2024 жылғы 21 қыркүйекте, Алматы қаласындағы жаңа қонақ үйінің құрамындағы “Саду Арена” спорт кешенінде кәсіпқой бокстың кеші өтті. Жалпы алғанда, қазіргі заманға сай қонақ үйлерінің аумағында байрақты бәсекелерді өткізгені ғажап емес. Демек, Бағдәулет Төреханов басқарған қазақстандық “Іrfin Рromotions” компаниясының кезекті ойын-сауық оқиғасы халықаралық үрдістің шеңберінде ұйымдастырылған еді. Сайып келгенде, аталған бокс кешінің оң мен қате жерлеріне біраз талдау жасауға рұқсат етіңіздер.
Сегіз жекпе-жектер өткізілген. Олардың арасында алпыс алты жарым килограмм салмақ дәрежесіндегі жерлесіміз Әлишер Әбдуләлім мен гүржі Ираклий Джеранашвилинің кездесуі аса тартысты бәсекелестікпен көзге түсті. Абырой болғанда, түптеп келгенде отандасымыз жеңімпаз боп атанды. Дәл сол салмақ дәрежесіндегі осы кештің басты жекпе-жегі де көрермендердің көңілінен шықты. Қазақстандық Руслан Мадиев пен ресейлік Тигран Согоян WBA (Әлем бокс қауымдастығы) Азия чемпионының белдігін сарапқа салды. Жерлесіміздің жойқындау соққылары дәлірек тиіп, ресейлік спортшыны есеңгірете жаздады. Нәтижесінде, төрешілердің шешімі бойынша азиялық жүлде отандық боксшының еншісіне тиді.
Әлгі кештің құрметті қонақтарының арасында бокс аңыздары байқалды: Серік Қонақбаев, Василий Жиров, Ермахан Ыбырайымов, Орзубек Назаров… Әрине, осы спорт ардагерлерінің алдында боксшылардың өскелең ұрпағы өз өнерін көрсетуге барынша тырысты. Жергілікті теледидар да бұл жұдырықтасу оқиғасын тікелей эфирде көрсетті. Алайда, әттеген-ай жағдайлар да орын алды. Мысалы, елу үш жарым килограмм салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық Елшат Нығметолла танзаниялық Мухсин Кизотамен күш сынасып, қара құрлықтың өкілін нокаутқа жіберді. Менің ойымша, бұл африкандық боксшы отандық спортшымызға жағынып, өтірік құлады. Кезінде, украиналық мультимиллионер Виталий Кличко кәсіпқой бокстағы аса ауыр салмақ дәрежесіндегі жекпе-жегінде кубалық олимпиялық чемпион Одланьер Солисті дәл сондай күмәнді әдіспен ұтқан-мыс: Бостандық аралының өкілі жоқ жерден аяғын сындырыпты-мыс болып, жарыстан шықты. Мүмкін, украиналық олигарх кубалық қарсыласына жомарт сыйлық жасап, рингтен тыс әдісімен қаһарлы Солисті “құлатып” жіберді.
Идеологиялық тұрғыдан алып қарағанда да, әлгі бокс кешінің шикілеу жерлері жоқ емес еді. Ресейдің туы астында өнер көрсететін армян боксшысы шаршы алаңға шыққанда, жаман әнші Shaman-ның ұлтшыл әнін ойнатқызды: “Мен орыспын, бұл менің шайқасым“. Осы армян спортшысының ұяты жоқ екен. Солтүстік Осетия да өмір сүрсе де армян немесе осетин әнін менсінбей, орыс тұрпайы әнін таңдады. Оған қоса, армян ретінде оны Түркия мен Әзірбайжан жолатпас еді. Орыс азаматы ретінде, Согоян мырза Батыс Еуропа, Солтүстік Америка мен Жапонияға жете алмас еді. Ал, аңқаулау қазақтар рақметі жоқ арамза қонағына бар жағдайды жасады. Әрине, соғысқұмар орыс, “израиль” қайраткерлерін тіпті елімізге жолатпағаны жөн.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.