Имансыз қорғаныс

Жағрапияның мұғалімі, комсомол жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтің қорғаныс министрлігімізді басқарғанына біраз уақыт зымырап өтті. Әскери салаға ешбір қатысы жоқ мансапқұмардың шама-шарқысы шамалы болса да, жаужүрек Махамбет пен Исатайдың іскер жерлесі күрделі мәселелерді шешуге өзінше тырысуда. Терроршыл мемлекетке айналған солтүстік көршіміз Ресей Грузиямен соғысын уақытша доғарып, Украинаға шабуылдауда. Қауіпті мәскеуліктердің зымиян әрекеттерін алдын алу шараларының орнына батырсынатын Имеке достас Қырғызстан және Өзбекстанмен шекаралас аймақтарда орналасқан әскердің жауынгерлік әзірлігін кенеттен тексере бастады. Орысшыл қолбасшылардың мүлдем қисынсыз қадамы бейбіт қырғыздар мен өзбектерді өшіктіре жібермесін деп үміттенеміз. Арқалық, Көкшетау, Қызылжар мен солтүстік өңіріміздегі тағы басқа елді мекендердің қауіпсіздігін бекітуі керек емес пе? Естеріңіздерде болса, таяуда орекеңдер біздің шекарамыздың жанында әскери жаттығуларды өткізді. Оның үстіне, тайгадан шыққан маскүнем Сергей Шойгу (Ривлин) секілденіп жауынгерлік әзірлікті кенеттен тексергені не? Қай елге бас саламыз? Кіммен соғыспақпыз?

Олигарх Иманғали Тасмағамбетов пен митрополит Мефодий.

Тасмағамбетов жолдас қазақи асаба ретінде сайрап тұр. Көптеген зиялы қауымымыздың өкілдеріне бағалы сыйлықтар тапсырған болатын. Гейша сияқтанып қызық хикаяларын баяндап, гитара ойнап президентінің өгей қызы Дариғаны жаулап алды. «Израиль» ағайындарынан үлгі алып Иманғали Бульдозерұлы «Шаңырақ»-тағы бейшара қазақтардың тас-талқанын шығарды, бірақ Игорь Крутой, Дима Маликов пен Денис Мацуев секілді ресейлік музыканттарға халқымыздың қыруар қаржы-қаражатын табыстады. Имекеңмен жасы шамалас комсомол белсенділердің қатарынан негізінен сұғанақ кісілер шықты: әкімсымақ Валентина Матвиенко, алыпсатар Каха Бендукидзе, көпірме Людмила Швецова… Жастайынан, қысыр кеңеске толы мәжіліс-жиналыстарға үйреніскен комсомол жетекшілері шығармашылық немесе өндіріс саласында түк бітірмеді. Мыналар социалистік ілімді тәрк етіп, ірі буржуазияның қолшоқпарына айналды. Демек, тасбауыр Иманғали басқаратын қарулы күштеріміз сыртқы отаршыл жауларымызға қарсы тойтарыс беретіні екіталай. Ал, халқымыздың көтерілісін жаныштауы үшін жауынгерлерімізді пайдалану — бек мүмкін.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
29 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.