2015 жылғы 21 желтоқсанда, саясаткер Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде І дәрежелі Сергий Радонежский орденімен марапатталды. Әрине, Орыс православ шіркеуі алдындағы оның сіңірген еңбегі — орасан зор. Елімізде шоқынды қауымының саны жыл сайын азайып барса да, жаңа шіркеулер бой көтеруде. Патриарх Кирилл Ресейдің өзінде «табачный патриарх» және «митрополит Содомский и Гоморрский» деген жағымсыз лақап аттарымен танымал болды. Соған қарамастан, Қазақстанға келгенде осы күмәнді кейіпкерді біздің әкімсымақтарымыз үлкен қошаметпен қарсы алып, әлгі Владимир Гундяевті ірі мемлекет басшысы секілді пір тұтып оны күзету үшін көптеген оққағарларды жібереді. Ал, ресейліктер ше? 2006 жылғы жазда, Ресейдегі Қазақстанның елшілігі қонақ үйінде біраз демалғанмын. Бір күні, қонақ үйінің кафесінде бас мүфти Әбсаттар Дербісәліні көзім шалды. Әлбетте, патриарх Кирилл деген миллиардерден бұндай кішіпейілдікті күтуі мүмкін емес. Жә, ғылыми тұрғыдан алып қарағанда Гундяев пен Дербісәлиев — қос бірдей өтірік айтушылар. Соның өзінде, олардың арасында біршама теңшілдікті сақтағаны жөн.
Крест жорықшылары Н. Назарбаевты ит көрмесіндегі төрт аяқты мақлұқтай медалькалармен безендірсе де, орыс байы Никифоровтың малайы Әбіштің баласын терезесі тең әріптесі ретінде санамайды. Әрине, білімді поптардың кемсіту әдістері де күрделі. Мәселен, 2014 жылдың 29 қазанында Алматыдағы епархия басқармасында Астана мен Қазақстан митрополиті Александр қазақ мысы иелерінің бірі Владимир Кимді шіркеуге арналған қайырымдылығын үшін «За заслуги» орденімен марапаттады. Бірақ, мені мүлдем басқа жағдай қызықтырды. Александр әкейдің бөлмесіндегі Қазақстан байрағы мен Н. Назарбаевтың портреті Орыс православ шіркеуі қайраткерлерінің сұмырай бейнелерінен төменірек қойылған. Демек, шоқынды жетекшілері біздің ауамызды жұтып, біздің нанымызды жесе де ең алдымен Ресей құндылықтарына құлшылық етеді. Әлбетте, монтаны дипломаттарға ұқсайтын діни ұйымдастырушылар сөз жүзінде сыпайылығын сақтаса да, астыртын түрде арамза қылықтарын жалғастырады. Қазақ туын мен жергілікті диктаторын аяқ асты етуі — орыс қитұрқы саясатының тағы бір дәлелі.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.