Колбиннің бейтаныстау суреті
Колбиннің бейтаныстау суреті

Колбиннің бейтаныстау суреті

Views: 28

Партия және мемлекеттік қайраткері Геннадий Колбин (1927-1998) аса іскерлі, кішіпейіл адам болған еді. Ульяновск аймағын басқарғанда, осы өңірде кең етек алған алкоголизммен күресті, жоғары технология кәсіпорындарын ашуына септігін тигізді. Кеңес Одағы бойынша маңызды лауазымдардың иесі болса да, парақорлықтың індетіне шалдыққан емес. Туған қызына мұра ретінде Мәскеудегі қос пәтерлерін ғана қалдырды. Оның одан басқа байлығы болған жоқ.

Солдан оңға қарай: Қабдрахман Наурызбаев, А. Құлыбаев пен Г. Колбин. Гурьев қаласы, 1987.
Солдан оңға қарай: Қабдрахман Наурызбаев, А. Құлыбаев пен Г. Колбин. Гурьев қаласы, 1987.

Чуваш халқының біртуар перзенті, Геннадий Васильевич КСРО жетекшілерінің арасында ұлт мәселесі бойынша ең үлкен мамандардың бірі болған еді. Гүржістан мен Қазақстан сияқты ұлт құрамасы күрделі республикаларға сауатты басшылық етті. Елімізді басқарған тұсында, Колбин жолдас көптеген қазақтар үшін жаңа тұрғын үйлердің салуын қамтамасыз етті. Түркітілдес халқының өкілі ретінде, Геннадий Васильевич кейбір баяндамаларын қазақша айтатын. Кәрішал Асанов тәріздес сыншыл адамдарды қуғын-сүргінге салған жоқ.

Алматыдағы 1986 жылдың желтоқсан айында орын алған қақтығыстарда мейрімді Колбиннің кінәсі жоқ. Дінмұхамед Қонаевтың айтуынша, желтоқсан оқиғасының кесірі Назарбаев сияқты мансапқорлар әрекетінің нәтижесі. Оған қоса, Михаил Горбачёвтің асығыс-үсігіс кадрлық шешімдері қасіретті оқиғаның тағы бір себебі болып табылады. Ең алдымен, Колбин секілді аса білгір жетекшіні Қонаевтың бірінші орынбасары ретінде тағайындаса, құда да тыныш, құдағи да тыныш болар еді. Ал, біраздан соң Геннадий Васильевичті қазақ коммунистері бастығының лауазымына ұсынуы орынды болар еді.

Likes(0)Dislikes(0)
28 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply