айтыңызшы: неге осы қазір қазақ боксшылары арасында алпыс тоғыз килограмм, сексен бір килограммдық күшті Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары бар, ал сіздің жеңіл салмақта осындай қазір күшті жігіттер жоқ? Қай себептен?
Енді, қазір бокс өзгерді ғой. Бокс өзгерді. Қазір, жаңағы, на ногах прыгают, аяқты ырғыйт. Аяқта жүреді. Содан кейін, қазіргілер… Қазіргі бокс деген вообще өзгеріп кеткен. Бұрын бокста деген “уклон”, “нырок” деген болатын. Боксердің жанында жүресің, противниктің. Ал, қазір ондай емес. Қазір, дистанция. Шаг – алдыға, артқа жүреді. Қазір, бокстың да нашарлап кеткені содан. Потому что, ол ұрады. Этот тоже отвечает, автоматически. И получается обоюдная работа. Кто побольше ударит, тот и выходит победителем. Сондай.
А неге қазақтар осындай бокста, жеңіл салмақта бейімделген жоқ?
Енді, оған қарағанда, енді, қалай? Ол жағын, енді, айта алмаймын. Енді, менен кейін Союздың чемпионы шықты. Әбдірахманов шықты ғой. Кәрімжан Әбдірахманов чемпионом Союза был қырық сегізде.
А қазір ешкім жоқ жеңіл салмақта?
Қазір, енді, жоқ. Қазір, өйткені кішкентай адамдар жоқ шығар. Бәрі үлкейіп кетті. Ал, жаңағы, алпыс тоғыз килограмм. Алпыс тоғыз килограмм… Ол кім? Біздің средний қазақтың, средний қазақтың күнделікті нелері ғой. Бойлары сондай.
Сосын, сексен бір килограмм.
Ну, сексен бір – ол… Қазақ деген… Біздің бір басқа ұлттан айырмашылығымыз: бізде “шаг назад” деген жоқ. Қазақтың намысы деген – сондай өте күшті! Біздерде, жаңағы, сонша осынша, мысалы, айтайық: жеріміз. Біз дүниежүзінде…
Тоғызыншы.
Тоғызыншы орындамыз – да? – жер жағынан. Ал, сондай жерді немен алды? Ол уақытта қару-жарақ болған жоқ. Қазақ деген өзінің жерін… Ең бірінші намысы: өзінің елін, жерін үшін қазақ деген бәрін тастаған ғой, бермейтін ешкімге. Сондықтан, қазақтың жері де сондай болды.
Бокс та сондай?
А бокс деген – ол сондай нәрсе. Ол, ол деген өте… Қандай намыс қой, намыс! Сен, жаңағы, бүйтіп тұрып қанша боксерларды көресің ғой. Ұрады да, бүйтіп-бүйтіп қашып кетеді. Сондай… Ондай қазақта жоқ! Қазақ деген – только вперед! Алдыға! Қырып-жойып жүре береді алдыға!
Дұрыс. Түсінікті.
Жакеңнің атақты руласы – сазгер Нұрғиса Тілендиев – киіктің асығындай боксшымызға тамсанып, оны “шапыраштының Бауыржаны” деп аты аңызға айналған соғыс батырына теңеді. Салмағы жеңіл болса да, соққылары жойқындау Жакең бұндай ғажайып қасиетін бұлшық еттерді керемет дамытатын гимнастиканың арқасында игеріп алды.

