Жеңгетай Амекең

Еліміздегі бақ құмарлықтың негізгі түрі — пәлен лауазым иесінің сутенері болуы. Айта кетерлік, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен миллиардер Болат Өтемұратов президент Назарбаевты сұлу бикештермен қамтамасыз етіп, мансапқорлықтың жоғары дәрежесіне өрлеп шықты. Алматы аймағының бұрынғы әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов та дәл осы жеңгетайлардың қатарына жататын пысықайлардың бірі.

Сутенер Амандық Баталов, сол жақта, және қарақшы Сәлімбай Әбдуәлиев.Қарақалпақстанда туған қостанайлық арғын Амекең нағыз бибауырмал (интернационалист) ретінде көбінесе орыстілді қауымды жақтырады. Волейболдан спорт шебері ретінде ол осы спорттың еліміздегі бас қамқоршысы православдық гебист Нұртай Әбіқаевқа жақын еді: көп жылдар бойы Баталов жолдас Алматы аймағының волейбол федерациясын басқарды. “Орыс досың болса, жанында волейбол добы болсын” демекші, биыл осы әкімсымақ Мәскеу қаласының волейбол құрама командасымен бірге Бразилияға барып қайтты. Украинаға шабуылдаған орыстар — Амекеңнің жан достары. Сайып келгенде, бұрынғы әкімнің халықаралық ізденістегі орысшыл қылмыскер Сәлім Әбдуәлиевпен өбісіп, құшақтасқаны — кездейсоқ нәрсе емес.

Сайланбаған әкім немесе әкімнің орынбасары ретінде Амекең Алматы аймағын жиырма жыл бойы басқарды. Сонау 2001 жылдан бастап 2021 жылға дейін Баталов жолдас жерұйыққа пара-пар келетін Жетісу өңірінің тізгінін ұстады. Алайда, ұжмаққа бергісіз аймақтың төрінде жайғасқан әкімсымақ осы киелі топырақтың қадірін парақорлықпен кетіре жаздады. Оған қоса, ынжық волейболшы әлгі өңірдегі ұлтаралық келісімді сақтай алмады. Құтырған сарт сепаратистері бірнеше рет қазақтарды кемсітіп жіберді. Шешен террористері Ащысай ауылындағы қазақ кәсіпкері Нұрлан Ахметовты пышақтап өлтірді. Әйтеуір, ұйғыр сепаратисті әлде вайнах жендеттері болса, олардың бәрі бибауырмал Баталов жолдастың тұсында ешбір жазасын тартпай тайраңдап жүрді. Өкінішке орай, Амекеңнің кесірлі ықпалынан әлі де айықпай отыр Жетісу. Демек, сарт пен шешен қылмыскерлерінен әлі күнге дейін кек алмай тұрмыз.

На открытии Бутика Fashion Walk. Слева направо: Л. Храпунова, Б. Абилов, А. Баталов 1998 г.

Қай себептен табиғаты бай Жетісуды тиісті деңгейде басқара алмады ынжық волейболшы? Өйткені, Баталов жолдас негізінен Алматы аймағының иесі әрі наркобарон, алыпсатар Болат Назарбаевтың жеңгетайы ретінде қызмет етті. Әлгі Бөкең үшін жаңа тоқал, нақсүйер, жезөкшелерді тауып алуы Амекеңнің басты мақсатына айналды. Шалдуар наркобаронның көңілін аулау, оның демалысын сапалы түрде ұйымдастыруы — оңай дүние емес. Сондықтан, сайланбаған арғын әкімсымағы көбінесе Жетісудың ең ықпалды тұрғыны ойын-сауығының ұйымдастыруымен әлек болды.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
14 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.