Зәбір шеккен журналисттер

Views: 20

Әлем бойынша, саяси күреске белсене араласатын жазушылардың тағдыры оңайға соқпайды. Әсіресе, дамушы елдер мен бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында сөз бостандығына қауіп төндіретін шерлі оқиғалар жиі орын алуда. Таяуда,  сауд тілшісі Жамал Хашоггидің  сұмдық өліміне себепкер болған Эр-Рияд билігі жер бетіндегі саңылауы бар көптеген адам баласын дүрсілкіндірді. Арабстан жетекшілерінің осы қылмыстың орындауына бұйрық бергеніне күмән келтіретіндердің саны тіпті аз. Он екі жарым жыл бұрын, публицист Алтынбек Сәрсенбайұлының қайғылы ажалы елімізді жан түршіктіргені де рас. Бірақ, гүржі-украин батыл қаламгері Георгий Гонгадзенің қасіретті өліміне енді он сегіз жыл толды.

2018 жылдың 5 қарашасында Украина Жоғары кеңесінің (Верховна Рада) шетел істері бойынша комитетінде "Гонгадзе, Подольский, Ельяшкевич істерінің тергеуі мен әділеттілігіне қатысты Украинаның халықаралық міндеттемелері орындауының жағдайы" бойынша дөңгелек үстел өтті.

Осыған орай, 2018 жылдың 5 қарашасында Украина Жоғары кеңесінің (Верховна Рада) шетел істері бойынша комитетінде “Гонгадзе, Подольский, Ельяшкевич істерінің тергеуі мен әділеттілігіне қатысты Украинаның халықаралық міндеттемелері орындауының жағдайы” бойынша дөңгелек үстел өтті. Бұл жиын қатысушыларының арасында қоғамдық қайраткерлер мен лауазым иелері көзге түсті. Алайда, билік өкілдері көбінесе бос сөздің айтуымен шектелді. Мысалы, әділет министрінің орынбасары Иван Лищина гүржі-украин журналисі өлтіруіне қатысты тергеудің барысын ғана баяндады. Бұндай қысыр әңгімеге ыза болған құқық қорғаушы Алексей Подольский бұрынғы ел президенті Леонид Кучманы осы қылмыстың тапсырушысы ретінде жазғырып, бұл дөңгелек үстелге келмеген Украинаның бас прокуратурасы мен қауіпсіздік қызметі өкілдеріне өз ренішін білдірді. Оның жалынды баяндамасы үзіндісінің бейнежазбасы төменде келтірілген.

Баяғы жартас — сол жартас” демекші, парақорлыққа белшесінен батқан украиналық “құқық” қорғау мен “әділет” мекемелері биыл сексен жылдығын тойлаған бұрынғы президент Кучманы тергеуге алып, айыптауға асығар емес. Біздердің де “құқық” қорғау мен “әділет” мекемелері оңып тұрған жоқ. Он екі жыл бұрын орын алған Алтекеңнің ісі бойынша тек орындаушыларды айыптап, Кекшаев пен Әбіқаев секілді ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушісі Назарбаевтың үстінен қылмыстық істі қозғаудан жалтарады. Осы дөңгелек үстелге Украинаның жетекші телеарналарының тілшілері келді. Алайда, ақыр соңында осы жиын туралы шыққан телерепортаждардың саны там-тұм. Сайып келгенде, сөз жүзінде Украинадағы демократия іс жүзінде құқықтық тәртіпсіздікке жататын жағдайға ұласты. Адам құқықтары шектелген Қазақстанмен кекілді ағайындардың айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Сондықтан, Киев пен Ақмола дамыған елдердің заң жүйелерін үлгі алуға тиіс.

Likes(0)Dislikes(0)
20 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply