Биылғы 30 қыркүйек пен 5 қазанның аралығында Украинаның бас қаласында «Әлем бокс кеңесі»-нің (WBC) 56-ші құрылтайы өтті. Бәлкім, бұл кәсіби бокстың ең маңызды жиыны. Өйткені, осы ұйымның чемпиондық белдіктері иелерінің арасында Мұхаммед Әли, Майк Тайсон мен Эвандер Холифилд сынды спорт жұлдыздары бар. Әлгі құрылтайдың басты ұйымдастырушысы — Киев қаласының әкімі және «Әлем бокс кеңесі»-нің «Мәңгі жеңімпазы» Виталий Кличко. Жиынның құрметті қонақтарының бірі, Украинаның Ұлттық олимпиялық комитетінің президенті Сергей Бубкамен қысқа сұхбатты өткізуге сәті түсті.
Сергей Назарұлы, Қазақстан мен Украинаның арасындағы спорт қарым-қатынастары туралы бір ауыз сөз айтыңызшы. Көңілдегідей ме? Нені қосуға, белсендіруге болады?
Қарым-қатынастар әрқашан маңызды, өйткені тәжірибе алмасуы мен спортшылардың байланыстары. Себебі, кейбір спорт түрлерінде жекпе-жектер керек. Сондықтан, олимпиялық комитеттердің әріптес ынтымақтастығы ешқашан артық болмас. Сіздердің олимпиялық комитеттің президентін жақсы танимын. Елдеріңіздің спортына көп назар аударылатынынан хабардармын. Сондықтан, ынтымақтастығымыздың одан әрі өркендеуіне үміттімін.
Неге десеңіз, жасыратыны жоқ — қазіргі таңда саяси саладағы қарым-қатынастарымыз ауыз толтырарлықтай емес. Осы жағдайдың спортқа кері әсері болмады ма? Бес-алты жыл бұрын орын алған хал-ахуалмен салыстырғанда, саясаттың ызғарлы лебі сезілмей ме?
Менің пікірімше, біздер арасында ешқандай қиыншылықтар жоқ. Әрқашан, спорт өзгеше пікірлері мен мүдделері бар адамдарды біріктіреді. Қандай болса тілде сөйлесе де… Сондықтан, спорттың құдіреті әрқашан біріктіреді, жақындастырады. Сондықтан, бізде бәрі жақсы.
Кеңес Одағы тұсында сіз өнер көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткіздіңіз. Сол кезде, қазақ спортшыларымен онша араласпадыңыз ба? Себебі, біздерде күшті сырықпен секірушілер болған жоқ.
Неге осылай айтасыз? Сол заманда, Сергей Кулибаба, Шульгин мен Григорий Егоров сынды жақсы сырықпен секірушілер өнер көрсетті. Сондықтан, сіздердің сырықпен секірушілердің мектебі, жалпы алғанда, оң нәтижелеріне ие болды. Сондықтан, осы жігіттермен араласып, оларды жақсы танидым.
Рақмет!
Егер жұдырықтасу мәселелеріне қайта оралсақ, онда көптілді, түрлі-түсті бокс қауымының арасында отандастарымыздың таныс бейнелерін көруін өзі ғанибет емес пе? Телевизиялық журналис, Қазақстан кәсіби боксы федерациясының президенті Ерлан Бекқожин басқарған делегация соншама маңғаз жиынның төрінде көрініп, әлем кәсіби боксының дамуына өз үлесін қосты.
Аса ауыр салмақтағы олимпиялық чемпион Владимир Кличко қазақ екендігімді білген соң, «Сәлем алейкум» деп амандасты.
Аса ауыр салмақтағы басқа олимпиялық жеңімпаз Леннокс Льюис қолтаңбасының хикаясы де қызық. Оққағарлары мен көмекшілерінің қоршауында Льюис мырза сахнадан түсіп, жиналыс залынан шапшаң кетпекші. Оңтайлы сәт тауып, чемпион шеруінің жолын бөгеп тастадым. Ұлыбританияның қара маржаны тоқтауға мәжбүр болды. Оның қолтаңбасын алдым, бірге суретке түстік. Бірақ, ең алдымен оған былай айттым: «Льюис мырза! Екі жыл бұрын, Қазақстанның бокс жетекшілерінің бірі, Бекет Махмұтовтың үйінде қонақ болдым. Осы ақсақал мекенжайының ең құрметті орнында оның Мұхаммед Әлимен бірге түскен фотосуреті және сый қолтаңбаңыз қойылған сіздің фотография тұр. Менің мәліметімді дәлелдейтін Махмұтов мырзамен бірге түсірілген фотосуретімді сізге табыстауға рұқсат етіңіз!» Әрине, бұндай сөздерімнен соң «Арыстан» (The Lion) лақап аты бар тегеурінді Леннокс біздерге біршама жылырақ қарай бастады.
2018 жылдың 4 қазанында, Киев қаласы әкімшілігінде өткен қоштасу кешкі асында да ұмытылмас кездесулер өтті. 60 килограммға дейін салмақ дәрежесіндегі Олимпиялық чемпион әрі кәсіби бокстың «Алтын баласы» Оскар де Ла Хойямен әңгімелесіп, онымен бірге суретке түстім. Әке-шешесі Мексикадан келген сезімтал АҚШ боксшысы маған былай деді: «Суретіміз дұрыс шықпас. Тағы бір рет суретке түсейік». Расында, қоштасу кешкі асынан оралған соң фотографияларымды мұқиятты түрде тексергенде, Оскар сөзінің ақиқатына көзім жетті. Өз кезегімде, мерекелік жиналыстың у-шуына қарамастан де Ла Хойя мырзаға мынадай ақпаратты жеткіздім: «Қазақстанда көптеген адамдар сізді жақсы көреді!» Мексикалық-американдық жұлдызына қарап, еріксіз ойланып қалдым: «Шіркін-ай, Нарынқол немесе Жаңатастан шыққан қарадомалақтан айнымайды ғой Осекең. Осы жымиған жігіт Оскар де Ла Хойя ме, әлде Асқар Қоянбай ма?» Оған қоса, атақты спортшылармен қатар білікті ұйымдастырушыларды тілге тиек еткеніміз артық болмас.
Ресей бокс федерациясының бұрынғы бірінші вице-президенті, Мәскеу аймағы Ногинск қаласы мен Ногинск ауданының бұрынғы әкімі Владимир Лаптев қазіргі таңда «Әлем бокс кеңесі»-нің ТМД және славян бокс бюросының президенті болып табылады. Оның кәсіби жұдырықтасуда ең басты жетістіктерінің бірі — төрт жыл бұрын ғарышкер, Мәскеу аймағы Ногинск ауданының құрметті азаматы Максим Сураев арқылы «Әлем бокс кеңесі»-нің жасыл белдігін «Халықаралық ғарыш станциясына» әкелуі. Бейнелеп айтқанда, Лаптев мырзаның арқасында WBC ғарыштық биікке шықты.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.